Дипфейк пен жалған брокерлер: ІІМ интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

    Дипфейк пен жалған брокерлер: ІІМ интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

    Ішкі істер министрлігі азаматтарды дипфейк технологиялары мен жалған брокерлер арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырып, күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбеуге кеңес берді.

    Соңғы уақытта Қазақстан Республикасының аумағында түрлі жобаларға инвестиция салу және ақша енгізу сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық фактілері жиілеп кетті.

    Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дипфейк (жасанды интеллект) технологияларын пайдаланып, танымал тұлғалардың бейнелерін қолдану арқылы азаматтарды түрлі инвестициялық жобалар мен қорларға қаражат салуға үгіттейді.

    Бұл ретте олар азаматтарға жылдам әрі кепілдендірілген табыс табуға уәде береді.

    Жалған брокерлермен байланысқа шыққан кезде олар мобильді қосымшаларды орнатуды, сілтемелерге өтуді немесе ақшаны "инвестиция", "аккаунтты тіркеу" не "табысты ұлғайту" деген желеумен үшінші тұлғалардың шоттарына аударуды ұсынады.

    Әдетте, ақша аударылғаннан кейін жалған брокерлермен байланыс үзіліп, уәде етілген табыс түспейді. Кейбір жағдайларда алаяқтар "салықтарды", "алымдарды" немесе "сақтандыру жарналарын" төлеу қажеттігін алға тартып, азаматтардан қосымша ақша талап етуді жалғастырады.

    Барлық анықталған факті бойынша ІІМ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау, сондай-ақ алаяқтық интернет-ресурстар мен ақша қаражатын шығаруға арналған арналарды бұғаттау жөнінде шаралар қабылдауда.

    Осыған байланысты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды қырағы болуға және мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

    • "кепілдендірілген" табыс туралы ұсыныстарға сенбеу;
    • белгісіз адамдарға және күмәнді шоттарға ақша аудармау;
    • күмәнді сілтемелерге өтпеу және тексерілмеген көздерден қосымшаларды орнатпау;
    • компаниялар туралы ақпаратты тек ресми дереккөздер мен мемлекеттік тізілімдер арқылы тексеру;
    • инвестиция салуды жоспарлаған жағдайда инвестициялық нарықты зерделеп, тексерілген компаниялардың ресми кеңселеріне ғана жүгіну.

    Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай фактілер туралы ақпаратқа ие болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша ішкі істер органдарына немесе "102" арнасына дереу хабарласуыңызды сұраймыз.

    Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда және азаматтарды интернет желісінде қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде барынша сақ болуға шақырады.

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 карашадағы № 779 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарыныңәскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалықесептілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Респуб...

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Жоба

    ІІМ-нің 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджетінің жобасы

    ІІМ-нің 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджетінің жобасы

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалардың тізімі

    Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалардың тізімі

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтарға жадынама: Қоғамдық келісімді сақтау туралы

    Өзара құрметті, бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау – әр адамның ортақ жауапкершілігі. Ақпараттық кеңістіктегі жауапты мінез-құлық, ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ жанжал жағдайларының туындауына се...

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Ақпарат

    Үкіметтің Заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу, басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өту барысы туралы ақпарат

    Үкіметтің Заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу, басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өту барысы туралы ақпарат

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Ақпарат

    ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді

    Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді. Алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Бұл...

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Ақпарат

    ІІМ алаяқтықтың кең таралған 10 түрін еске салады

    Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Қазір олар бейнежазбаларды, қоңырауларды және жасанды интеллект технологияларын жиі қолданады. ⚠️ Суретте кез келген адам тап болуы мүмкін алаяқтықтың 10 кең таралған схема...

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Үзінді

    Орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қабылдау комиссиясы отырысының 2026 жылғы 2 қыркүйектегі № 17 хаттамасынан үзінді

    Орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қабылдау комиссиясы отырысының2026 жылғы 2 қыркүйектегі№ 17 хаттамасынан үзінді

    ҚР ІІМЖарияланды: