"Атырау облысы бойынша жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының шешім жобасы

    Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабына, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 628-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Атырау облысының жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
    2. Атырау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасының м.а. Б. Каметов

    Атырау облысы маслихатының

    2026 жылғы «___»_______

    № ____ шешіміне

    қосымша

    Атырау облысының жер үсті объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

    №

    Арнаулы су пайдаланудың түрі

    Өлшем бірлігі

    Төлем мөлшерлемелері (теңге)

    1

    Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер

    1000 текше метр

    271,90

    2

    Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

    1000 текше метр

    1 197,59

    3

    Ауыл шаруашылығы

    1000 текше метр

    219,28

    4

    Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

    1000 текше метр

    22,27

    5

    Су көлігі

    1000 тонна километр

    40,48

    Ұқсас материалдар

    Декларация

    Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялау бойынша жиынтық деректер 2026 жылғы 9 ай

    12.10.2026ж. Декларация

    Жоспар

    2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы

    № Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме Халықтың нысаналы тобы Күтілетін нәтиже 1. Экологиялық ағарту және н...

    Ақпарат

    Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату

    2025 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын (бұдан әрі – ҚЭК) салу бойынша инвестициялар туралы келісімдер (бұдан әрі – ИТК) жасалды. ИТК аясында аталған қалаларда...

    Декларация

    Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялау бойынша жиынтық деректер 2026 жылғы 6 ай

    14.07.2026г. Декларация

    Ақпарат

    Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары 2026 жыл 6 ай

    Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары 2026 жыл 6 ай ППМ

    Ақпарат

    2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама паспорты

    Атырау облысы Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Ашық бюджет» порталындаhttps://budget.egov.kz/2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама паспорты жарияланғандығын хабарлайды...