ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

    ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді

    Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді.

    Алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Бұл ретте олар шынайы басшылардың фотосуреттері мен деректерін пайдаланады. Директордың, басшының немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қаскөйлер қызметкерлерге шұғыл түрде көрсетілген есепшотқа ақша аударуды, қызмет ақысын төлеуді, қандай да бір тауар үшін қаражат жіберуді немесе өзге де қаржылық операцияларды орындауды талап ететін хабарламалар жібереді.

    Көбіне мұндай хабарламаларды бухгалтерлер, қаржы қызметкерлері және ұйымның қаражатына қолжетімділігі бар тұлғалар алуы мүмкін.

    Егер сіз осындай хабарлама алсаңыз:

    • ақша аудармаңыз және қаржылық операцияларды орындамаңыз;
    • міндетті түрде басшымен телефон арқылы немесе жеке байланысыңыз;
    • телефон нөмірін, жіберушінің аккаунтын және хабарлама мазмұнын мұқият тексеріңіз;
    • күмән туындаған жағдайда хат алмасуды тоқтатып, болған жағдай туралы басшылыққа және жауапты қызметкерлерге хабарлаңыз.

    - Сіздің қырағылығыңыз ақшаңызды сақтауға және алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі, - деді ІІМ өкілдері.

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 карашадағы № 779 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарыныңәскери-медициналық (медициналық) бөліністерінде (ұйымдарында) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалықесептілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Респуб...

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Жоба

    ІІМ-нің 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджетінің жобасы

    ІІМ-нің 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджетінің жобасы

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалардың тізімі

    Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалардың тізімі

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Ақпарат

    Азаматтарға жадынама: Қоғамдық келісімді сақтау туралы

    Өзара құрметті, бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау – әр адамның ортақ жауапкершілігі. Ақпараттық кеңістіктегі жауапты мінез-құлық, ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ жанжал жағдайларының туындауына се...

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Ақпарат

    Үкіметтің Заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу, басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өту барысы туралы ақпарат

    Үкіметтің Заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу, басым заң жобаларын, сондай-ақ Президенттің тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Үкіметте және Парламентте өту барысы туралы ақпарат

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Ақпарат

    Дипфейк пен жалған брокерлер: ІІМ интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

    Ішкі істер министрлігі азаматтарды дипфейк технологиялары мен жалған брокерлер арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырып, күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбеуге кеңес берді. Соңғы уақытта Қазақстан Рес...

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Ақпарат

    ІІМ алаяқтықтың кең таралған 10 түрін еске салады

    Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Қазір олар бейнежазбаларды, қоңырауларды және жасанды интеллект технологияларын жиі қолданады. ⚠️ Суретте кез келген адам тап болуы мүмкін алаяқтықтың 10 кең таралған схема...

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Үзінді

    Орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қабылдау комиссиясы отырысының 2026 жылғы 2 қыркүйектегі № 17 хаттамасынан үзінді

    Орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қабылдау комиссиясы отырысының2026 жылғы 2 қыркүйектегі№ 17 хаттамасынан үзінді

    ҚР ІІМЖарияланды: