Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2023 жылғы 8 қыркүйегіндегі №61/ө бұйрығына 1 қосымша
«Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы»
мемлекеттік мекемесінің
Регламенті
1 тарау. Жалпы ережелер
- Осы «Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 «Өңірлердегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес "Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау процесінде оның қызметінің ішкі тәртібін реттейді.
Тексеру комиссиясында қызметті ұйымдастыру, іс қағаздарын жүргізу Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына (бұдан әрі – Тілдер туралы Заң) сәйкес жүзеге асырылады.
Тексеру комиссиясында Тіл туралы Заң талаптарының қамтамасыз етілуін бақылауды және мониторингті құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
2 тарау. Тексеру комиссиясының қызметін жоспарлау
- Тексеру комиссиясы өз қызметін жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары негізінде жүзеге асырады.
- Тексеру комиссиясының міндеттерін, тексеру комиссиясы қызметінің бағыттарын, тексеру комиссиясы мүшелерінің және құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарын негізге ала отырып, жылдық жұмыс жоспар осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшемен жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылда қалыптастырылады.
Жоспар жобасына енгізу үшін ұсыныстар 10 қарашадан кешіктірілмей жіберіледі. Көрсетілген мерзімнен кейін немесе жобаны келісу кезеңінде келіп түскен жаңа ұсыныстарды жоспарға жоспарлау үшін жауапты құрылымдық бөлімше тексеру комиссиясы басшылығының немесе тексеру комиссиясы аппараты басшысының тапсырмасы бойынша енгізу үшін қарайды.
Келісу үшін жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жіберген жоспардың жобасына ескертулер құрылымдық бөлімше басшысының қолы қойылған жазбаша нысанда жіберіледі және толық негіздемені қамтуы тиіс.
Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жоспар жобасына енгізу туралы құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарын Тексеру комиссиясының міндеттері мен құжаттарына сәйкестігін қарайды.
Құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары (жұмыстың мазмұны мен нәтижесі, іс-шараның қажеттілігі, таңдалған шешімнің тиімділігі және жоспардың мақсаттарына, нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі бойынша) негізделген және толық анықтамалар, нақты айқындалған орындау тетіктері мен аяқталу нысандарының болуы, іс-шараны іске асыру үшін қажетті жұмыстың мазмұнын негізге ала отырып, бірлесіп орындаушылар мен жауапты орындаушылар көрсетілуі тиіс.
Іске асыру үшін қаржыландыру қажет болатын іс-шаралар бойынша құрылымдық бөлімшелер жоспар жобасына ұсыныстар жіберген кезде қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің ұстанымын қоса бере отырып, қаржыландыру қажеттілігінің негіздемесін немесе көрсетілген шығыстарға көзделген қаражаттың бар екенін растайтын құжатты жібереді.
Құрылымдық бөлімшелер өз қызметін келесі жылға стратегиялық міндеттерге сүйене отырып жоспарлайды және іс-шараларды жүзеге асыру кезінде Жоғары аудиторлық палатаның операциялық жоспарына немесе бір жылға арналған жұмыс жоспарына қосу үшін әзірленген ұсыныстарын жібереді. Бұл ретте жұмыс жоспарының ұсынылатын іс-шаралары жоспардың іс-шарасы бойынша құрылымдық бөлімшелердің ішкі жұмысын регламенттеуге сілтеме жасамай, Жоғары аудиторлық палатаның мүдделерін іске асыру үшін ережелермен айқындалған құрылымдық бөлімшелердің ағымдағы жұмысын қамтуы мүмкін.
Жобаны келісу құжат айналымы жүйесі арқылы құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның келісуі жолымен жүргізіледі.
Жоспарлы кезең ішінде жылдық жұмыс жоспарын, жекелеген түйінді көрсеткіштерді орындау үшін шарттардың өзгерістерін және Тексеру комиссиясына жүктелген жаңа міндеттерді, функцияларды ескере отырып, оған жауапты құрылымдық бөлімшелердің бастамасы бойынша Тексеру комиссиясы Төрағасының немесе аппарат басшысының қарарына сәйкес өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Жылдық жоспардың жобасы жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін Тексеру комиссиясы Төрағасына бекітуге енгізіледі.
- Жылдық жұмыс жоспарының бір тармағына аяқталу нысаны бірдей біртекті іс-шараларды енгізуге жол беріледі.
Жылдық жұмыс жоспарындағы іс-шаралардың аяқталу мерзімдері орындалу мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) қабылданған халықаралық міндеттемелерде белгіленген іс-шараларды қоспағанда, орындалу күнін нақтылаусыз тоқсандарда, айларда көрсетіледі.
- Жауапты орындаушыларды көрсеткен кезде оларға жүктелген функционалдық міндеттері ескеріледі.
Жоғары аудиторлық палатаның бірнеше құрылымдық бөлімшесін бірлесіп орындаушылар ретінде бекітуге жол беріледі. Бұл ретте бірінші болып көрсетілген құрылымдық бөлімше жылдық жұмыс жоспарының тармағының орындалуы бойынша жинақтауды жүзеге асырады және оның орындалуы жөнінде ақпарат (есеп) ұсынады.
Егер іс-шараны іске асыруда қосалқы рөлді орындайтын құрылымдық бөлімше іс-шараның орындалуына әсер етпесе, онда оны бірлесіп орындаушы ретінде көрсету талап етілмейді.
Жоспарға іс-шара қосуға бастамашы болған бөлімше іс-шараны жобаға енгізгенге дейін (бастамалық ұсынысты жібергенге дейін) олардың ұсынылып отырған іс-шарадағы рөлін бірлесіп орындаушылармен пысықтайды, қажет болған жағдайда Тексеру комиссиясы мүшесінің келісуін қамтамасыз етеді.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жоспарланатын кезең басталар алдындағы айдың 1-күніне дейінгі мерзімде жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Тексеру комиссиясының тоқсандық жұмыс жоспарын қалыптастырады және оны жоспарланатын кезең басталар алдындағы айдың 27-күнінен кешіктірмей Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітеді.
- Жылдық жұмыс жоспарының іс-шаралар кезеңдері мен мерзімдерін, атауларын (тақырыптарын), аяқталу нысандарын нақтылау және регламенттеу аппарат басшысы бекітетін Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларында көрсетіледі.
- Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарлары Тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарына сәйкес қалыптастырылады.
Жинақтаушы болып табылмайтын бірлесіп орындаушылар үшін іс-шараларды іске асыру мерзімдері негізгі орындаушының мерзімдері ескеріле отырып, бірақ негізгі орындаушы үшін орындау мерзімінің алдындағы күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей айқындалады.
Бірлесіп орындауды көздейтін іс-шаралар негізгі орындаушылармен келісіледі.
- Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларында сипатталуы олардың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік бермейтін іс-шараларды, түйінді көрсеткіштерді көрсетуге жол берілмейді.
Орындаудың шекті мерзімі ретінде келесі тоқсандағы айдың онкүндігі және/немесе айы көрсетіле отырып, келесі тоқсанға ауысатын орындау мерзімдері бар іс-шараларды көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте орындалу мерзімдерінде осы іс-шараның ауыспалы екені көрсетіледі.
Орындалу күнін нақтылаусыз айды көрсеткен жағдайда, орындалу күні болып тиісті айдың соңғы жұмыс күні есептеледі.
- Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшесінің тоқсандық жұмыс жоспарында көзделген іс-шаралардың жауапты орындаушысы болып тиісті құрылымдық бөлімшенің дербестендірілген жұмыскері белгіленеді.
- Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшесінің тоқсандық жұмыс жоспарларына оның басшысы қол қояды, жоспарланатын кезеңнің алдындағы айдың 30-күнінен кешіктірілмей Тексеру комиссиясының аппарат басшысына енгізіледі және бекітіледі.
- Тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларының, құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларының электрондық нұсқаларын жауапты орындаушы оларды одан әрі тіркеу және құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің бақылауына қою үшін Documentolog АЖ жүйесінің тиісті қосымша бетінде құрады.
Жоспарлар тармақтарының (іс-шараларының) орындалу барысы мен қорытындылары туралы ақпарат та (қызметтік жазбалар, есептер, деректер) Documentolog АЖ жүйесінде қалыптастырылады.
- Құрылымдық бөлімшелер жұмыс жоспарының орындалуы жөніндегі есептерді осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды бекіту үшін жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшеге тоқсандық жұмыс жоспарларының орындалуы жөнінде тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін ұсынады.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін Тексеру комиссиясының тоқсандық жұмыс жоспарының орындалуы туралы есепті қалыптастырып, тоқсан қорытындысы бойынша іс-шаралардың уақтылы және толық орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Тексеру комиссиясының аппарат басшысына ұсынады.
- Тексеру комиссиясының жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімді жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшемен, Тексеру комиссиясының осы бағытқа жетекшілік ететін мүшесімен және Тексеру комиссиясының аппарат басшысымен келісу бойынша тиісті іс-шараның жауапты орындаушысы болып табылатын құрылымдық бөлімшенің басшысы ұсынған қызметтік жазбаның негізінде Тексеру комиссиясының Төрағасы қабылдайды.
Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді Тексеру комиссиясының аппарат басшысы жүзеге асырады.
Егер мұндай түзетулер Тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларына сәйкес келмесе, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
- Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің тоқсандық жұмыс жоспарларының уақтылы орындалуын, өзектендірілуін бақылауды олардың басшылары жүзеге асырады.
3-тарау. Тексеру комиссиясымен сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу тәртібі
1-параграф. Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін
қалыптастыру, келісу және бекіту
- Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – МАҚБ қағидалары) айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
- Бірыңғай дерекқор негізінде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдерін бағалауды және қосымша көздерден алынған деректерді ескере отырып, Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасын (бұдан әрі – Тізбенің жобасы) қалыптастырып, жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей Тексеру комиссиясы мүшелеріне жібереді.
- Тексеру комиссиясының мүшелері жоспарлауға және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, мемлекеттік аудиттің таңдалған объектілері және мемлекеттік аудитпен қамтылатын бюджет қаражаты мен активтерінің болжамды көлемдері, аудиторлық іс-шаралардың атаулары, мемлекеттік аудиттің түрлері мен тексеру түрлері, аудиторлық іс-шараның әрбір кезеңін өткізу мерзімдері тұрғысынан Тізбенің жобасын, сондай-ақ мемлекеттік аудиттің мемлекеттік аудиторлардың саны, ассистенттер мен сарапшыларды тарту қажеттілігін қарастырады.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше аудиторлық іс-шараны өткізу мерзімінің нормативін есептеуді жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеуді жүргізу мерзімі аудиторлық іс-шараны өткізу мерзімінің кемінде үштен бірін құрайды.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 25 қазанына дейінгі мерзімде Жоғары аудиторлық палатасынан келіп түскен Тізбенің алдын ала жобасы негізінде, осы Регламенттің 19 тармағында көрсетілген тұлғалармен келісілген Тізбенің алдын ала жобасын әзірлейді және жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 10 қарашасына дейін Жоғары аудиторлық палата және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асыратын бірлескен, қатарлас тексерулер жүргізу мәселелерін оларды мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінің жобасына енгізу үшін келіседі.
Тізбенің алдын ала жобасын қарау кезінде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше басшысының баяндамасы тыңдалады.
- Тексеру комиссиясы жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 5 желтоқсанына дейін мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің алдын ала жобасын МАҚБ қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жоғары аудиторлық палатаға және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен Тексеру комиссиясының аудит объектілері тізбесінің жобасы жоспарланғанның алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін хаттама жасала отырып келісіледі.
- Тізбенің келісілген жобасы жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін Тексеру комиссиясының отырысында қаралады және мақұлданады.
- Ескертулер туындаған жағдайда, Тізбенің жобасы отырыс өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталады. Тексеру комиссиясының мүшелерімен қайта келісілгеннен кейін Тізбенің жобасы Тексеру комиссиясының Төрағасына бекітуге енгізіледі.
2-параграф. Тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу, Тізбені мүдделі органдарға жіберу және оны орналастыру
- Тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы бұйрық және (немесе) оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы бұйрық тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше оларды Documentolog ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Documentolog АЖ/БҚА) арқылы және (немесе) пошта арқылы жазбаша түрде Жоғары аудиторлық палатасына, Уәкілетті органның аумақтық департаментіне, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше бекітілген және өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.
- Аудиторлық іс-шаралардың қайталануын болдырмау мақсатында жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палатасының және Уәкілетті органның аумақтық департаментінің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелеріндегі өзгерістерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
- Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, аудиторлық іс-шаралардың аяқталуын ескере отырып, отырыстар өткізудің жылдық жоспарын қалыптастырады.
Отырыстарды өткізудің жылдық жоспары Тексеру комиссиясының мүшелерімен келісуді ескере отырып, Тексеру комиссиясы Төрағасының бекітуіне енгізіледі.
- Жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше есепті кезеңнің қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасына Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің іске асырылуы туралы ақпарат береді.
- Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне Заңның 18-бабының 2-тармағына және МАҚБ қағидаларына сәйкес өзгерістер енгізіледі.
- Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер жоспарлауға және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелер басшыларының, сондай-ақ Тексеру комиссиясының аппараты басшысының келісімімен мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының ұсынысы бойынша Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қызметтік жазбасы негізінде МАҚБ қағидаларына сәйкес жасалған, сондай-ақ құжаттарға (материалдарға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізділігін растайтын аудиторлық іс-шараны өткізуге арналған өтінімді қоса бере отырып енгізіледі.
3-параграф. Жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау және оны жүргізу
3.1. Мемлекеттік аудит тобын қалыптастыру
- Мемлекеттік аудит тобын қалыптастыруды мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының қызметтік жазбасы негізінде Тексеру комиссиясының аппарат басшысы жүзеге асырады.
- Мемлекеттік аудит тобының құрамы мемлекеттік аудит тобының жетекшісін, мемлекеттік аудиторларды және (немесе) мемлекеттік аудитор(лар)дың ассистентін(терін) (бұдан әрі – ассистент), сондай-ақ тартылған жағдайда, мемлекеттік органдардың мамандарын, сарапшыларды, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдарды (бұдан әрі – сарапшы) қамтиды.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы аудиторлық іс-шараның барлық кезеңінде құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асыратын жұмыскерді мемлекеттік аудит тобына бекітеді және мемлекеттік аудит тобы басшысының, мемлекеттік аудиторлардың жазбаша (электрондық пошта арқылы) сауалдарына, жүргізіліп жатқан мемлекеттік аудит мәселелер бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған кезде заңнаманы қолдану жөнінде жазбаша консультациялар береді. Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жұмыскерлерінің жазбаша консультациялары қойылған мәселелер шеңберінде және ұсынылған құжаттар көлемі шегінде ғана көрсетіледі.
- Аудиторлық іс-шараға құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскері тікелей қатысқан жағдайда, ол аудит барысында құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Құқықтық сүйемелдеуді жүргізу үшін құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жұмыскерлерінің қатысуы (шығуы) құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының ұсынысы бойынша Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған Тексеру комиссиясының Төрағасының атына қызметтік жазба негізінде жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік аудиторлар аудит жүргізу процесінде мемлекеттік аудит тобының жетекшісін аудиторлық іс-шара шеңберінде жүргізілген жұмыс туралы хабардар етеді.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудиторлардың жұмысын үйлестіреді, аудиторлық іс-шара процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешеді.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесін және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысын мемлекеттік аудиторлардың, аудиторлық іс-шараға қатысқан сарапшылардың қызметтік міндеттерін орындамау жағдайлары және мемлекеттік аудитті өткізу барысында мемлекеттік қызметшілердің атқарушылық, еңбек тәртібін бұзу, қызметтік әдепті сақтамау фактілері туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
- Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі және мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы шаралар қабылдау үшін көрсетілген фактілер туралы Тексеру комиссиясының Төрағасына жазбаша түрде хабарлайды.
3.2. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу
- Мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін алдын ала зерделеуді мемлекеттік аудит тобы Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген мерзімдерде және МАҚБ қағидаларында айқындалған тәртіппен жүргізеді.
- Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу қорытындылары бойынша Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне Тексеру комиссиясыТөрағасының атына аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясы мүшесінің мемлекеттік аудит жүргізуге, жоспарлауға және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісілген қызметтік жазбасын енгізе отырып, МАҚБ қағидаларында көзделген негіздер бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
- Осы Регламенттің 41-тармағында көзделген қызметтік жазбаны қарау қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасы Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.
3.3-параграф. Аудит бағдарламасын және Тапсырмаларды жасау
- Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану (танымау) ескеріле отырып, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеудің негізінде мемлекеттік аудит тобы МАҚБ қағидаларына сәйкес Аудит бағдарламасын жасайды
- Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес МАҚБ қағидаларына сай жасалған Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырманың болуы аудиторлық іс-шара жүргізу үшін негіз болып табылады. Әрбір мемлекеттік аудит объектісіне жеке Тапсырма ресімделеді.
- Аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырма және Үстеме (бірлескен, қатар) тексеруді жүргізуге тапсырма МАҚБ қағидаларына сәйкес жасалады.
- Сапа бақылауын жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудит объектісіне шыққанға дейін сегіз жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының қолы қойылған:
- мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары бойынша сараптамалық қорытындыны және тану жүргізілген материалдарды (тану рәсімі жүргізілген жағдайда) тіркей отырып, мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеудің нәтижелері туралы ақпаратты;
- Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, қызметтік жазбаның жобасын;
- Аудит бағдарламасының жобасын;
- Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13647 болып тіркелген) Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес жасалған аудиторлық іс-шараның жобалық матрицасын сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге ұсынады.
- Аудит бағдарламасы және Тапсырмалар, Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды Ревком ИАЖ-да, Documentolog АЖ –да қалыптастырылады.
- Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Аудит бағдарламасының жобасы бойынша үш жұмыс күні ішінде Заңның 24-бабына сәйкес Есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) 750. Сапа бақылауын жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында (бұдан әрі – 750. Рәсімдік стандарт), сондай-ақ оны қолдану жөніндегі әдіснамалық нұсқаулықта белгіленген тәртіппен сапа бақылауы жүргізеді.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңіне дейін кемінде төрт жұмыс күні бұрын Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне мемлекеттік аудитті жүргізуге, сапа бақылауына және әдіснамалық сүйемелдеуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен алдын ала келісілген алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ аудит бағдарламасының жобасын енгізеді.
Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің ескертулері мен ұсыныстарын мемлекеттік аудит тобы жұмыс тәртібімен пысықтайды.
- Аудиторлық іс-шараға (негізгі кезең) шыққанға дейін:
- мемлекеттік аудит тобының қатысушылары мемлекеттік аудит объектілері бойынша жасап, оған мемлекеттік аудиторлар, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған, сондай-ақ жоспарлауға, сапа бақылауы мен әдіснамалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Тексеру комиссиясының аппарат басшысы келіскен Аудит бағдарламасы үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Тексеру комиссиясының мүшесіне бекітуге енгізіледі. Көрсетілген рәсім осы аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі аудит объектісіне шыққан кезде де қолданылады;
- Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудит тобының қатысушылары жасап, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудит жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған Тапсырмаларға екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
- Ресурстарды ұтымды пайдалану үшін мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудит объектісінде болу мерзімі Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңі мерзімінің 70%-нан аспайтын мерзімде болуы керек.
- Кадр қызметі Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қойылған тапсырмасы негізінде жұмыскерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды Тексеру комиссиясының Төрағасына екі күн ішінде қол қоюға енгізеді. Іссапар мерзімі Регламенттің 51-тармағын ескере отырып белгіленеді.
- Осы Регламенттің 50-тармағында көрсетілген құжаттарға қол қойылғаннан кейін Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі Аудит бағдарламаларын және Тапсырмаларды бір тіркеу нөмірімен тіркейді.
- Тіркеу нөмірлері күнтізбелік жылдың басынан бастап мынадай мәндері көрсетіле отырып беріледі:
N-Б – Аудит бағдарламасы;
N-П-Т – Аудиторлық іс-шараны, үстеме, бірлескен және қатар тексерулерді жүргізуге тапсырма, мұнда N – Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес аудиторлық іс-шараның реттік нөмірі, П – тапсырманың реттік нөмірі;
N-ҚТ – аудиторлық іс-шараны қайта тексеруге тапсырма.
Бір аудиторлық іс-шараның шеңберіндегі екінші және кейінгі Тапсырмаларды тіркеу көрсетілген мәнге дефис қою арқылы реттік нөмір бере отырып (-1Т, -2-Т және т.б.), сол реттік нөмірмен (N) жүзеге асырылады.
- Үстеме тексеру жүргізуге берілген тапсырмаға негізгі мемлекеттік аудит объектісіндегі Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырманың нөміріне бөлшек қою арқылы реттік нөмір беріледі (N-1/1-Т, N-2/1-Т және тағы сол сияқты).
Егер үстеме тексеру жүргізу объектісі мемлекеттік аудитті жүргізу барысында айқындалса, онда тапсырманы тіркеу үстеме тексеру жүргізу объектісіне шыққанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.
- Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен (немесе оны алмастыратын адаммен) бірлесіп аудиторлық іс-шараға (негізгі кезең) шыққанға дейін мемлекеттік аудит тобының қатысушыларына техникалық оқу (нұсқамалық) өткізеді.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 18-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бұйрығымен бірлесіп бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12575 болып тіркелген) Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында техникалық оқу (нұсқамалық) өткізуге Тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі тартылады.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының келісімі бойынша МАҚБ қағидаларына сәйкес аудиторлық іс-шара жүргізу туралы хабарламаны дайындайды және Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қол қоюымен тікелей мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит жүргізудің (үстеме тексеруді қоспағанда) негізгі кезеңі басталғанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік аудит объектісіне жібереді.
4-параграф. Жеке мемлекеттік аудит жүргізу
4.1. Аудиторлық іс-шараны жүргізудің ұйымдастырушылық негіздері
- Мемлекеттік аудит объектісінің басшысына немесе келісімімен аудиторлық іс-шара жүзеге асырылып жатқан лауазымды адамға Тапсырма көрсетілген күннен бастап екінші күннен кешіктірілмей, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі немесе мемлекеттік аудитор қол қойған Мемлекеттік аудит объектісі басшысының (келісімімен аудиторлық іс-шара жүзеге асырылып жатқан лауазымды адамның) міндеттерін атқару жөніндегі талап беріледі.
Талаптарды жасау МАҚБ қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Регламенттің осы тармағында көзделген Талапқа бөлшек арқылы тапсырманың нөмірі беріледі және көрсетілген Талаптың табыс етілген күні көрсетіледі.
- Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит объектісіне кіргізуден бас тартқан жағдайда және (немесе) аудиторлық іс-шараны жүргізуге кедергі келтірген кезде мемлекеттік аудитор екінші күннен кешіктірмей МАҚБ қағидаларына сәйкес мемлекеттік аудит объектісіне кіргізуден бас тарту фактісі бойынша акті және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы тиісті хаттама құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеде тіркеледі.
- Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында Аудит бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мемлекеттік аудит тобының жетекшісі өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негіздемелерін көрсете отырып дайындаған, жоспарлауға, құқықтық қамтамасыз етуге және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ Тексеру комиссиясының аппарат басшысы бұрыштама қойған Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің атына жазылған қызметтік жазбаның негізінде Documentolog АЖ-да тіркеле отырып, МАҚБ қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады
- Аудиторлық іс-шараны жүргізу процесінде мемлекеттік аудиторлар күн сайын мемлекеттік аудит тобының жетекшісін атқарылған жұмыс туралы хабардар етеді. Құпия сипатқа ие және (немесе) таратылуы шектеулі ақпараты бар іс-шараларды қоспағанда, аудиторлық іс-шаралар шеңберінде, мемлекеттік аудиторлар объектіде аудиторлық іс-шараны жүргізудің екінші аптасынан бастап, апта сайын соңғы жұмыс күні қорғалған байланыс арналары арқылы немесе қағаз жеткізгіште есепті күнге жасалған аудиторлық есептің, аудиторлық іс-шараның барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестесінің (болған жағдайда) және анықталған бұзушылықтар тізілімінің жобаларын жіберіп отырады.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі аудиторлық іс-шара мәселелерінің толық қамтылуына мониторинг жүргізеді, аудиторлық іс-шараның жекелеген бағыттарын түзетеді және апта сайын аптаның соңғы жұмыс күні сағат 15-00-ге дейін қорғалған байланыс арналары арқылы (соның ішінде жеке есепке алу жазбасы бойынша Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы) Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты бөлімшенің басшысына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскеріне есепті күнге жасалған аудиторлық есептердің, аудиторлық іс-шараның барысында анықталған жүйелік кемшіліктер кестесінің (болған жағдайда) және анықталған бұзушылықтар тізілімдерінің жобаларын ұсынады.
- Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің бекітілген жұмыскері құзыреті шегінде аудиторлық есептердің жобаларын қарап, оларға ұсыныстар, ұсынымдар (болған кезде) береді.
Осы ұсыныстар мен ұсынымдар бойынша мемлекеттік аудиторлар келесі апталық есепті күнге қабылданған ұсыныстар мен ұсынымдар туралы ақпарат не бас тартудың дәлелді негіздемелерін ұсынады.
- Құпия сипатқа ие және (немесе) таратылуы шектеулі ақпараты бар аудиторлық іс-шаралар бойынша аудиторлық есептердің жобалары Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жіберіледі.
Режимдік мекемелерде аудиторлық іс-шараларды жүргізумен байланысты құпия материалдарды зерделеу және талдау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
4.2. Аудиторлық есептердің жобаларын (Аудиторлық есептерді) дайындау және олар бойынша сапа бақылауы, соның ішінде заң сараптамасы рәсімдерін жүргізу
- Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит жүргізілген объектілердің әрқайсысына МАҚБ қағидаларына сәйкес аудиторлық есептердің жобалары (Анықталған бұзушылықтар тізілімдері, оларға қоса берілген Анықталған жүйелік кемшіліктер кестелері (бұдан әрі – Тізілім, Кесте) жасалады.
- Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі (мемлекеттік аудитор) объектіде аудиторлық іс-шара аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік аудиторлар қол қойған аудиторлық есептің жобасын, Тізілімдерді, кестелерді және қосымшаларды (болған жағдайда) мынадай қолайлы тәсілдердің бірі арқылы:
- мемлекеттік аудитордың өзі қолма-қол;
- сканерден өткізілгендерін – қорғалған байланыс арналары бойынша;
- Аудиторлық есеп жобасының тұпнұсқасын (құпияны қоспағанда) фельдъегерлік байланыс не хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
- құпия сипаты бар аудиторлық іс-шаралар бойынша, – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Тексеру комиссиясына жібереді.
- Сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелер МАҚБ қағидаларына және 750. Рәсімдік стандартқа, сондай-ақ оны қолдану жөніндегі әдіснамалық нұсқаулыққа сәйкес осы Регламенттің 67-тармағында көрсетілген құжаттарға сапа бақылауы және заң сараптамасы рәсімін жүргізеді.
- Егер Аудиторлық есептің жобасында (Аудиторлық есепте):
- бұзушылықтардың елу тармағына дейін қамтылса, заң сараптамасы ол Тексеру комиссиясының кеңсесінде тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі;
- бұзушылықтардың елу және одан да көп тармағы қамтылса, заң сараптамасы ол Тексеру комиссиясының кеңсесінде тіркелген күннен бастап алты жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Егер аудиторлық есептің жобасы, қарсы тексерудің аудиторлық есебі сағат 16.00-ден кейін тіркелген жағдайда, сапаны бақылау және заң сараптамасын жүргізу мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
- Егер заң қорытындысын (сараптамалық қорытындыны) дайындау кезінде аудиторлық іс-шара материалдарына мемлекеттік аудиторлар тіркелген Аудиторлық есепке қоса берілмеген құжаттарды ұсынса, олар мұндай құжаттарды мемлекеттік аудит материалдарына, соның ішінде оның электрондық нұсқасына қоса тіркейді.
Құжаттарды қоса тіркеу мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты мүшесін хабардар ете отырып, құжат айналымына, құқықтық қамтамасыз етуге, сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшеге аудиторлық іс-шараның қорытындыларын дайындау процесі аяқталғаннан кешіктірмей қоса тіркеуге жататын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін қоса бере отырып, БҚА арқылы қызметтік жазба жіберуі арқылы жүзеге асырылады.
- Аудиторлық есептің, оған қоса берілген Жүйелік кемшіліктер кестесі мен Тізілімнің жобасына заң қорытындысын қарауды мемлекеттік аудит тобы оны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Заң қорытындысын қарау кезінде Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты мүшесінің (болған жағдайда) және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының ескертулері мен ұсыныстары ескеріледі. Ескертулер мен ұсыныстар қабылданбаған жағдайда, мемлекеттік аудит тобы дәлелді жауап береді.
Аудиторлық есептің, оған қоса берілген Жүйелік кемшіліктер кестесі мен Тізілімнің жобасына заң қорытындысын қарау кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, даулы мәселелер 750. Рәсімдік стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық нұсқаулықта айқындалған тәртіппен келісу комиссиясының қарауына шығарылады.
Сараптаманы қарау нәтижелері бойынша Аудиторлық есепке аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудитор екі данада қол қояды. Мемлекеттік аудиторлар Аудиторлық есептің екінші парағынан бастап барлық бетіне күнін көрсете отырып қол қояды.
Аудиторлық есептің бір данасы Тексеру комиссиясының кеңсесінде қалады.
Аудиторлық есептің екінші данасы аудиторлық іс-шара шеңберінде соңғы аудит объектісінде аудиторлық іс-шара аяқталғаннан кейін он жұмыс күні мерзімі ішінде аудит объектісіне жіберіледі. Аудиторлық есеп осы Регламенттің 67-тармағында көрсетілген қолайлы тәсілдердің бірі арқылы жіберіледі.
- Мемлекеттік аудит объектісінің Тексеру комиссиясына келіп түскен Аудиторлық есепке қарсылықтарын Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудиторлармен, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен, мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға тартылған сарапшылармен бірге құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жұмыскерлерінің келісімі бойынша Аудиторлық қорытындыны дайындау кезеңінде қарайды.
Егер мемлекеттік аудит объектісінің Аудиторлық есепке қарсылықтары:
- бұзушылықтардың елу тармағына дейін қамтылса, қарсылықтың әрбір тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдерді көрсете отырып, мемлекеттік аудит объектісіне уәжді жауап Тексеру комиссиясының кеңсесінде қарсылықтар тіркелген күннен кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі;
- бұзушылықтардың елу және одан да көп тармағы қамтылса, қарсылықтың әрбір тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдерді көрсете отырып, мемлекеттік аудит объектісіне уәжді жауап Тексеру комиссиясының кеңсесінде қарсылықтар тіркелген күннен кейін алты жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.
Мемлекеттік аудит объектісінің Аудиторлық есепке ұсынған түсіндірмелері оларға жауап дайындалмастан назарға алынады.
- Тексеру комиссиясына келіп түскен Аудиторлық есепке қарсылықтар және оларға уәжді жауаптар Тексеру комиссиясының отырысынан кейін міндетті түрде аудиторлық іс-шара материалдарына және олардың Ревком ИАЖ-дағы және (немесе) Documentolog АЖ-дағы электрондық нұсқаларына қоса тіркеледі.
- Іссапар аяқталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей аудиторлық іс-шараның қалған материалдарымен жасақталғанға дейін жинақтау папкасында қалыптастырылатын құжаттардың атауы мен парақ саны тізімдемеде көрсетіле отырып, алдын ала зерделеу нәтижелері туралы материалдардың, Өтінімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы қызметтік жазбалардың, Аудит бағдарламасының, Тапсырмалардың, алдын ала зерделеуді жүргізу туралы хабарламалардың, аудиторлық іс-шараны өткізу туралы хабарламалардың, құжаттарды ұсыну туралы талаптардың, түпнұсқалары, Аудиторлық есептің, Жүйелік кемшіліктер кестесінің, Тізілімнің және Аудиторлық есептің жобасына қосымшалардың жобалары құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге тапсырылады.
Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше Аудиторлық есептердің, Жүйелік кемшіліктер кестесінің, Тізілімнің және Аудиторлық есепке қосымшалардың түпнұсқалары, Тексеру комиссиясына түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды сканерлейді, Documentolog АЖ-да тіркейді және Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне, мемлекеттік аудитті жүргізуге, сапа бақылауына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге береді.
Аудиторлық іс-шара шеңберінде қалыптастырылған құжаттар сканерленген нұсқалары қоса тіркеліп, Ревком ИАЖ-да орналастырылады.
4.3. Аудиторлық қорытындылардың жобаларын дайындау және олар бойынша сапа бақылауын, соның ішінде заң сараптамасы рәсімдерін жүргізу
- Аудиторлық есептердің негізінде мемлекеттік аудит тобы Аудиторлық қорытындының, Анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімінің (бұдан әрі – Жиынтық тізілім), Анықталған жүйелік кемшіліктердің жиынтық кестесінің (бұдан әрі – Жиынтық кесте) жобаларын, сондай-ақ Қаулылар мен Нұсқамаларды қалыптастырып, МАҚБ қағидаларына сәйкес сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерге жібереді.
- Сапа бақылауын жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелер оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МАҚБ қағидаларына, 750 Рәсімдік стандартқа және оны қолдану жөніндегі әдіснамалық нұсқаулыққа сәйкес сапа бақылауы және заң сараптамасы рәсімін жүзеге асырады.
- Мемлекеттік аудит тобы Аудиторлық қорытындының, Жиынтық кестенің, Жиынтық тізілімнің, Қаулылар мен Нұсқамалардың жобалары бойынша сапа бақылауы мен заң сараптамасының нәтижелері бойынша сараптамалық және заң қорытындыларын алған кезінен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.
- Аудиторлық қорытындының жобасына аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудиторлар, аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы, сапа бақылауына және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қояды.
Құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда, Аудиторлық қорытындының жобасына құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысы қол қойып, оның жазбаша ұстанымы қоса беріледі.
Жиынтық кестенің жобасына аудиторлық іс-шараны жүргізген барлық жұмыскер қол қояды және оған мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы бұрыштама қояды.
Жиынтық тізілімнің жобасына аудиторлық іс-шараны жүргізген барлық жұмыскер қол қояды, мемлекеттік аудитті жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қояды.
Мемлекеттік аудитті жүргізуге, сапа бақылауына, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары нұсқаманың жобасын келіседі және Аудиторлық қорытынды бекітілген соң, оған Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қояды.
Аудиторлық қорытындының жобасы (мемлекеттік аудит объектілерінің қаралған қарсылықтарын ескере отырып) негізгі мемлекеттік аудит объектісі өкілінің баяндамасы (сөйлейтін сөзі) тезистерінің жобаларымен бірге Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін төрт жұмыс күні бұрын Тексеру комиссиясының Төрағасына ілеспе хатпен ұсынылады.
- Тексеру комиссиясының отырысында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары қаралады. Аудиторлық қорытынды, нұсқама Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің және мемлекеттік аудит объектілері өкілдерінің ақпаратын тыңдаудың қорытындысы бойынша қабылданады.
Тексеру комиссиясының отырысында Аудиторлық қорытындының жобасына құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша келіспеушіліктер болған кезде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының ақпараты тыңдалады.
5-параграф. Қаржылық бақылау
5.1. Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау
- Заңның 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал ететін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін Нұсқама дайындайды. Нұсқама аудит жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге, сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелермен келісіліп, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылып, мемлекеттік аудит объектісінің басшысына жіберіледі.
- Тексеру комиссиясының Нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының жауаптылығы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК) көзделген.
- Егер мемлекеттік аудит объектісінің басшысы Мемлекеттік аудит объектісі басшысының міндеттерін атқару жөніндегі талапта көрсетілген және (немесе) құжаттарды ұсыну мерзімдері аяқталғанымен, Заңның 21-бабында көзделген міндеттерін орындамаса, мемлекеттік аудитор анықталған күні, ал әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайларын және жеке тұлғаның жеке басын қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ӘҚтК-нің 462-бабының негізінде ӘҚтК-нің 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, оның жобасы ӘҚтК-де белгіленген мерзімдер шегінде оны ұсынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісіледі.
- Хаттаманың жобасы ӘҚтК-де белгіленген мерзімдер шегінде ұсынылған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен (заңгер) келісіледі.
- Хаттамаға мынадай құжаттар:
- құқық бұзушының жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі);
- функционалдық және лауазымдық міндеттеріне сүйене отырып, адамдардың жазбаша түсініктемелері (не түсініктеме беруден бас тарту туралы акті);
- анықталған құқық бұзушылықтың белгілерін растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе лауазымды адамдардың қолымен, ұйымның мөрімен немесе мөртабанымен расталған төлнұсқаларының көшірмелері:
соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтың түріне қарай:
жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың, бақылау өлшемдерінің (тексеріп қараулардың) және тағы басқаларының) актілері;
сараптаманың және мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдардың қорытындылары (жүргізілген жағдайда);
операция немесе әрекет фактісін қамтитын құжаттар немесе олардың көшірмелері, соның ішінде шешімдер;
орындалған жұмыс актілері (тауарларды қабылдау-тапсыру, қызметтерді көрсету, есептен шығару, жою актілері);
мемлекеттік сатып алу туралы бұйрықтар, хаттамалар және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың шешімдері;
шарттар;
ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар:
төлем тапсырмалары (төлеуге арналған шоттар, түбіртектер, чектер);
- ведомостер, ордерлер, нарядтар;лауазымды адамдардың өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері:
жарғылар, ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар;
анықталған бұзушылықтарға қатысы бар лауазымды адамдарды тағайындау (жұмыстан босату) туралы бұйрықтар;
- мемлекетке, мемлекеттің қатысуымен құрылған заңды тұлғалардың мүдделеріне келтірілген залалдың сомасын растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері:
анықтамалар, кестелер, диаграммалар;
есептеулер;
бұзушылық фактілерін көрсететін және аудиторлық есептің ажырамас бөлігі болып табылатын фотоматериалдар қоса беріледі.
- Бұл құжаттар тізбесі толық болып табылмайды.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын хаттама жасалған кезден бастап үш тәуліктің ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан сотқа жібереді.
5.2. Материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру
- Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келіскеннен кейін, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалатын бұзушылық фактілері бойынша материалдарды аудиторлық есеп мемлекеттік аудит объектісіне жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органдарға жіберуді жүзеге асырады.
Әрбір әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар тиісті уәкілетті органдарға жеке-жеке ілеспе хатпен жіберіледі.
- Тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды беру Заңның 5-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында, осы Регламенттің 111-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
5.3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, соның ішінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз ету және нұсқамаларды орындау мақсатында сотқа талап қоюды беру
- Тексеру комиссиясының сотқа талап қоюды беруді нұсқамаларының, соның ішінде бюджетке өтеудің, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген) анықталған бұзушылықтар сомаларын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірудің қажеттігін қамтитын нұсқамаларының тапсырмалық тармақтары көрсетілген мерзімдерде орындалмаған және орындау мерзімдерін ұзарту туралы шешім болмаған кезде жүзеге асырады.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше нұсқамалардың тапсырмалық тармақтары орындалуы тиіс күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде орындалмаған жағдайда, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесімен, сондай-ақ құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен алдын ала келісім бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасының атына сотқа талап қоюға бастамашылық жасау туралы қызметтік жазбаның жобасын дайындайды.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше он жұмыс күні ішінде растайтын құжаттар болған кезде сотқа талап қоюдың орындылығы тұрғысынан қызметтік жазбаның жобасын қарайды.
Сотқа талап қою негізділігі болған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметтік жазбасын келіседі, ал бас тартқан жағдайда, тиісті қорытынды жібереді.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісім бойынша Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған, сотқа талап қоюға бастамашылық жасалғаны туралы қызметтік жазба жасайды және тиісті шаралар қабылдау үшін Тексеру комиссиясының Төрағасына жібереді.
- Сотқа талап қоюды беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшемен және мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес құжаттар дайындайды.
4-тарау. Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың, Нұсқамалардың орындалуын мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асыру
4.1. Тексеру комиссиясының Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдарды, Нұсқамаларын бақылауға қою және олардың орындалуын мониторингілеу
- Құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясының Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдарды, Нұсқамаларының тармақтарын қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде бақылауға қоюды жүзеге асырады, апта сайынғы ақпаратты МОИП-қа және (немесе) АЖ-ға жіберу арқылы олардың орындалу мерзімі туралы ескертеді.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жартыжылдықта бір рет құқық қорғау органдарына жіберілген аудиторлық іс-шаралар материалдарын қараудың нәтижелеріне мониторинг жүргізеді.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше және (немесе) құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімше Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Тексеру комиссиясының Нұсқамалары тармақтарының іске асырылу барысына мониторинг жүргізеді және тоқсан сайынғы негізде Тексеру комиссиясының Төрағасын хабардар етеді.
Мониторинг нәтижелерін талдау мен есептілікті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Жоғары аудиторлық палатасына ұсынылатын тоқсан сайынғы ақпаратты, сондай-ақ есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қалыптастыру, бұзушылықтарды болдырмау мақсатында оларды жүйелеу үшін пайдаланады.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың екінші айының 20 күнінен кешіктірмей, Тексеру комиссиясының Төрағасына аудиторлық іс-шаралар материалдарының сапасын бақылаудың нәтижелері туралы, сондай-ақ талдаудың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының Аудиторлық қорытындыларында қамтылған ұсынымдардың, Қаулыларының (Нұсқамаларының) орындалу сапасы жөнінде жинақталып қорытылған ақпарат ұсынады.
4.2. Мемлекеттік аудит объектісінің Тексеру комиссиясының Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамасының тармақтарын орындауын талдау
- Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит объектісінен, жергілікті атқарушы органнан ақпарат (растайтын құжаттар) алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде МАҚБ қағидаларына сәйкес Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқама тармақтарын мемлекеттік аудит объектілерінің орындауына, жергілікті атқарушы органдарының қарауына бақылау жүргізеді.
- Мемлекеттік аудит объектісінен, жергілікті атқарушы органдардан ақпарат (растайтын құжаттар) Нұсқаманы немесе Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды орындау бойынша үш және одан көп тармақ (тармақша) немесе үш және одан көп бөліктен тұратын тармақтар (тармақшалар) бойынша түскен жағдайда, бақылау он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалу нәтижелері немесе аудит объектісінен және мүдделі адамдардан қосымша ақпарат сұрату қажеттігі туралы қызметтік жазба жобасын дайындап, Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесіне енгізеді. Тексеру комиссиясының мүшесінің қолы қойылған қызметтік жазба Тексеру комиссиясының Төрағасына жіберіледі.
Сот талқылауларын жүргізуге және (немесе) заңнаманы жетілдіруге байланысты мәселелер бойынша ұсынымдарды және (немесе) нұсқамаларды орындау нәтижелері бойынша дайындалған қызметтік жазбаның жобасы құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісіледі.
- Тексеру комиссиясының Төрағасы осы Регламенттің 99-тармағында көзделген қызметтік жазбаның негізінде Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқаманың, Қаулының тармақтарын бақылаудан алу, орындау мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдайды.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясының Төрағасының қарары бар Тексеру комиссиясының жауапты мүшесінің қызметтік жазбасын және мемлекеттік аудит объектілерінің Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және Нұсқамалардың, Қаулылардың тармақтарын орындауы туралы ақпаратты Ревком ИАЖ-ға жүктеуді жүзеге асырады.
- Тексеру комиссиясы төрағасының шешімі қабылданған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі өз қолымен мемлекеттік аудит объектісіне аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және (немесе) тексеру комиссиясының Нұсқамасының, қаулыларының тармақтарын бақылаудан алу не орындауды жалғастыру туралы хабарлайды.
6.3. Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуын тексеру
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің басшылық етуімен Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың және Нұсқамалар тармақтарының толық орындалуы туралы мемлекеттік аудит объектісінен ақпарат алған күннен кейін жеті жұмыс күні ішінде объекті қабылдаған шаралардың толықтығына бақылау жүргізу, сондай-ақ бұзушылықтардың жойылуын және ұсынымдардың орындалуын растау қажет болған кезде Тексеру комиссиясының Төрағасының атына Тексеру комиссиясының шешімдерінің орындалуына тексеру (бұдан әрі – тексеру) жүргізу күнін келісе отырып, оны жүргізудің орындылығы туралы қызметтік жазба дайындайды.
- Тексеру жүргізу туралы шешімді Тексеру комиссиясының Төрағасы қабылдайды.
- Тексеру комиссиясының тексеру жүргізу тәртібі МАҚБ қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
- Тексеру комиссиясының Төрағасының қарары бар тексеру актісі, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің ақпараты Ревком ИАЖ-ға енгізіледі.
6.4. Мемлекеттік аудит объектісінің ақпаратты ұсынбауы, Нұсқаманың тармақтарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы жөнінде шаралар қабылдау
- Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі Нұсқама тармақтарының орындалу мерзіміне дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын мемлекеттік аудит объектісіне Documentolog АЖ (болған жағдайда) арқылы және қағаз түрінде поштамен ӘҚтК-нің 462-бабында көзделген әкімшілік жауаптылық туралы ескерту жібереді.
- Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудит объектісі ақпарат ұсынбаған жағдайда – бес жұмыс күні ішінде, ал көрсетілген мерзімде Нұсқама тармақтарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда – Нұсқамада көрсетілген мерзім өткеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде Тексеру комиссиясының Төрағасының атына мемлекеттік аудит объектісіне әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану туралы қызметтік жазбаның жобасын дайындайды және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге келісуге жібереді.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше үш жұмыс күні ішінде қызметтік жазбаның жобасын әкімшілік іс жүргізуді қозғаудың орындылығы тұрғысынан қарайды.
Әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін негізділігі болған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметтік жазбасын жұмыс тәртібімен келіседі, ал бас тартқан жағдайда, тиісті қорытынды жібереді.
Сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімше құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісім бойынша мемлекеттік аудит объектісіне әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану туралы Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған қызметтік жазба жасайды және Тексеру комиссиясының Төрағасына жібереді.
Әкімшілік іс жүргізуді қозғау орынды деп танылған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап үш тәулік ішінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше әкімшілік іс материалдарын тиісті сотқа жібереді.
- Мемлекеттік аудит объектісі ұйғарымдарды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелеріне шағымдану жөніндегі мерзімдерді сақтай отырып, мемлекеттік аудит объектісі, кәсіпкерлік субъектілері және мүдделері аудиторлық іс-шаралармен қозғалған өзге де тұлғалар, тексеру комиссиясының мүшесі құрылымдық бөлімшелермен келісім бойынша сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, мемлекеттік аудитті жүргізуге және құқықтық қамтамасыз етуге жауаптылар қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарын құқық қорғау органдарына беру туралы аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясы мүшесінің қолы қойылған қызметтік жазба жасайды және тексеру комиссиясының Төрағасына жіберіледі.
Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарын берудің орындылығы танылған жағдайда, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірлесіп, осы материалдарды сыртқы аудитті жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларында айқындалған тәртіппен (талаптарды ескере отырып) тиісті аудиторлық дәлелдемелермен құқық қорғау органдарына береді мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасы туралы Ережеге сәйкес бекітіледі.
6.5. Мемлекеттік аудит материалдарын есепке алу
- Тексеру комиссиясының Аудиторлық қорытындысы бекітіліп, Нұсқамасына қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудит материалдарын (Аудиторлық есеп (№1 дана), мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтары мен түсіндірмелерін (болған жағдайда), материалдарды қоса беру туралы қызметтік жазбаны (болған жағдайда) және Тексеру комиссиясының қарсылықтарға уәжделген жауаптарын, құқықтық қамтамасыз етуге және сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелердің сараптамалық қорытындыларын, Аудиторлық қорытындыны, Жиынтық тізілімді, Жиынтық кестені (болған жағдайда), отырыс хаттамасын, қаулыны, нұсқамаларды) аудиторлық іс-шара материалдары бар жинақ папканы толықтырып, кейіннен архивке өткізу үшін құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшеге тапсырады. Аудиторлық іс-шара материалдарының электрондық нұсқалары Бірыңғай дерекқордың электрондық архивіне енгізіледі.
- Аудиторлық іс-шараның мемлекеттік құпияларды қамтитын материалдары Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес сақталады.
5-тарау. Тексеру комиссиясының аппараттық кеңестерін және отырыстарын өткізу тәртібі
1-параграф. Тексеру комиссиясының кеңестерін және аппараттық кеңестерді өткізу тәртібі
- Тексеру комиссиясының кеңестері мынадай:
- Тексеру комиссиясының қызметінің қорытындыларын тыңдау;
- Жоғары аудиторлық палатаның тиісті кезеңдегі қызметі туралы есепті тыңдау кезінде Жоғары аудиторлық палата және Тексеру комиссияларының алдына қойылған Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын жария ету;
- Тексеру комиссиясының тиісті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебін облыстық маслихатының қабылдау қорытындыларын талқылау;
- Тексеру комиссиясының Төрағасы белгілеген, соның ішінде Тексеру комиссиясының мүшелерінің бастамасы бойынша Тексеру комиссиясының не жалпы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау (бұдан әрі – МАжҚБ) органдарының жүйесі үшін стратегиялық маңызы бар өзге де мәселелерді қарау жағдайларында Тексеру комиссиясының Төрағасының төрағалығымен өткізіледі.
- Тексеру комиссиясының аппараты басшысының қатысуымен аппараттық кеңестер Тексеру комиссиясының ағымдағы қызметінің іске асырылуын жедел бақылау және мониторингілеу талап етілетін жағдайларда өткізіледі.
- Тексеру комиссиясының кеңестері Тексеру комиссиясының Төрағасы белгілеген аптаның күнінде және уақытта өткізіледі.
- Кеңестің күн тәртібін оның төрағалық етуімен кеңес өткізілетін адам бекітеді.
Егер Тексеру комиссиясының Төрағасы өзгеше белгілемесе, Тексеру комиссиясының Төрағасының қатысуымен өтетін кеңестердің күн тәртібі кеңес өткізілгенге дейін күнтізбелік төрт күннен кешіктірілмей бекітуге енгізіледі.
- Кеңестерге шығаруға ұсынылатын мәселелердің бастамашылары оларды өзектілігі, перспективалылығы және қарау мерзімдерінің нақтылығы мәніне мұқият пысықтайды.
Күн тәртібін, кеңестердің хаттамасын, шақырылғандардың тізімін және жүргізу тәртібін дайындауды кеңеске бастамашы болған құрылымдық бөлімше ұйымдастырады.
Отырыстың қорытындылары бойынша хаттаманың жобасын бір жұмыс күні ішінде жауапты орындаушы тапсырмалар жіберілетін құрылымдық бөлімшелермен келісу, төрағалық етушіге қол қою, одан әрі тіркеу және құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің бақылауға қою үшін Documentolog АЖ-ның тиісті қосымша бетінде құрады.
Хаттама жобасы екі жұмыс күні ішінде тапсырмалар жіберілетін құрылымдық бөлімшелермен келісуге жатады.
Келісу қорытындысы бойынша хаттамаға төрағалық етуші қол қояды.
Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау кеңеске бастамашылық жасаған құрылымдық бөлімшеге жүктеледі. Бақылаудан алуды төрағалық етуші адам жүзеге асырады.
3-параграф. Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараларының қорытындылары бойынша отырыстар өткізу тәртібі
- Отырыстар Тексеру комиссиясы Төрағасының басшылығымен өткізіледі. Тексеру комиссиясының Төрағасы болмаған жағдайда, оның отырыстарды өткізу жөніндегі функцияларын оның міндетін атқарушы Тексеру комиссиясының мүшесі орындайды.
Отырыстар Жоғары аудиторлық палата Төрағасының тапсырмасы бойынша отырысты өткізу жоспарынан тыс өткізіледі.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының қызметін жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша мемлекеттік аудит және тексеру қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының отырыстарын өткізу жоспарын жасау кезінде мыналар ескеріледі:
1) отырыстарды өткізудің басым күні бейсенбі болып табылады;
2) отырысты өткізу күнін Тексеру комиссиясының Төрағасы сапа бақылауын жүргізу мерзімдері ескере отырып белгілейді.
Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының отырыстарын өткізу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін бекіту туралы Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
- Аудиторлық іс-шараға жауапты құрылымдық бөлімше осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес отырысты өткізу алгоритмінде көрсетілген мерзімде отырыс материалдарын дайындайды.
Аудиторлық іс-шараға жауапты құрылымдық бөлімше аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесімен келісім бойынша отырыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей Тексеру комиссиясының отырысына қатысушылардың тізімін айқындап, отырысқа шақырылған адамдарды хабардар етуді, олардың келуін және тіркелуін, отырыс материалдарын Тексеру комиссиясының мүшелеріне, Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына және өзге де адамдарға таратуды, отырыс хаттамасын дайындауды және отырысқа шығарылатын, олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша (оларды шақыруға бастамашылық жасалған жағдайда) мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға алдағы отырыс материалдарын жіберуді қамтамасыз етеді.
Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараларының қорытындылары бойынша отырысты өткізу тәртібі (бұдан әрі – отырысты өткізу тәртібі) осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Сөйлейтін сөздердің тезистері отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелердің ерекшелігіне сәйкес жасалады.
- Сөйлейтін сөздердің тезистері екі бөліктен: кіріспе және негізгі бөліктерден тұрады. Кіріспе бөлік отырысқа қатысушылардың қысқаша сәлемдесу сөздерін, кворумның белгіленуін, сөз сөйлейтіндердің регламентін, отырыстың күн тәртібінде кезектілігі тәртібімен санамаланып, қаралатын мәселелердің тізбесін, отырыстың мәселелерін қарауға көше отырып, күн тәртібін бекітуді қамтиды.
Төрағалық етушінің шешімі бойынша сөйлейтін сөздердің тезистері отырысты жүргізу тәртібіне енгізілуі мүмкін.
- Отырыстар Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, сондай-ақ Тексеру комиссиясы Төрағасының келісімі бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен, соның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілуі мүмкін.
Бірлескен тексеру жүргізілген жағдайда, отырысқа мемлекеттік аудитті жүргізуге қатысқан мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
- Талқылануы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісі өкілдерінің қатысуын талап етпейтін мемлекеттік аудит материалдары бойынша отырыстар олардың қатысуынсыз өткізілуі мүмкін.
- Мемлекеттік аудит материалдары бойынша даулы мәселелер болған жағдайда, мемлекеттік аудитті, құқықтық қамтамасыз етуді және сапа бақылауын жүргізуге жауапты Тексеру комиссиясының мүшелерімен және құрылымдық бөлімшелермен алдын ала талқылау жүргізіледі.
Даулы мәселелерді алдын ала талқылау қорытындылары бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда, отырысқа қатысушы ерекше пікірін білдіре алады, ол мемлекеттік аудит материалдарына қоса беріледі және Тексеру комиссиясының отырысына шығарылады.
- Өткізілген отырыстың нәтижелері бойынша аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше хаттаманың жобасын пысықтайды, мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, Тексеру комиссиясының мүшелерімен келісіп, оны отырыс өткізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Тексеру комиссиясының Төрағасына қол қоюға енгізеді.
- Аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше дайындаған қаулының, аудиторлық қорытындының, жиынтық тізілімнің, жиынтық кестенің, Тексеру комиссиясы нұсқамаларының жобалары үш жұмыс күні ішінде отырыстың нәтижелері ескеріле отырып пысықталады және кейіннен Тексеру комиссиясының Төрағасына енгізіледі.
Мемлекеттік аудит объектілері ұсынған материалдарды қосымша зерделеуді немесе қосымша сұрау салулар жіберу қажеттілігін талап ететін жағдайларда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім Тексеру комиссиясы Төрағасының келісімі бойынша ұзартылады.
- Мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау кезінде Тексеру комиссиясының мүшелері ерекше пікір білдіре алады, ол жазбаша түрде ресімделіп, осы Регламенттің 126-тармағында көрсетілген мерзімде Тексеру комиссиясының қаулысының жобасына қоса беріледі.
- Тексеру комиссиясы Төрағасының тапсырмасы бойынша сырттай отырыс өткізілуі мүмкін.
- Тексеру комиссиясының отырысында мәселелерді қарау нәтижелері бойынша шешім дауыс беру арқылы қабылданады. Егер Тексеру комиссиясының мүшелерінің отырысқа қатысып отырғандар немесе сырттай дауыс беруге қатысқандар санының жартысынан астамы оған дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
- Аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше отырыс өткізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Тексеру комиссиясының қаулысын Documentolog АЖ-да тіркеу үшін құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберуді қамтамасыз етеді.
Тексеру комиссиясының қаулысын Documentolog АЖ-да тіркеуді құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясының отырысы өткізілген күні жүргізеді.
Аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше тіркеу күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге тарату үшін материалдарды ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тексеру комиссиясының қаулылары аудиторлық қорытындымен және (немесе) жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексерудің нәтижелері бойынша қорытындымен бірге Тексеру комиссиясының Төрағасының шешімі бойынша толық көлемде Облыс әкімдігіне, маслихатына және құқық қорғау органдарына да жіберіледі.
Тексеру комиссиясы отырысының әрбір қаулысы мен хаттамасына ағымдағы жылы оның бірінші отырысы өткізілгеннен бастап жалғасқан нөмірлеу беріледі.
Әрбір аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша іс-шараны жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше МАҚБ қағидаларының 3 және 4-тарауларына сәйкес қалыптастырылатын құжаттарды бірыңғай дерекқорды әкімшілендіруге жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді.
- Өткізілген отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы Тексеру комиссиясының Төрағасының тапсырмасы бойынша Тексеру комиссиясы өкілінің БАҚ алдында сөз сөйлеуін ұйымдастырады.
- Қаулыларды, аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдарды және (немесе) нұсқаманың тармақтарын бақылауға қою, мониторингілеу, бақылаудан алу, олардың орындалу мерзімдерін ұзарту Есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
4-параграф. Тексеру комиссиясы отырыстарын өткізуге қойылатын жалпы талаптар
- Тексеру комиссиясының отырыстары мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.
Отырысқа материалдар мыналарды қамтиды:
- осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отырыстың күн тәртібі (мемлекеттік және орыс тілдерінде). Отырыстың күн тәртібінде өткізілетін күні, уақыты мен орны, отырыстың тақырыбы және баяндамашылар туралы ақпарат болуға тиіс;
- осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тексеру комиссиясының отырысына шақырылатындардың тізімі;
- осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тексеру комиссиясының отырысына қатысушыларды отырғызу схемасы;
- осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отырысты өткізу тәртібі;
- қорытындылар, оған қосымшалар және басқалар;
- осы Регламентке 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отырыс хаттамасының жобасы;
- Тексеру комиссиясының мүшелері және Тексеру комиссиясының аппаратының мүдделі лауазымды адамдары бұрыштама қойған Тексеру комиссиясы қаулысының жобасы (аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша отырыс өткізілген жағдайда);
- Тексеру комиссиясының аппарат басшысымен келісілген мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше әзірлейтін отырыс қорытындылары бойынша баспасөз релизінің жобасы.
Кестелер, қосымшалар, ескертпелер және өзге де қосымша ақпарат қалыптастырылған жағдайларда қосымша материалдардың қаріп және жоларалық интервалының өлшемдері азайтылуы мүмкін.
- Материалдарды екі және одан да артық парақта ресімдеген кезде, екінші және одан кейінгі парақтар нөмірленеді. Нөмірлер парақтың жоғарғы жолының ортасында араб цифрымен тыныс белгілерінсіз қойылады.
Отырысты өткізу кезінде Тексеру комиссиясы Төрағасының шешімі бойынша отырыстардың аудио - және бейнежазбалары жүргізіледі және кейіннен фонограммалардың толық жазылуы және олардың басып шығарылуы жүргізіледі, ол отырыстың хаттамасына қоса тіркеледі.
- «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, отырыстар ашық болып табылады.
Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын материалдар талқыланатын отырыстар «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтай отырып өткізіледі. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мәселелер бірінші кезекте қаралады.
- Құпия іс жүргізуді ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органына тиісті отырыс өткізілгенге дейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей аспаптық тексеру жүргізуге еркін нысанда өтінім жібереді.
Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мемлекеттік аудит материалдары талқыланатын отырыстың алдындағы күні құпия іс жүргізуді ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімше отырыс залын аспаптық тексеруді ұйымдастырады және кіреберіс есіктерді мөрмен бекітеді.
Құпияға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мәселелерді қарау кезінде бейне және фотоаппаратураны, ұялы телефондарды және өзге де жазу құрылғыларын пайдалануға жол берілмейді. Жергілікті желілер мен дербес компьютерлер токтан ажыратылады, селекторлық байланыс өшіріледі.
- Отырыстарға Тексеру комиссиясы Төрағасының келісімі бойынша БАҚ өкілдері шақырылады. Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше отырысқа шақырылған БАҚ-ты хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Тексеру комиссиясының аппарат басшысы отырыс өткізілетін орынды дайындауды қамтамасыз етеді.
- Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілген немесе шектеу іс-шаралары, соның ішінде Талдықорған қаласында карантин енгізілген жағдайда, отырыстар Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес бейнеконференцбайланыс арқылы қашықтықтан форматында өткізіледі.
6-тарау. Шетелдегі Тексеру комиссиясы өкілдерінің қатысуымен халықаралық іс-шараларды дайындау
- Шетелдегі Тексеру комиссиясы өкілдерінің қатысуымен халықаралық іс-шараларды дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіруді персоналды басқаруға жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
- Персоналды басқаруға жауапты құрылымдық бөлімше жыл сайын, жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың желтоқсанынан кешіктірмей шетелдік іссапарларға жұмсалатын шығындар сомасы бойынша есептер дайындайды және уәкілетті органға (бар болған жағдайда) немесе мүдделі ұйымдарға жібереді.
- Іс-шаралардың мазмұндық бөлігін дайындау мақсатында персоналды басқаруға жауапты құрылымдық бөлімше іс-шараны өткізудің жоспарланған күніне бес жұмыс күніне дейін алынған материалдарды қарау және ұсыныстар енгізу үшін Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелеріне жібереді.
Құрылымдық бөлімшелер материалдар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде (егер неғұрлым қысқа мерзім ұсынылған материалдардан туындамаса) іс-шараның бағыттылығын ескере отырып, олардың пысықталуын қамтамасыз етеді және өз ұсыныстарын персоналды басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшеге ұсынады.
- Іс-шара өткізілгенге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын не Тексеру комиссиясының аппараты басшысының келісімі бойынша өзге мерзімдерде халықаралық персоналды басқаруға жауапты құрылымдық бөлімше:
- Тексеру комиссиясының тиісті жұмыскерлерін іссапарға жіберу туралы бұйрықтың жобасын әзірлейді;
- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі – СІМ) ұйымдастырушылық өзара іс-қимыл жүргізеді, оның ішінде шетелдік іссапарларға ақшалай қаражат бөлу туралы хат жолдайды;
- жол жүру билеттерін, қонақ үйлерді брондауды жүзеге асырады.
- Тексеру комиссиясының персоналды басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды (паспортты, визаны) ресімдеуді, ақша қаражатын (іссапар) алуды сондай-ақ көрсетілген мәселелер бойынша Тексеру комиссиясының өзге де жұмыскерлеріне көмек көрсетеді.
- Аудиторлық іс-шараларды қоспағанда, халықаралық іс-шараға кеткенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқаруға жауапты құрылымдық бөлімше іссапарға жіберілетін жұмыскерлерге іс-шара бағдарламасын, баратын ел туралы қысқаша ақпаратты және өзге де құжаттарды, оның ішінде іс-шараны ұйымдастырушылардан алынған құжаттарды ұсынады.
- Құпия тасымалдаушы болып табылатын Тексеру комиссиясы жұмыскерлерінің шетелдік іссапарға кетуі кезінде құпия іс жүргізуді ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімше нұсқама жүргізеді.
- Іссапардан келген кезде:
- Тексеру комиссиясының Төрағасы мен мүшелері, аппарат басшысы мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары бір жұмыс күні ішінде персоналды басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшеге паспорттар мен аванстық есепті жасау үшін қажетті құжаттарды (жол жүру билеттері, отырғызу талондары, Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің шекара қызметтерінің белгілері бар паспорт беттерінің көшірмелерін) ұсынады;
- Тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы және Тексеру комиссиясының аппаратының жұмыскерлері:
үш жұмыс күні ішінде аудиторлық іс-шараларды қоспағанда, Тексеру комиссиясының Төрағасына осы Регламентке 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, соның ішінде кейіннен оны Тексеру комиссиясының интранет-порталында орналастыру үшін халықаралық іс-шараға қатысу қорытындылары бойынша есеп береді;
халықаралық семинарларға, оқыту курстарына және басқа да білім беру іс-шараларына қатысқан жағдайда бір ай ішінде Тексеру комиссиясының жұмыскерлері үшін қатысқан кезде алынған ақпараттың таныстырылымымен техникалық оқу өткізеді. Халықаралық іс-шараның тақырыбына сүйене отырып, техникалық оқу жүргізу қажеттілігін Тексеру комиссиясының аппараты басшысының келісімі бойынша персоналды басқаруға жауапты құрылымдық бөлімше айқындайды.
7-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмысты ұйымдастыру
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (бұдан әрі – жолданымдар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) талаптарына сәйкес қаралады.
- Тексеру комиссиясына қарау үшін келіп түскен жолданымдарды құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше белгіленген есепке алу нысандары бойынша келіп түскен күні тіркейді және Тексеру комиссиясының басшылығының назарына жеткізеді.
Жолданымды тіркеу күні әкімшілік рәсімнің қозғалған күні болып есептеледі.
Құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше ауызша нысанда берген жолданымдар бойынша ӘРПК белгілеген талаптарды ескере отырып хаттама жасалады.
- Құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше өтініштерді қабылдайды және тіркейді, әкімшілік істі қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда қалыптастырады, әкімшілік істерді есепке алу журналын жүргізеді.
Құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше келесі жылдың қаңтарында Тексеру комиссиясының аппаратының басшысына жыл сайынғы ақпаратты ұсына отырып, өтініш берушілер көтеретін жүйелік проблемаларды талдайды және анықтайды.
Құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше құжатты жіберетін ұйымның бірінші басшысы қол қойған Тексеру комиссиясының Төрағасына жолданған құжаттарды, ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам алмастыру жөніндегі міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып қабылдайды.
Өзге лауазымды адамдар қол қойған құжаттарды қызмет салалары (аясы) мен аймақтар бойынша бөлуді ескере отырып, Тексеру комиссиясының жетекшілік ететін мүшесі, Тексеру комиссиясының аппаратының басшысы құзыреті шегінде қарайды және одан әрі Тексеру комиссиясының Төрағасының назарына (қажет болған жағдайда) жеткізеді.
- Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше бірлесіп орындаушылардың қатысуымен ӘРПК белгілеген талаптарды ескере отырып, тыңдау хаттамасын жасайды.
- «Ашық диалог» порталында Тексеру комиссиясының Төрағасының блог-платформасы арқылы Тексеру комиссиясына келіп түскен жолданымдар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және ӘРПК талаптарына сәйкес қаралады.
Тексеру комиссиясының Төрағасының блогына онлайн-жолданымдар келіп түскен кезде жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жолданым келіп түскен күннен кешіктірмей оны Тексеру комиссиясының Төрағасының назарына жеткізеді, ол өз кезегінде жолданым келіп түскен күннен кешіктірмей оны аппарат басшысына немесе Тексеру комиссиясының лауазымды адамына жауап дайындау үшін жібереді. Аппарат басшысы немесе Тексеру комиссиясының лауазымды адамы осы жолданымға жауап жобасын дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшені айқындайды.
- Жауапты орындаушы бірлесіп орындаушымен келісу бойынша құрылымдық бөлімше басшысының қолымен Тексеру комиссиясының Төрағасының блогына жауаптың дайындалған жобасын Тексеру комиссиясының аппарат басшысының қарауына енгізеді.
- Жауаптың жобасын Тексеру комиссиясының аппаратының басшысы мақұлдаған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметтік жазбасы қарармен бірге Төрағаның блогына орналастыру үшін орындаушыға жолданады.
ӘРПК талаптарына сәйкес жауапты орындаушы кез келген байланыс тәсілімен арыз иесіне өзінің қарсылығын білдіру мүмкіндігін ұсына отырып, жолданымға жауаптың жобасын жібереді.
Регламенттің осы тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жауаптың түпкілікті жобасын аппарат басшысы Тексеру комиссиясы Төрағасының блогында орналастырады.
- Аппарат басшысы Тексеру комиссиясының Төрағасының блогына және Тексеру комиссиясының интернет-ресурсына келіп түскен сұрақтарға жауаптардың уақтылы дайындалуына мониторингті жүзеге асырады.
8-тарау. Тексеру комиссиясы басшылығының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру
- Тексеру комиссиясының Төрағасы мен мүшелерінің азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауы Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітетін тоқсандық графигіне сәйкес жүзеге асырылады.
Графикті жасауды және бекітуді қамтамасыз етуді Тексеру комиссиясының мүшелерінің және аппарат басшысының келісімі бойынша есепті тоқсанның алдындағы айдың 25-күнінен кешіктірмей құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
- Аппарат басшысы құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінен түскен қызметтік жазба негізінде графикті Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етті.
- Төтенше жағдай және карантин режимі жағдайында Тексеру комиссиясының басшылығының азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы техникалық байланыс құралдарын (Skype, Zoom, WhatsApp, бейнеконференцбайланыс және т.б.) пайдалана отырып, құжат айналымын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге алдын ала жазылу арқылы онлайн форматта жүргізіледі.
9-тарау. Еңбек кестесі және еңбек тәртібі
- Тексеру комиссиясының жұмыскерлері үшін сенбі және жексенбі болып табылатын екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бұл ретте күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 8 сағаттан аспауға тиіс.
Жұмыс күні сағат 9.00-да басталып, сағат 18.30-да аяқталады.
Күнделікті жұмыс барысында жұмыскерлерге сағат 13.00-дан 14.30-ға дейінгі аралықта ұзақтығы 1 сағат 30 минут демалу және тамақтану үшін үзіліс беріледі.
Әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерді үйлестіру мақсатында жекелеген жұмыскерлер үшін икемді жұмыс уақытының баламалы режимі белгіленуі мүмкін:
1) жұмыс күні сағат 9.00-де басталып, сағат 18.00-да аяқталады, демалу және тамақтану үшін үзіліс ұзақтығы 1 сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі аралықта;
2) жұмыс күні сағат 8.30-да басталып, сағат 18.30-да аяқталады, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс ұзақтығы 2 сағат 12.30-дан 14.30-ға дейінгі аралықта.
Төтенше жағдай, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде қашықтықтан жұмыс режимі белгіленеді. Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығының шектеулерін сақтай отырып, жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді.
Икемді жұмыс уақыты режимі белгіленген жұмыскерлердің тізімін тиісті құрылымдық бөлімше басшысының ұсынысы негізінде аппарат басшысы бекітеді. Аппарат басшысының және Тексеру комиссиясының мүшелерінің жұмысын қашықтықтан жұмыс форматында, икемді жұмыс уақыты режимінде ұйымдастыру Тексеру комиссиясының Төрағасымен келісіледі.
- Жұмыс уақытын есепке алуды әрбір жұмыскер бойынша ҚББЖ деректері бойынша және (немесе) тексеру комиссиясы регламентінің 10-қосымшасына сәйкес қызметкерлерді есепке алу парағы арқылы персоналды басқару қызметімен жүзеге асырылады.
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары қызметкердің жоқтығы туралы Персоналды басқару қызметін уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді. Жұмыс уақытын есепке алу табелі жұмыс уақытын есепке алу негізінде толтырылады және персоналды басқару қызметінің басшысы қол қойғаннан және тексеру комиссиясының төрағасы не оны алмастыратын адам ағымдағы айдың 25-күніне дейін бекіткеннен кейін қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге беріледі. Табель жабылғаннан кейінгі өзгерістер қосымша табельде көрсетіледі және қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберіледі, өзгерістерге байланысты тексеру комиссиясы қызметкерлерінің жалақысы қайта есептеледі.
- Еңбек демалыстарын беру кезектілігі осы Регламенттің 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тексеру комиссиясының жұмыскерлерінің тиісті жылға арналған еңбек демалыстарының кестесімен айқындалады, олар кадр қызметіне жинақтау үшін күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей ұсынылатын құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде жасалады.
- Тексеру комиссиясының жұмыскерлерінің кезекті жылға арналған еңбек демалыстарының кестесін Тексеру комиссиясының аппаратының басшысы күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей бекітеді.
- Бекітілген еңбек демалыстарының кестелері негізінде Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспары жасалады. Тексеру комиссиясының жұмыскерлеріне кезектен тыс демалыс беру қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен, аппарат басшысымен, персоналды басқару қызметімен және (немесе) Тексеру комиссиясының Төрағасымен келісіледі.
- Еңбек демалыстарының кестелерін жасау кезінде құрылымдық бөлімше қызметінің ерекшелігі және жұмыскерлердің пікірлері ескеріледі.
- Еңбек демалыстарының кестелерін Тексеру комиссиясының Төрағасы бекіткеннен кейін бекітілген кестелердің көшірмелерін кадр қызметі үш жұмыс күні ішінде еңбек демалыстары бойынша қаржы қаражатының қажетті көлемін жоспарлау үшін қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге береді.
- Қызметкердің Тексеру комиссиясының төрағасына е-Қызмет арқылы енгізілетін демалысқа арналған өтінішін қызметкер өзінің лауазымдық функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысы, персоналды басқару қызметі, қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше, аппарат басшысы, сондай-ақ тексеру комиссиясының жетекшілік ететін мүшесі, оның ішінде аудиторлық немесе сараптамалық қызметке жетекшілік ететін қол қою арқылы алдын ала келіседі.
10-тарау. Тексеру комиссиясын әдіснамалық қамтамасыз ету
- Заңның 12-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында әдіснамалық басшылықты:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
- қарау нәтижелерін тексеру комиссияларына жеткізе отырып, Жоғары аудиторлық палата қабылдаған не әзірлеушісі Жоғары аудиторлық палата болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша тексеру комиссияларының ұсыныстарын қарау және жинақтап қорыту;
- Жоғары аудиторлық палата қабылдаған құқықтық және әдістемелік құжаттар туралы, сондай-ақ сыртқы МАжБҚ-ны жүзеге асыруға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер туралы тексеру комиссияларын хабардар ету;
- Жоғары аудиторлық палата қабылдаған нормативтік құқықтық және құқықтық актілер бойынша түсіндірмелер берілген жағдайда барлық тексеру комиссияларының атына тиісті түсіндірме жіберу арқылы жүзеге асырады.
- Сыртқы МАжБҚ органдарының нормативтік құқықтық актілері мен әдіснамалық құжаттарын әзірлеуге не өзектендіруге ұсынылатын тізбесін, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық шеңберінде (бұдан әрі - тізбе) тексеру комиссиясы мүшелерінің, құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде сапаны бақылауды жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше қалыптастырады.
Тізбе қаралғаннан кейін осы тізбе жоғары аудиторлық палатаға жіберіледі, Тізбеде ұсынылған редакцияның тиісті негіздемесін қамтитын тексеру комиссиясы ұсынатын нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің редакциясы да болуы мүмкін.
- Тексеру комиссиясының қызметкерлері жоғары аудиторлық Палата Төрағасының тиісті бұйрығын қабылдаған жағдайда мемлекеттік аудит органдарына қатысты нормативтік құқықтық актілер мен әдіснамалық құжаттарды әзірлеу жөніндегі жоғары аудиторлық палатаның жұмыс тобының құрамына кіреді.
- Кадр қызметі (қажет болған жағдайда) жоғары аудиторлық палатамен келісім бойынша есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес әзірленген күнтізбелік жылға мемлекеттік аудиторларды сертификаттау пәндері бойынша біліктілік емтихандарын өткізу кестесін (бұдан әрі-қағидалар) келісуді қамтамасыз етеді).
11-тарау. Ақпаратты «Электрондық үкімет» веб-порталының компоненттеріне орналастыру
- Ақпаратты «Электрондық үкімет» веб-порталының («Ашық нормативтік құқықтық актілердің», «Ашық деректердің», «Ашық бюджеттердің», «Ашық диалогтың» интернет-порталдары) компоненттеріне орналастыру Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы және ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Ашық бюджеттердің интернет-порталындағы ақпаратты – қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше, ашық диалогтың интернет-порталындағы ақпаратты -аппарат басшысымен, ашық деректердің интернет-порталындағы ақпаратты – бекітілімге сәйкес ақпараттың түріне қарай құрылымдық бөлімшелер орналастырады.
12-тарау. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды мониторингілеу және бақылау
- Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарын Тексеру комиссиясының лауазымды адамдары құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға қарау үшін жібереді.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше:
- қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар мемлекеттік аудит материалдарына;
- әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтитын және Тексеру комиссиясы қарау үшін уәкілетті органдарға жіберетін мемлекеттік аудит материалдарына;
- Тексеру комиссиясы жасайтын және сотқа қарау үшін жіберілетін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларға мониторинг және бақылау жүргізеді.
Осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көзделген материалдарды жіберуді құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады. Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген материалдарды жіберуді құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісілгеннен кейін мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
- Осы Регламенттің 173-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген материалдар бойынша мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелер фактілердің қысқаша баяндалуымен және құқық бұзушылықтың ықтимал саралануымен жалпыланған анықтама дайындайды.
Мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелер бір жұмыс күні ішінде құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге уәкілетті органдарға жіберу үшін қажетті жетіспейтін немесе қосымша құжаттарды ұсынады.
- Осы Регламенттің 173-тармағының 1) тармақшасында көзделген берілген материалдар бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше берілген материалдар бойынша қабылданған шешімдер туралы салыстыру актісінің жобасын қалыптастырады және Жетісу облысының прокуратурасына және экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеп-тексеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдарға келісуге жібереді.
- Осы Регламенттің 173-тармағының 3) тармақшасында көзделген берілген материалдар бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясының құқық бұзушылық белгілері бар берілген материалдардың есебін жүргізеді.
- Осы Регламенттің 173-тармағының 3) тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы берілген хаттамалар бойынша құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясының электрондық және қағаз жүзінде журналда есепке алуды жүргізеді.
- Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша анықталған және (немесе) құзыреті шегінде қарау үшін Тексеру комиссиясына қарауға келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған және (немесе) лауазымдық нұсқаулықтарына әкімшілік хаттама жасау кіретін мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскері, сондай-ақ құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскері қатысады.
- Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше тоқсанның қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей осы Регламенттің 173-тармағының 2) тармақшасындағы материалдар бойынша мәліметтерді қалыптастырады және мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге салыстырып тексеру және келісу үшін жібереді.
Мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше екі жұмыс күні ішінде осы ақпаратты келіседі не оған толықтырулар мен өзгерістер енгізеді.
13-тарау. Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
- Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының жұмысын аппарат басшысы қамтамасыз етеді.
Тексеру комиссиясының интернет-ресурсындағы тиісті ақпараттың өзекті болуы мен оны ұсынудың уақтылылығын Аппарат басшысы қамтамасыз етеді. Ақпараттың анықтығы мен уақтылылығын Тексеру комиссиясының тиісті іс-шарасын өткізуге жауапты құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.
Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының жұмысын үйлестіру, жаңалықтар, оқиғалар, медиа галереяға арналған материалдар қамтылған «Баспасөз орталығы» бөлімін жүргізу аппарат басшысына жүктеледі.
- Интернет-ресурстың құрылымын Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітеді.
Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының құрылымы бекітілгеннен кейін жаңа модульдерді орналастыру, бөлімдер мен кіші бөлімдерді құру, сондай-ақ оларды жою Тексеру комиссиясының Төрағасының атына қызметтік жазба жазу арқылы және аппарат басшысының келісімі бойынша жүргізіледі.
Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының өзгертілген құрылымын өзекті ету өнім берушінің шарттық міндеттемелерінде айқындалған мерзімдер мен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
- Жоғары аудиторлық палатаның және оның ведомстволық бағынысты ұйымының қызметін ақпараттық сүйемелдеуді, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның ақпараттық жұмысын ұйымдастырудағы жүйелі тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әр а йдың 25 жұлдызына дейін сағат аппарат басшысымен Тексеру комиссиясының интернет-ресурсын және әлеуметтік желілердегі Тексеру комиссиясының ресми аккаунттарын толтыру үшін ақпараттық сүйемелдеу жоспарын (бұдан әрі - медиа-жоспар) қалыптастырады.
- Аппарат басшысы әкімші ретінде Тексеру комиссиясының интернет-ресурсындағы «Баспасөз орталығы» бөлімін редакциялауға рұқсаты бар.
- Аппарат басшысы өз құзыреті шегінде өздеріне бекітілген ақпараттық блок бойынша интернет-ресурсты және әлеуметтік желілердегі Тексеру комиссиясының ресми аккаунттарын толтыруға жауапты орындаушыларды тағайындайды.
Тиісті құрылымдық бөлімшелердің жауапты орындаушылары интернет-ресурстың өздеріне бекітілген бөлімдеріндегі және әлеуметтік желілердегі Тексеру комиссиясының ресми аккаунттарындағы материалдардың өзекті болуы мен толықтығын тұрақты негізде қадағалайды.
- Интернет-ресурсқа және әлеуметтік желілердегі Тексеру комиссиясының ресми аккаунттарына орналастыру үшін Тексеру комиссиясының Төрағасымен не оны алмастыратын лауазымды адаммен келісу алдында ақпараттық материалдарды:
- Аппарат басшысы стилистикалық мазмұны және материалдарды ресімдеу;
- Персоналды басқару қызметі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалылығы тұрғысынан тексереді.
- Орналастырылуын Тексеру комиссиясының Төрағасымен келіскеннен кейін жүзеге асыратын баспасөз релиздерін қоспағанда, ақпараттық материалдарды интернет-ресурсқа орналастыруды, түзетуді және жоюды аппарат басшысымен жүргізіледі.
Аппарат басшысы Тексеру комиссиясында пайдаланылатын барлық ақпараттық жүйелердің жарамды техникалық жай-күйін демеуді жүзеге асырады.
- Мемлекеттік сатып алуға қатысты ақпараттық материал Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен Тексеру комиссиясының интернет-ресурсына орналастырылады.
- Орналастыру үшін қажетті ақпараттық материал Documentolog АЖ жүйесіндегі қызметтік жазбаға электрондық түрде, MS Excel, MS Word, PDF, JPEG форматтарындағы файлдармен бекітіледі. Excel форматындағы файлда ақпараттық материал ұсынылған кезде ақпараттық материал бір Excel парағына орналастырылуы керек, басқа Excel парақтары жойылуы тиіс.
- Word форматындағы файлдарда ұсынылған ақпараттық материалдың үлгісі мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс:
- беттің жиегі: жоғарғы, төменгі және сол жағы - 2,5 см, оң жағы - 1,5 см, колонтитулсыз;
- беттердің нөмірленуі парақтың жоғарғы жағына ортасында қойылады, бірінші бетке нөмір қойылмайды;
- қаріп - Times New Roman, өлшемі - 14;
- абзацты ресімдеу: бірінші жолдың шегінісі - 1,27 см, жоларалық интервал – бір, сол және оң жақтағы шегініс - 0 см, мәтінді ені бойынша, тақырыпты ортасынан теңестіру;
- тізімді ресімдеу: тізімді қолмен нөмірлеу, нөмірдің сол жақ шетіндегі орны – 1,5 см, мәтіннің орны - шегініс 0 см.
- Тексеру комиссиясының интранет-порталында ақпараттық материалдарды дайындау осы бөлімде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
- Тексеру комиссиясының интранет-порталында материалдарды, оның ішінде ақпараттық материалдарды орналастыру, түзету және жою аппарат басшысымен Тексеру комиссиясының Төрағасының атына жазылған қызметтік жазба арқылы жүргізіледі.
- Ақпараттық материалдың атауы тіркеу нөмірі мен күні көрсетіле отырып, толық көрсетіледі. Ақпараттық материал файлының атауы латын тілінде беріледі.
1-параграф. Тексеру комиссиясының іс-шараларын ақпараттық ілгерілетуді ұйымдастыру
- Іс-шараны (отырыстарды, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, семинарларды және т.б.) ұйымдастыруға және өткізуге жауапты құрылымдық бөлімше немесе Тексеру комиссиясының осы іс-шараны өткізуге жауапты мүшесімен іс-шараны келіскеннен кейін оны өткізуге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Тексеру комиссиясының Төрағасына тиісті баспасөз релизінің жобасын жібереді.
- Баспасөз релиздерінің жобалары Тексеру комиссиясының Төрағасымен не оны алмастыратын лауазымды адаммен келісіледі.
- Тексеру комиссиясының төрағасымен не оны алмастыратын лауазымды адаммен келісілген баспасөз релизін тексеру комиссиясының интернет-ресурсында, сондай-ақ тексеру комиссиясының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында (бар болса) мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше немесе тексеру комиссиясының жауапты мүшесі Тексеру комиссиясының іс-шарасы өткізілетін күні немесе өзге де мерзімдерде орналастырады тексеру комиссиясының төрағасы не оны алмастыратын лауазымды адам айқындаған.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша тексеру комиссиясы отырыстарының қорытындылары бойынша баспасөз релиздері тексеру комиссиясының интернет-ресурсында, сондай-ақ тексеру комиссиясының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында пысықталғаннан кейін, осы отырыстың қорытындылары, тиісті аудиторлық қорытынды ескеріле отырып, бірақ отырыс өткізілгеннен кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде орналастырылады.
- Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын материалдар талқыланатын Тексеру комиссиясы іс-шараларының қорытындылары бойынша баспасөз релиздері ақпараттық кеңістікте орналастырылуға жатпайды.
- Аппарат басшысымен немесе Тексеру комиссиясының мүшесі Тексеру комиссиясының іс-шарасы өткізілгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей ол туралы анонс мәтінінің жобасын әзірлейді және Тексеру комиссиясының Төрағасымен келіседі.
Тексеру комиссиясының іс-шара анонсы мәтінінің жобасында іс-шараның тақырыбы мен күн тәртібіндегі мәселелер көрсетілген қысқаша ақпарат болуға тиіс.
- Аппарат басшысы анонс мәтіні келісілген күні, бірақ Тексеру комиссиясының іс-шарасы өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны Тексеру комиссиясының интернет-ресурсының «Баспасөз орталығы» бөліміне орналастырады және (немесе) БАҚ-та таратуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі Тексеру комиссиясының ресми аккаунттарына орналастырады.
- Баспасөз конференциялары (брифингтер, сұхбаттар) Тексеру комиссиясының іс-шараға жауапты мүшесінің ұсыныстары негізінде Тексеру комиссиясының Төрағасының не оны алмастыратын лауазымды адамның келісімімен ғана өткізіледі. Тексеру комиссиясының Төрағасы не оны алмастыратын лауазымды адам баспасөз конференциясының (брифингтер, сұхбаттар) тақырыбын, күнін, уақыты мен орнын айқындайды.
Аппарат басшысы баспасөз конференциясы (брифингтер, сұхбаттар) өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей баяндамашылар тізімі мен қатысушылар құрамын әзірлейді және Тексеру комиссиясының жауапты мүшесімен келіседі, сондай-ақ оның тиісті апта сайынғы медиа-жоспарда көрсетілуін қамтамасыз етеді.
- Баспасөз конференциясында (брифингтерде, сұхбаттарда) баяндамашылар ретінде айқындалған адамдар өткізілетін күнге дейін төрт жұмыс күнінен кешіктірмей өздерінің сөйлейтін сөздерінің мәтіндерін әзірлеуді және Тексеру комиссиясының іс-шараға жауапты мүшесімен және Тексеру комиссиясының Төрағасымен не оны алмастыратын лауазымды адаммен келісуді қамтамасыз етеді.
Тексеру комиссиясының жауапты мүшесімен келісілген баспасөз конференциясы (брифингтер, сұхбаттар) бойынша материалдар Тексеру комиссиясының Төрағасына не оны алмастыратын лауазымды адамға өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күні бұрын енгізіледі және бекітіледі.
- Аппарат басшысы баспасөз конференциясына дейін бір жұмыс күні бұрын дайындық жұмыстары шеңберінде:
- баспасөз конференциясын өткізу барысын талқылау үшін оған қатысатын баяндамашылармен және Тексеру комиссиясының жұмыскерлерімен кеңес өткізеді және баяндамашылардың сөз сөйлеу тәртібін нақтылайды;
- шақырылған журналистерге баспасөз конференциясын өткізу туралы еске салады;
- баспасөз конференциясына қатысатын БАҚ өкілдерінің саны мен құрамын нақтылайды;
- БАҚ өкілдеріне және баспасөз конференциясының басқа да қатысушыларына тарату үшін баспасөз конференциясына қатысушылардың тізімін жасайды;
- Күзет қызметіне ғимаратқа БАҚ өкілдерінің және басқа да шақырылған адамдардың кіруі үшін хат жолдайды;
- тіркеу нысанын әзірлейді, баспасөз конференциясына қатысушыларды тіркеуді жүзеге асыратын жұмыскерді айқындайды.
- Аппарат басшысы баспасөз конференциясы өткізілетін күні:
- баспасөз конференциясын өткізуге дайындықты тексереді;
- БАҚ өкілдерін қарсы алуды және оларды баспасөз конференциясы өтетін жерге дейін алып жүруді қамтамасыз етеді;
- баспасөз конференциясына қатысушыларды, оның ішінде БАҚ өкілдерін тіркейді;
- журналистерге сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.
- Аппарат басшысы баспасөз конференциясын, брифингті өткізу қорытындылары бойынша өткізілген күннен бастап бір күн ішінде баспасөз релизінің жобасын дайындайды және оны Тексеру комиссиясының интернет-ресурсына, әлеуметтік желілердегі Тексеру комиссиясының ресми аккаунттарына орналастырады және қажет болған жағдайда БАҚ-та таратуды қамтамасыз етеді.
- Тексеру комиссиясының атынан шығатын мақалалар апта сайынғы медиа-жоспарға сәйкес дайындалады және тек Жоғары аудиторлық палата Төрағасының не оны алмастыратын лауазымды адамның келісімімен немесе тапсырмасы бойынша жарияланады.
Тексеру комиссиясы атынан шығатын мақаланың мазмұны әдеби тілдің нормаларына сәйкес келуі, белгіленген тақырыпты толық ашып көрсетуі, оның мағынасын әр түрлі түсіндіруді болдырмауы, Тексеру комиссиясының жүргізіп отырған саясатына, оның ішінде қоғаммен байланыс саласындағы саясатына қайшы келмеуі тиіс.
- Мақаланың авторы мақаланы жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына беру мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның жобасын мүдделі құрылымдық бөлімшелермен және Тексеру комиссиясының мүшелерімен келіседі.
- Барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келісілгеннен кейін мақаланың авторы БАҚ-та жариялау үшін беру мерзіміне дейін төрт жұмыс күнінен кешіктірмей оның жобасын Тексеру комиссиясының жауапты мүшесімен және Тексеру комиссиясының Төрағасымен не оны алмастыратын лауазымды адаммен келіседі.
- Мақала авторы барлық тиісті лауазымды адамдармен және мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келісілген күні мақаланы БАҚ-та жариялау үшін оны жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге береді.
- Аппарат басшысы жарияланымды Тексеру комиссиясының интернет-ресурсына, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі Тексеру комиссиясының ресми аккаунттарына орналастырады және мақаланың БАҚ-та жариялануын қадағалайды.
2-параграф. БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға жедел ден қою алгоритмі
- Мониторингілеуге жататын БАҚ-қа отандық БАҚ-тың интернет-ресурстары, Қазақстан Республикасында ұсынылған әлеуметтік желілер жатады.
Тексеру комиссиясы және оның жұмыскерлері туралы теріс жарияланымдар тұрғысынан БАҚ және әлеуметтік желілер, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) ақпараттық ресурстарын мониторингілеуді аппарат басшысы жүзеге асырады.
- Аппарат басшысы Тексеру комиссиясы және оның жұмыскерлері туралы жағымсыз жарияланымдарды анықталған кезде бір жұмыс күні ішінде бұл туралы Тексеру комиссиясының Төрағасын не оны алмастыратын лауазымды адамды хабардар етеді.
Тексеру комиссиясының Төрағасы не оны алмастыратын лауазымды адам одан әрі іс-қимылдар туралы шешім қабылдайды, оның ішінде Тексеру комиссиясының ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығару туралы жауаптың, жарияланымның не түсініктеменің жобасын екі жұмыс күні ішінде дайындауға жауапты құрылымдық бөлімшені айқындайды.
Дайындалған және Тексеру комиссиясының Төрағасымен не оны алмастыратын лауазымды адаммен келісілген ақпарат теріске шығаруды жариялауды талап ете отырып, тиісті БАҚ редакциясына жіберіледі, тиісті әлеуметтік желінің ресми аккаунтынан әлеуметтік желілердегі тиісті посттарға түсініктемелер жарияланады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілердегі Тексеру комиссиясының ресми аккаунттарында тақырыптық брифингтер, баспасөз конференциялары немесе сұхбаттар ұйымдастырылуы мүмкін, (немесе) Тексеру комиссиясының қызметі не оның жекелеген бағыттары шеңберінде тақырыптық посттарды, мақалаларды, жарияланымдарды қолдау үшін репосттар, түсініктемелер дайындалуы мүмкін.
14-тарау. Мемлекеттік аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымдардың және (немесе) сарапшылардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу
- Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымдардың және (немесе) сарапшылардың қызметтерін сатып алған кезде техникалық өзіндік ерекшелік (конкурстық құжаттама) Тексеру комиссиясының Төрағасымен және тиісті аудиторлық іс-шараны өткізуге жауапты мүшесімен келісіледі.
- Тексеру комиссиясының тиісті аудиторлық іс-шараны өткізуге жауапты мүшесі аудиторлық ұйымдардың және (немесе) сарапшылардың көрсетілген қызметтерінің нәтижелерін келіседі.
Тексеру комиссиясы Регламентіне
1 қосымша
БЕКІТЕМІН
Тексеру комиссиясының Төрағасы
___________________ А.Ә.Т.
20__ жылғы «___» ______
Тексеру комиссиясының кезекті жылға (тоқсанға) арналған жұмыс жоспары
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Орындау мерзімі |
Күтілетін нәтижелер |
Орындауға жауаптылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Әдіснамалық қызмет | |||||
Талдамалық қызмет | |||||
Құқықтық қызмет | |||||
Ұйымдастырушылық, халықаралық қызмет және басқа да бағыттар | |||||
Тексеру комиссиясы Регламентіне
2 қосымша
Жұмыс жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп
Жоспар бойынша тармақтың және тармақша-ның № |
Іс-шараның атауы |
Жоспарда көрсетілген аяқталу нысаны |
Нақты орындау мерзімі |
Жұмыс жоспарының іс-шараларын орындау мақсатында Тексеру комиссиясының басшылығына ұсынылған Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшесі құжатының (жазбалар, есептер және ақпарат) №, күні және мәтіннің қысқаша мазмұнын көрсете отырып, ол бойынша қарар |
Қол жеткізілген нәтижелер (жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Тексеру комиссиясы Регламентіне
3 қосымша
Тексеру комиссиясыныңотырысын өткізу алгоритмі
Р/с№ |
Іс-шаралар |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Ескертпе |
Күн тәртібінің жобасын қалыптастырып, аппарат басшысымен келісу |
Төрағаның қатысуымен – отырыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Төрағының қатысуынсыз - отырыс өткізілетін күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей |
Отырысты өткізуге бастама білдірген немесе отырысқа шығарылатын мәселелер құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімше |
||
Күн тәртібінің жобасын қалыптастырып Тексеру комиссиясының Төрағасымен келісу (отырыс оның қатысуымен өтетін кезде) |
отырыс өткізілетін күнге дейін төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей |
Аппарат басшысы Тексеру комиссиясының жетекшілік ететін мүшесінің келісімі бойынша |
||
Отырысқа шығарылған мәселелер бойынша ақпаратты дайындау және жинақтау үшін аппарат басшысы белгілеген құрылымдық бөлімшеге ұсыну |
отырыс өткізілетін күнге дейін екі күннен кешіктірілмей |
Отырысты өткізуге бастама білдірген немесе отырысқа шығарылатын мәселелер құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімше |
||
Хаттамалық тапсырмалардың жобасы бойынша ұсыныстар дайындау және басшылыққа ұсыну |
отырыс өткізілетін күнге дейін екі күннен кешіктірілмей |
Отырысты өткізуге бастама білдірген немесе отырысқа шығарылатын мәселелер құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімше |
||
Отырысты өткізу тәртібінің жобасын дайындау және басшылықпен келісу |
отырыс өткізілетін күнге дейін екі күннен кешіктірілмей (сағат 13.00-ге дейін) |
Тексеру комиссиясының жетекшілік ететін мүшесінің келісімі бойынша отырысты өткізудің бастамашысы |
||
Отырысқа шақырылатын лауазымды адамдар тобы бойынша ұсыныстар енгізу |
отырыс өткізілетін күнге дейін екі күннен кешіктірілмей |
Отырысты өткізуге бастамашы |
||
Алдағы болатын отырысқа арналған материалдардың толық пакетін басшылыққа келісуге ұсыну |
отырыс өткізілетін күнге дейін екі күннен кешіктірілмей (сағат 19.00-ге дейін) |
Отырысты өткізуге бастамашы |
||
Отырысқа қатысушыларға отырысқа арналған материалдарды жіберу |
отырыс өткізілетін күннен бір күн бұрын (сағат 13.00-ге дейін) |
Отырысты өткізуге бастамашы |
||
Мәжіліс залын отырысқа дайындауды және безендіруді ұйымдастыру |
отырыс өткізілетін күннен бір күн бұрын |
Қаржылық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше |
||
Отырысқа қатысушыларды тіркеу және орындарына отырғызу (тізім бойынша) |
отырыс өткізілетін күні (басталғанға дейін жарты сағат бұрын) |
Отырысты өткізуге бастамашы |
||
Өткен отырыстың стенограммасын электрондық форматта дайындау |
отырыс өткізілген күннен кейінгі жұмыс күні (сағат 11.00-ге дейін) |
Отырысты өткізуге бастамашы |
||
Отырыс хаттамасының жобасын мүдделі лауазымды адамдармен келісу |
отырыс өткізілген күннен кейінгі жұмыс күні (сағат 18.00-ге дейін) |
Отырысты өткізуге бастамашы |
||
Хаттама жобасын редакциялау |
отырыс өткізілген күннен кейінгі жұмыс күні (сағат 18.00-ге дейін) |
Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше |
||
Отырыстың хаттамасын басшылыққа қол қоюға енгізу |
отырыс өткізілген күннен кейінгі екінші жұмыс күні |
Отырысты өткізуге бастамашы |
||
Отырыстың хаттамасын Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің деректер базасында тіркеу және оны адресаттарға жіберу |
хаттамаға қол қойылған күні |
Құжат айналымын қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше |
||
Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау |
тұрақты негізде |
Хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзімдерін бақылауға жауапты құрылымдық бөлімше |
Тексеру комиссиясы Регламентіне
4 қосымша
Нысан
Тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шараларының қорытындылары бойынша отырыс өткізу және Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының қызметін жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру тәртібі
Талдықорған қаласы Күні, уақыты
Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.
Қайырлы күн!
Құрметті Тексеру комиссиясының! Отырысқа қатысушылар!
Отырысты өткізуге кворум бар, отырысты ашық деп жариялаймын.
Отырыста мына мәселелерді қарауға шығару ұсынылып отыр:
- Мәселе
- Мәселе
- …..
Күн тәртібі бойынша сұрақтар болмаса, күн тәртібін бекітуді ұсынамын.
Баяндамашы мен қосымша баяндамашыларға сөз сөйлеу үшін 10 минут дейін, ал сөз сөйлейтіндерге 3 минут дейін уақыт беруді ұсынамын.
Бақылау қорытындысын қарастыруға көшейік.
Тексеру комиссиясының 20... жылғы .. - тоқсанға арналған жұмыс жоспарына сәйкес .......... пайдаланылу тиімділігін бақылау Тексеру комиссиясының мүшесі ........... басшылығымен жүргізілді.
Осы мәселе бойынша Тексеру комиссиясының отырысына:
- .............., сонымен қатар Тексеру комиссиясының жұмыскерлері қатысып отыр.
Сөз баяндама жасау үшін Тексеру комиссиясының мүшесі (А.Ә.Т.) беріледі.
Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.: Тексеру комиссиясы мүшелерінің баяндамашыға қоятын сұрақтары бар ма?
А.Ә.Т.
***
Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.:Егер жоқ болса, сөз мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің және (немесе) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысына (лауазымының атауы, А.Ә.Т.) беріледі.
Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.: Сөз сөйлеушіге сұрақтарыңыз бар ма?
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісінің және (немесе) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысына қойылатын сұрақтар.
- Сұрақ:
- Сұрақ: …. .
Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.: Талқыланып отырған сұрақ бойынша сөз сөйлегісі келетіндер бар ма?
(Тексеру комиссиясының мүшелерінің қаралып отырған сұрақты талқылауы)
Тексеру комиссиясы Төрағасының қорытынды сөзі.
Құрметті отырысқа қатысушылар, әріптестер! (қысқаша қорытынды).
Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.
Осы сұрақ бойынша шақырылғандар шыға берсе болады!
Тексеру комиссиясы қаулысының жобасын талқылау.
Тексеру комиссиясы қаулысының жобасы бойынша дауыс беру.
(талқылап, дауыс беруден кейін)
Тексеру комиссиясының Төрағасы А.Ә.Т.
Құрметті әріптестер!
Күн тәртібінің барлық мәселелерін қарап шықтық.
Отырысты жабық деп жариялаймын!
Тексеру комиссиясы Регламентіне
5 қосымша
Нысан
Тексеру комиссиясының
отырысының күн тәртібі
Талдықорған қаласы Күні, уақыты
- «…….мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары туралы және (немесе) ... қызметін жоспарлы тәртіппен бағалау жөніндегі тексеру қорытындылары туралы».
Баяндамашы: Тексеру комиссиясының мүшесі А.Ә.Т.
Аппарат басшысы А.Ә.Т.
Тексеру комиссиясы Регламентіне
6 қосымша
Тексеру комиссиясының отырысына шақырылғандардың тізімі
___________________________________________
(отырыс тақырыбы)
Өтетін орны |
20___ жылғы__ ______________ |
сағат00.00 |
№ р/с |
№ р/с |
А.Ә.Т. |
Лауазымы |
Тексеру комиссиясының Төрағасы, мүшелері (А.Ә.Т.–алфавит ретімен) | |||
1. |
1. |
||
2. |
2. |
||
3. |
3. |
||
4. |
4. |
||
5. |
5. |
||
6. |
6. |
||
7. |
7. |
||
8. |
8. |
||
9. |
9. |
||
Тексеру комиссиясының аппарат басшысы | |||
10. |
1. |
||
Тексеру комиссиясының аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары* (А.Ә.Т. –алфавит ретімен) | |||
11. |
1. |
||
12. |
2. |
||
13. |
3. |
||
14. |
4. |
||
15. |
5. |
||
16. |
6. |
||
17. |
7. |
||
Мемлекеттікаудиторлар* (атқарып отырған лауазымдардың үлкендік ретіне сәйкес) | |||
18. |
1. |
||
19. |
2. |
||
Мемлекеттік аудит объектілерінің және (немесе) мемлекеттік аудит жәнне қаржылық бақылау органының шақырылған адамдары** (Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының протоколдық үлкендік ретіне сәйкес) | |||
____________________басқармасы | |||
20. |
1. |
||
21. |
2. |
||
______________________________әкімдігі | |||
22. |
1. |
||
23. |
2. |
||
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері*** | |||
24. |
1. |
||
25. |
2. |
||
Ескертпе:
* - тізімге Тексеру комисиясының отырысына қатысуға рұқсат берілген адамдар қосылған;
** - тізімге Тексеру комисиясының отырысына қатысуға рұқсат берілген адамдар, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1 және 2-қосымшалармен Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының протоколдық үлкендік ретіне сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің және олардың өкілдерінің (әр объекті бойынша жеке) тізімі қосылған (қосымшада);
*** - тізімге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қосылған, отырысқа қатысуға рұқсатты Тексеру комисиясы баспасөз хатшысының үйлестіруі кезінде Тексеру комисиясының басшылығы айқындайды.
Тексеру комиссиясы Регламентіне
7 қосымша
Форма
СХЕМА РАССАДКИ УЧАСТНИКОВ ЗАСЕДАНИЯ РЕВИЗИОННОЙ КОМИССИИ
ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ (А.Ә.Т.. – алфавит ретімен)
Тексеру комиссиясы Регламентіне
8 қосымша
Тексеру комиссиясы отырысының хаттамасы
Талдықорған қ. |
№___ |
күні |
Күн тәртібі:
- … қызметін жоспарлы тәртіппен бағалау жөніндегі аудиторлық іс-шараның және (немесе) тексерудің атауы
1.
(Тексеру комиссиясы Төрағасы, сөз сөйлеушілердің А.Ә.Т.)
2.
(Тексеру комиссиясының Төрағасы, сөз сөйлеушілердің А.Ә.Т.)
Төраға А.Ә.Т.
Тексеру комиссиясы Регламентіне
9 қосымша
Нысан
Тексеру комиссиясының
Төрағасы
_____________________
Халықаралық іс-шараларға қатысу қорытындылары бойынша есеп
А.Ә.Т. ____________________________
Лауазымы ___________________________________________________________
Құрылымдық бөлімшенің атауы ________________________________________
- Кіріспе бөлік
- Іс-шара туралы жалпы мәліметтер
Халықаралық іс-шара нысаны: |
(отырыс, симпозиум, конференция,мемлекеттік аудит) |
Іс-шараның атауы: |
(тақырыбы) |
Халықаралық іс-шараның өтетін орны: |
(қала,ел) |
Ұйым атауы: |
(соның базасында іс-шара өткізілді) |
Халықаралық іс-шараның мақсаттары: |
(іс-шараға шақырту хатына сәйкес көрсетіледі) |
Халықаралық іс-шараны өткізу мерзімдері: |
басталуы: ____________ аяқталуы: _______________ ұзақтығы: _____күн |
Қаржыландыру көзі: |
- 2. Негізгі бөлік
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (Іс-шара бағдарламасы мазмұнының қысқаша сипаттамасы (іс-шараның форматы, ұзақтығы, шақырылғандардың құрамы және өзге де ақпарат)
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (Іс-шара нәтижесінде алынған тәжірибені сипаттау, оның мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының қызметінде қолданылуы)
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (Қол жеткізілген уағдаластықтар, қабылданған келісімдер (болған жағдайда)
- Қорытынды
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (Алынған тәжірибені мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оның қызметінде қолдану бойынша сындарлы ұсыныстар (қысқаша, нақты, анық)
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (Басқа ұсыныстар(қысқаша, нақты, анық)
Есепке мыналар қоса беріліп отыр:
1.______________________________________________________________
2.______________________________________________________________
3.______________________________________________________________
4.______________________________________________________________
5.______________________________________________________________
(іс-шараның бағдарламасын, жиналған материалдардың тізбесін, іс-шараны өткізудің нәтижелері туралы және іс-шараға қатысқанын растайтын құжаттарды (хаттаманың/бағдарламаның/күн тәртібінің көшірмесін), сондай-ақ алынған тәжірибенің мазмұнын сипаттайтын іс-шара туралы басқа да құжаттар мен материалдарды көрсетіп, есепке қоса беру)
Есепті ұсынған:
____________________________________ ______________ __________
(А.Ә.Т.) (лауазымы) (қолы)
20____жылғы «____»__________________
Тексеру комиссиясы Регламентіне
10 қосымша
Форма
Руководитель аппарата ревизионной комиссии по области Жетісу
Ф.И.О.____________________
Учет рабочего времени
работников ревизионной комиссии «___»___ _ _ _ _ 20 _ _ года__________
№ |
Ф.И.О. |
09-00 |
14-30 |
Примечание |
Отдел административно - правового обеспечения и контроля качества | ||||
Руководитель отдела * | ||||
1. |
||||
Главный специалист - бухгалтер * | ||||
2. |
||||
Главный специалист - юрист * | ||||
3. |
||||
Главный специалист - эксперт * | ||||
4. |
||||
Служба управления персоналом * | ||||
Руководитель службы * | ||||
1. |
||||
Ведущий специалист * | ||||
2. |
||||
Отдел планирования, анализа и отчетности * | ||||
Руководитель отдела * | ||||
1. |
||||
Главный специалист * | ||||
2. |
||||
3. |
||||
Отдел государственного аудита №1* | ||||
Руководитель отдела - государственный аудитор * | ||||
1. |
||||
Главный инспектор - государственный аудитор * | ||||
2. |
||||
Главный специалист - государственный аудитор * | ||||
3. |
||||
№ |
Ф.И.О. |
09-00 |
14-30 |
Примечание |
Главный специалист - государственный аудитор * | ||||
4. |
||||
Отдел государственного аудита №2 * | ||||
Руководитель отдела - государственный аудитор * | ||||
1. |
||||
Главный инспектор - государственный аудитор * | ||||
2. |
||||
Главный специалист - государственный аудитор * | ||||
3. |
||||
Главный специалист - государственный аудитор * | ||||
4. |
||||
Отдел государственного аудита №3* | ||||
2. |
||||
Главный специалист - государственный аудитор * | ||||
3. |
||||
Отдел государственного аудита №4 * | ||||
Руководитель отдела - государственный аудитор * | ||||
1. |
||||
Главный инспектор - государственный аудитор * | ||||
2. |
||||
Главный специалист - государственный аудитор * | ||||
3. |
||||
внештатные сотрудники | ||||
1. |
||||
2. |
||||
3. |
||||
4. |
||||
5. |
||||
… |
||||
Руководитель службы управление персоналом Ф.И.О.
* наименование структурных подразделений и должности работников могут изменяться, в зависимости от шатаного расписания
Тексеру комиссиясы Регламентіне
11 қосымша
Нысан
Тексеру комиссиясыжұмыскерлерінің ____ жылға арналған еңбек демалыстарының графигі
Р/с |
Жұмыскердің А.Ә.Т. |
Жұмыскердің лауазымы |
Еңбек демалысының жоспарланған кезеңі (ай) |
Жұмыскердің қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
(құрылымдық бөлімшенің атауы) | ||||
1. |
||||
2. |
||||
3. |
||||
(құрылымдық бөлімшенің атауы) | ||||
4. |
||||
5. |
||||
6. |
||||
Ескертпе: құрылымдық бөлімшелер жаңадан қабылданған жұмыскерлер болған кезде кадр қызметіне графикке өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолдайды.