«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.09.2026 – 08.09.2026
Қабылдау 1 этап: 07.09.2026- 08.09.2026
Қабылдау 2 этап: 09.09.2026
Практикалық бағалау: 10.09.2026
Анықтама телефоны: 87164891571
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы, E-4
Функционалдық міндеттері:
Депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңесшісі және жетекшісі болып табылады. Құжаттардың аудармасы және түп нұсқамен бірдей болуына бақылау жүргізеді. Мәслихат аппаратының маңдайша жазуларының және көрнекіліктерінің дұрыс аударылуын қадағалайды. Мәслихат сессияларын дайындауға және өткізуге ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етеді, сессия хаттамаларын, материалдарын, тұрақты комиссия қаулыларын, төрағаның өкімдерін және басқа да құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдейді. Түсетін электронды поштаны қадағалайды. Мәслихаттың сайтын керекті материалдармен қамтамасыз етеді. Аудандық мәслихаттың жауапты қызметкерлерінің жұмысқа шығуын есепке алу табелін, мәслихат аппаратының қызметкерлерінің еңбек демалысы кестесін құрады. Айтулы даталардың өткізілуімен байланысты материалдарды дайындайды. Мәслихаттың сессиясын дайындайды (материалдық-техникалық қамтамасыз етеді). Сайлау комиссиясын құру бойынша базаны, БЭҚАЖ Е-қызмет бағдарламасын жүргізеді. Әділет органдарына нормативтік құықтық актілердің жариялануы бойынша апта сайын есеп құрады. Депутаттарға өз өкілеттерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Құжаттарды мұрағатқа тапсыру үшін өңдейді және дайындайды. Төрағамен, аппарат басшысымен және бөлім басшысымен анықталған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Білімі бойынша талап: Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіптік білім: білім беру немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.