№ 354-НҚ от 20.08.2026

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті

    Дәрілік препараттардың

    тіркеу куәліктерін кері

    қайтарып алу туралы

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік препараттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылып алынсын.
    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын.
    3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

    1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

    2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрлігі

    Медициналық және

    фармацевтикалық бақылау

    комитетінің төрағасы Б. Жүсіпов

    Жүктеу
    06dace9c41869338a8094aff7ccddcac_original.108348.docx
    DOCX · 106 КБ
    Жүктеу
    ca9493c67a30121ca31a187e6fa97609_original.109887.docx
    DOCX · 107 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    № 363-НҚ от 03.09.2026

    «Ребиф® иньекцияға арналған ерітінді 22мкг/0,5мл; 44мкг/0,5 мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының...

    Бұйрық

    № 373-НҚ от 07.09.2026

    Кейбір медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерін кері қайтару туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10- бабының 7) тармақшасына және 259-бабы 1-тармағының 1) т...

    Бұйрық

    № 369-НҚ от 03.09.2026

    «Ксамиол®, гель 15г,30г.» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағ...

    Бұйрық

    № 367-НҚ от 03.09.2026

    «Тайсабри, ерітіндідайындауға арналған концентрат, 300 мг/15 мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабыны...

    Бұйрық

    № 372-НҚ от 04.09.2026

    Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына...