АЛМАТЫДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
2026 жылғы 29 мамырда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында ДСМ бастамасымен «Мемлекеттік тіл - менің тілім» және «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» конкурстары жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының 18,19-тармақтарын іске асыру мақсатында 2026 жылғы сәуір-мамыр аралығында ұйымдастырылды.
Биыл конкурсқа Астана, Алматы қалаларының, Ақмола, Алматы, Қызылорда, Жетісу, Абай, Батыс Қазақстан облыстарының медициналық мекемелері қатысты.
Конкурс жеңімпаздарына С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ арнайы сыйлықтары (статуэткалар, дипломдар, төсбелгілер, алғыс хаттар) табыс етілді.
Медициналық ұйымдардың өкілдері конкурстарды ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ басшылығына зор алғысын білдіріп, іс-шаралардың жоғары деңгейде өткізілгенін ерекше атап өтті.
«Мемлекеттік тіл - менің тілім» конкурсының жеңімпаздары
«Үздік медициналық ұйым» аталымы
1-орын - Талдықорған қалалық СЭББ
2-орын - Алматы облысы СЭББ
2-орын - Ақмола облысы СЭБД
3-орын - Алматы облысы Талғар аудандық СЭБД
3-орын - Алматы облысы Ұйғыр аудандық СЭББ
«Үздік сайт» аталымы
1-орын - Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы
2-орын - Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы
3-орын - Академик Н. Батпенов атындағы ҰҒТОО
«Даналық» аталымы
Әшім Ақмоншақ Балғабайқызы - Ұлттық балаларды оңалту орталығы
Қызылорда филиалының логопед маманы (І-дәрежелі диплом, «Даналық» төсбелгісі)
Искиндирова Айман Мансурқызы - С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушысы (ІІ-дәрежелі диплом)
Искакова Лунара Әлібекқызы - ҚазҰМУ оқытушысы (ІІ-дәрежелі диплом)
Жетенова Айгерім Санатқызы - Қонаев қалалық СЭББ маманы (ІІІ-дәрежелі диплом)
«Үздік тіл маманы» аталымы
Септенова Әлия Әсенқызы - Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы (І-дәрежелі диплом, «Үздік тіл маманы» төсбелгісі)
Дүншебаева Гүлжан Нұрбекқызы - Алматы облысы СЭБД бас маманы (ІІ-дәрежелі диплом)
Жаңабаева Әсем Әлібекқызы - Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухананың тіл маманы (ІІІ-дәрежелі диплом)
«Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» конкурсының жеңімпаздары
«Үздік ғылыми-зерттеу орталығы» - Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы
«Үздік жоғары медициналық білім беру ұйымы»:
1-орын - Семей медицина университеті
2-орын - Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
3-орын Астана медицина университеті
«Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі» - Астана қаласы СЭБД
«Үздік оңалту ұйымы» аталымы
1-орын - Ұлттық балаларды оңалту орталығы, Астана қаласы
2-орын - Алматы қаласы ҚДСБ «Алау» оңалту орталығы»
3-орын Ұлттық балаларды оңалту орталығы Қызылорда филиалы
«Үздік қан қызметі» аталымы
1-орын - Республикалық қан орталығы
2-орын - Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы
3-орын - Абай облысы Қан орталығы
«Үздік амбулаториялық-емханалық көмек көрсету ұйымы» - Алматы қаласы ҚДСБ №9 қалалық емханасы
Сондай-ақ мемлекеттік тіл саясатына көпжылғы кәсіби еңбегімен жеке үлес қосқан тіл мамандары:
Шегебаева Бақыт Оразбайқызы - «Үздік тіл оқытушысы» төсбелгісімен
Орынбасарова Бақтынұр Әділқызы - «Ахмет Байтұрсынұлы-150» төсбелгімен
Бақтиярова Меруерт Оралқызы - «Ахмет Байтұрсынұлы-150» төсбелгімен марапатталды.














