Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Жаңалықтар
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензияны қалай алуға болады?
Департаментте фармацевтикалық қызметтің жекелеген түрлеріне лицензия алу тәртібі түсіндірілді
Департамент қызметкерлері есірткі құралдары мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық кездесуге қатысты
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты: алу тәртібі және қажетті құжаттар
Департамент 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қорытындысын шығарды
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою: заңнама талаптары
Құжаттар
№ 300-НҚ от 09.07.2026
«Декарис,таблеткалар, 50 мг, 150 мг» дәрілік заттыңтіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген) және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің «Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидалары» туралы 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешімінің 10-тарауы 160-тармағы А) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: «Декарис, таблеткалар, 50 мг, 150 мг» (2024 жылғы 5 қыркүйектегі ЛП-№002801-ГП-KZ, 2017 жылғы 16 қарашадағы ҚР-ДЗ-5№012008 және ҚР-ДЗ-5№012009) тіркеу куәлігін ұстаушы «Gedeon Richter Pic», Венгрия, дәрілік заттың тіркеу куәліктері кері қайтарылсын. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде: 1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды; 2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Б. Жүсіпов
№ -25/2010-И от 15.07.2026
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық жәнефармацевтикалық бақылауКомитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай – Департамент) келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен, 2026 жылға дейінгі әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарының 20, 21, 25-тармағындарды орындау мақсатында - Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында, Департамент бойынша фотоматериалдар және әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың сілтемелерін хатта жолданғанын хабарлайды. Басшы С. Құралбек 1. Департамент жылына екі рет – наурыз және қазан айларында «Ашық есік күні» акциясын өткізеді. 2026 жылғы 20 наурызда өткен іс-шараға шамамен 60 азамат пен медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Акция барысында: маман сертификатын алу; медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау; жоспардан тыс тексерулер жүргізу; GPP (Тиісті дәріханалық практика) сертификатын алу; медициналық қызметтің (көмектің) сапасына қатысты өтініштер беру мәселелері талқыланды. Департамент қызметкерлері халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық кәсіпорындардың өкілдері қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар білдірді. Аталған ұсыныстар ескеріліп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тиісті хаттар жолданды. 2. Наурыз мерекесіне орай Астана қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық спорт түрлерінен қалалық жарыстар өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Аталған маңызды жарысқа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері белсенді қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс бағдарламасына: асық ату; тоғызқұмалақ; дәстүрлі садақ ату; арқан тарту; қол күресі; кір көтеру енгізілді. Белсенді қатысқан Департамент қызметкерлері Құрмет грамоталарымен марапатталды. Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі! Осындай іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және салауатты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. 3. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Мерекелік іс-шара аясында ұлттық киім киген қызметкерлер көктем мен жаңаруға арналған поэзиялық оқуларға қатысты. Іс-шара барысында қазақтың ұлы ақындары Абай Құнанбайұлы мен Мұқағали Мақатаевтың шығармалары оқылды. Өлең оқу байқауы халықтың рухани құндылықтары мен мәдени мұрасының жарқын көрінісіне айналды. Мұндай бастамалар ұлттық бірегейлікті нығайтуға, бірлікті күшейтуге және ұлттық дәстүрлерге деген құрметті арттыруға ықпал етеді. Департамент құрылған күннен бастап ұлттық дәстүрлерді сақтауға және насихаттауға ерекше көңіл бөліп келеді, Қазақстанның мәдени мұрасын құрметтейді және жыл сайын мемлекеттік маңызы бар мерекелерді атап өтеді. 4. Астанада әріптестердің қошеметімен, гүл шоқтары мен лайықты марапаттар табысталып, елорда фармацевтика саласының үздік мамандары құрметке ие болды. University Medical Center конференц-залында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған «Үздік провизор – 2026» өңірлік кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы шығарылды. Биыл үздік атағы үшін фармацевтика саласының 9 маманы бақ сынады. Байқау тек жарыс қана емес, кәсіби білімді, практикалық тәжірибені және фармацевтикалық көмекті дамытудағы заманауи тәсілдерді көрсету алаңына айналды. Қатысушылар кәсіби тестілеуден, жетістіктерін бағалаудан өтіп, сарапшылар комиссиясының алдында өз жобаларын таныстырды. Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін, мамандыққа деген адалдығы мен үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылысын ерекше атап өтті. Байқау қорытындысы бойынша: І орын – «SALAMAT» компаниялар тобының фармацевті Жұлдыз Әлікұлова; ІІ орын – «МФК Гиппократ» ЖШС қызметкері Динара Абдуллина; ІІІ орын – University Medical Center корпоративтік қоры стационарлық дәріханасының меңгерушісі Гүлжаз Ердібекова иеленді. Марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Жеңімпаздарды әріптестері, кәсіби қауымдастық өкілдері және медициналық ұйымдардың басшылары құттықтады. «Үздік провизор» байқауы денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін қолдауға бағытталған маңызды кәсіби дәстүрге айналып, фармацевтикалық қызметтің қоғам денсаулығын сақтаудағы ерекше рөлін айқындайды. 5. Департамент басшысы С. Құралбек Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шарада құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара барысында бөлім қызметкерлері: Мемлекеттік Елтаңба; Мемлекеттік Ту; Мемлекеттік Әнұран туралы баяндамалар әзірледі. Салтанатты жиын соңында Департамент басшылығы мен қызметкерлері бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады. Іс-шара барысында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұранның шығу тарихы, авторлары мен олардың мемлекеттік маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді. 6. Департаменттің ресми ақпараттық ресурстарында «Біз есірткіге қарсымыз» тақырыбында ақпараттық материал жарияланды. Материалдың мақсаты – есірткінің зияны туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және азаматтардың есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелеріне жауапкершілігін күшейту. 7. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын сақтау және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру кездесуін ұйымдастырды. Кездесудің спикері ретінде Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасына қарасты «Qamqor Astana» қоғамдық қорының ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Романова Әдия Төлегенқызы сөз сөйледі. Кездесу барысында: Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидалары; «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; адам құқықтары мен ар-ождан бостандығын қорғау саласындағы халықаралық нормалар қарастырылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453 және 490-баптарында көзделген әкімшілік жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға: діни әдебиеттерді заңсыз тарату; рұқсат етілмеген діни рәсімдерді өткізу; діни араздықты қоздыратын материалдарды сақтау; терроризм туралы көрінеу жалған ақпарат тарату үшін жауапкершілік түсіндірілді. Сонымен қатар діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға қойылатын заң талаптары түсіндіріліп, мұндай қызметтің тек заңнамада белгіленген арнайы орындарда, ғибадат үйлерінде және діни оқу орындарында жүзеге асырылатыны атап өтілді. Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, зайырлы мемлекет қағидаттарын нығайтуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. 8. Астанада Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан фармацевтика саласының өкілдеріне ведомстволық наградаларды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының қолы қойылған Құрмет грамоталарымен: Дәулеткерей Алмас Бекежанұлы; Жанерке Серікқалиқызы; Алуа Мұрат марапатталды. Департамент басшысының қолы қойылған Құрмет грамоталарымен: Рая Аглесова; Мирлан Аманов марапатталды. Отандық денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін төрт дәріхана ұйымы Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының Астана қаласындағы филиалының директоры Гүлнарай Сәлімқызы Әлмұрзина «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Барлық марапат иелерін лайықты марапаттарымен құттықтап, кәсіби қызметтеріне табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. 9. Ақпан айы қан донорлығы айы болып жарияланды. Осыған орай Департамент қызметкерлері Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына барып, донорлық акцияға белсенді қатысты. Мұндай іс-шаралар азаматтық жауапкершілікті нығайтуға, ерікті қан донорлығын дамытуға және өмірді құтқаруға бағытталған игі бастамаларды қолдауға ықпал етеді. 10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Мемлекет басшысының 2026 жылғы 30 маусымда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында берген денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпараттандырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде саланың серпінді дамуының негізгі көрсеткіштерін атап өтті: 2019 жылдан бері елімізде шамамен 1300 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді; қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтады; Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес Қазақстан өңірдегі көшбасшы елдердің қатарына енді. Мемлекет басшысы сақтандыру мәртебесіне қарамастан әрбір азаматқа кепілдендірілген медициналық көмектің қолжетімді екенін және нейрохирургиядан бастап репродуктивтік медицинаға дейінгі жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімді болғанын ерекше атап өтті. Медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға жауапты Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық бөлімшесі ретінде Департамент аталған басымдықтарды іске асыруға барлық күш-жігерін бағыттап келеді. Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде Департамент тұрақты негізде: кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін (ТМККК) қоса алғанда, медициналық көмекті көрсету стандарттарының сақталуын бақылайды; жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету кезінде қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасына мониторинг жүргізеді; өңірдегі барлық жаңа және қолданыстағы денсаулық сақтау ұйымдарында пациенттердің сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек алу құқықтарын қорғайды. Өмір сүру ұзақтығының артуы мен инновациялық медицинаға қолжетімділік – жүйелі мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Департамент әрбір медициналық ұйым мен көрсетілетін қызметтің Мемлекет басшысы айқындаған жоғары сапа талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады. 11. Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық фармацевтика саласының айтарлықтай жетістіктерін атап өтіп, оның одан әрі орнықты дамуының маңыздылығына тоқталды. Президенттің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша Қазақстан фармацевтика саласына деген сенім деңгейі жөнінен ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты. Сонымен қатар: дәрілік заттар нарығының көлемі 1 триллион теңгеден асты; соңғы үш жылда салаға тартылған шетелдік инвестициялар көлемі үш еседен астам өсті. Мемлекет басшысы қол жеткізілген нәтижелердің саланы одан әрі жетілдіруге негіз болатынын атап өтті. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін мемлекеттік бақылау саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді. Департамент қызметі: заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге; дәрілік заттар айналымына мемлекеттік бақылауды күшейтуге; азаматтардың қауіпсіз әрі сапалы фармацевтикалық өнімге қол жеткізу құқықтарын қорғауға бағытталған. Мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру халықтың отандық фармацевтика саласына деген сенімін арттыруға, инвестициялық тартымдылықты күшейтуге және халықаралық сапа стандарттарын енгізуге ықпал етеді. 12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдаудың аяқталғаны туралы хабарлады. Жүргізілген жұмыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін факторларды анықтауға, ішкі процестерді жетілдіруге және Департамент қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталды. Талдау қорытындысы бойынша: анықталған тәуекелдерді барынша азайту шаралары; ішкі бақылау тетіктерін күшейту; басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар айқындалды. Бұл шараларды іске асыру Департамент қызметінде ашықтық, заңдылық және адалдық қағидаттарын нығайтуға мүмкіндік береді. 13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ербол Жолданғар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті мен Жер ресурстарын басқару комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңдарындағы негізгі өзгерістер мен жаңа бағыттар жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда: «Е-қызмет» платформасы арқылы мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін цифрландыру; клиентке бағдарлану қағидаты; мүдделер қақтығысының алдын алу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің тәуелсіздігін қамтамасыз ету; пара беруге уәде ету, пара ұсыну және пара талап ету үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу, сондай-ақ басқа да маңызды жаңашылдықтар. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
№ 296-НҚ от 08.07.2026
«Тенокс,таблеткалар, 5 мг, 10 мг» дәрілік заттыңтіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН: «Тенокс, таблеткалар, 5 мг, 10 мг», ҚР-ДЗ-5№003279, ҚР-ДЗ-5№003280, тіркеу куәлігін ұстаушы «КРКА, д.д., Ново место», Словения, дәрілік заттың тіркеу куәліктері кері қайтарылсын. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде: 1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды; 2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Б. Жүсіпов
№ 291-НҚ от 02.07.2026
«Танакан® ЕGb 761, ішке қабылдауға арналған ерітінді» дәрілік заттыңтіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН: «Танакан® ЕGb 761, ішке қабылдауға арналған ерітінді», ҚР-ДЗ-5№003277, тіркеу куәлігін ұстаушы «IPSEN Consumer HealthСare», Франция, дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылсын. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде: 1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды; 2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Б. Жүсіпов
№ 330-НҚ от 4 июля 2025 года
«Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2025 жылғы 4 шілдедегі №330-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2025 жылғы 4 шілдедегі №330-НҚ «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы» бұйрығына осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес толықтыру енгізілсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Негіздеме: «Медокеми ЛТД» компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің 2026 жылғы 26 наурыздағы №24 шығыс хаты. ТөрағаБ. Жүсіпов Қосымша Кері қайтарып алуға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі Алфинор 16 мг Алфинор 24 мг Алфинор 8 мг Амлодимед 10 мг Амлодимед 5 мг Апонил 100 мг Архимакс 500 мг Аксетин 1,5 г Аксетин 750 мг Лизиноприл-Санто 10 мг Лизиноприл-Санто 20 мг Даприл 5 мг Девилон 500 мг Дексамед 0,5 мг Дексамед 1,5 мг Дикларан 500 мг Эперон 2 мг Эперон 4 мг Эстан 10 мг Эстан 20 мг Ионофол 200 мг Ламотрикс 100 мг Ламотрикс 25 мг Ламотрикс 50 мг Маброн 100 мг/2 мл Маброн 50 мг Медаксон 1 г Медаксон 2 г Медоцеф 1 г Медоклав 375 мг Медоклав 625 мг Медофлюкон 200 мг Медофлюкон 50 мг Медовир 400 мг Медовир 800 мг Селемицин 500 мг/2 мл Тибулан 150 мг Тибулан 50 мг Зенавил 20 мг.
№ -21/1736-И от 19.06.2026
«Бақылау жүйесі VERITAS Vision System»медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН: «Бақылау жүйесі VERITAS Vision System», ҚР-МБ (МТ)-0№027141, тіркеу куәлігін өндіруші «Johnson & Johnson Surgical Vision, Inc», АҚШ, медициналық бұйымның тіркеу куәлігі кері қайтарылсын. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап жұмыс бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына (бұдан әрі-сараптама ұйымы) хабарласын. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде: 1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды; 2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Негіздеме: «МедЭксперт Евразия» ЖШС-нің 2026 жылғы 15 мамырдағы № ЗТ-2026-02058018 өтініші. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Жүсіпов Б.