Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен бірлесіп, «Алматы ОблГаз Engineering» ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға, кадр саясатын жетілдіруге, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және кәсіпорын қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған кешенді ұсынымдар әзірленді.
Жүргізілген талдау кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарында бірқатар жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік берді.
Кадрлардың жоғары тұрақсыздығы, жумыс уақытын тіркеуге арналған кіруді бақылаудың техникалық құралдарының жоқтығы, сондай-ақ қызметкерлерді іріктеу және жұмысқа қабылдау процедураларының регламенттелмеуі анықталды. Еңбек заңнамасын бұзу фактілері, атап айтқанда, қызметкерлерді сақтандыру, еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықтар өткізу, босатылған кезде түпкілікті есеп айырысу мерзімдерін сақтау және бос орындар туралы мәліметтерді жіберу бөлігінде тіркелді. Тиімділікті бағалаудың бекітілген критерийлері (KPI) болмаған кезде тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау практикасы тәртіптік жауапкершіліктің алдын алу рөлін төмендетеді. Басшылық құрамның жеке істерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен танысқандығын растайтын құжаттардың жоқтығы анықталды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен жүргізіліп жатқан кадр және сыйақы саясаты арасында айтарлықтай теңгерімсіздік анықталды. Шығындар мен жалақының жүйелі түрде кешіктірілуі аясында бекітілген тиімділік көрсеткіштері болмаса да, айтарлықтай көлемде сыйақы төлемдері жүзеге асырылған. Сонымен қатар жұмыс уақытын есепке алу табелі мен жалақыны есептеу ведомостары арасындағы алшақтықтар анықталды.
Газ желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беру мерзімдерінің және оларды есепке алу хронологиясының бұзылуы тіркелді. Осы фактілер бойынша уәкілетті орган әкімшілік өндіріс қозғады. Кәсіпорынның ресми интернет-ресурсының болмауы әкімшілік кедергілер тәуекелін тудырады және ақпараттық ашықтық деңгейін төмендетеді.
Мемлекеттік сатып алуды жоспарлаудың тұрақсыздығы және көлемдердің айтарлықтай түзетілуі атап өтілді. Газдандыру жобаларын іске асыру кезінде жұмыс көлемінің жекелеген мердігерлік ұйымдарда шоғырлануы, сондай-ақ ұқсас объектілер құнының ауытқу тәуекелдері анықталды.
Механикаландыру және транспорт қызметінде отын талон берілуін документалды есепке алудың және көлік жүрісін тіркеудің болмауы салдарынан ЖММ мақсатсыз жұмсалу тәуекелі анықталды.
Талдау нәтижелері бойынша кәсіпорынға Бақылау және басқару жүйесін (ББЖ) енгізу, KPI негізінде жұмысқа қабылдау және сыйақы берудің ішкі ережелерін әзірлеу, техникалық шарттарға өтінімдерді есепке алуды автоматтандыру, сатып алу процедураларының ашықтығын арттыру, ресми веб-сайтты құру, сондай-ақ материалдық құндылықтарды есепке алу мен қызметтік көлікті пайдалануға ішкі бақылауды күшейтуді қамтитын ұсынымдар енгізілді.