Жетісу облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды (12 наурыз 2026 ж.)

    ·

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Асқар Арыстан Асқарұлының қатысуымен Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша жиын өтті.

    Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.

    Жиын қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.

    Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және алдын алу шараларын күшейту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.

    Жиын қорытындысында мемлекеттік қызметте ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жетісу облысы бойынша тексеру комиссияларының 2026 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары

    Жарияланды:
    Басқа

    «Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Регламенті

    Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2023 жылғы 8 қыркүйегіндегі №61/ө бұйрығына 1 қосымша «Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Регламенті 1 тарау. Жалпы ережелер Осы «Же...

    Жарияланды:
    Заң

    2026 ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

    Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда...

    Жарияланды:
    Мемлекеттік сатып алу жоспары

    2026 ж. Мемлекеттік сатып алулар

    Жарияланды:
    Ереже

    Ереже 2026 ж.

    Жарияланды:
    Кесте

    2026 ж. Штаттық кестесі

    Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының штаттық кестесі Бөлімше, лауазым Штаттық бірліктердің саны Санаты 1 2 3 Басшылық (6 бірлік) Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы 1 D-1 Жетісу облысы бойынша...

    Жарияланды:
    Тізбе

    2026 жылға арналған Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (25.08.2026 ж.)

    Жарияланды:
    Тізбе

    2026 жылға арналған Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (07.08.2026)

    Жарияланды: