Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18.00-де Ертіс ауданы Қарақұдық ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Барлығы 3 кандидат ұсынылды, олардың барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Орташа бәсекелестік - 3 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу
2026 жылғы 6 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ертіс аудандық аумақтық сайлау комиссиясы