Сауран ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Сауран–Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ХАТТАМАСЫ №3/2026

    Сауран ауданы әкімінің аппараты

    Сауран ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

    және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің

    «Сауран–Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

    ХАТТАМАСЫ №3/2026

    «27» тамыз 2026 жыл Сауран ауданы

    Қатысқандар: Жиналыс төрағасы М.Жарменов

    Хатшы: Ә.Таукебаев

    Мекеме қызметкерлері

    КҮН ТӘРТІБІ:

    1.« Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі» (2015 жылғы 18 қарашадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңының 16-бабы);

    1. 2 .«Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже»(ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы №112 бұйрығы);

    Бірінші және екінші мәселе бойынша мекеменің мамандар бөлімінің инспекторы Ә.Таукебаевқа сөз берілді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі бойынша 2015 жылғы 18 қарашадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы ҚР Заңында көзделген кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы мекеменің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережесі бойынша баяндамашы кәсіпорын қызметкерлеріне түсіндірді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметтердің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, функциялары мен өкілеттіктері туралы тоқталып өтті.

    Квазимемлекеттік сектор субъектісінде негізгі міндеті осы ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын атқаратын жауапты адам айқындалады. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын атқаратын жауапты адам мүдделердің ықтимал қақтығысы ескеріле отырып айқындалады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өз өкілеттіктерін квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органына есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің құзыреті, қызметін ұйымдастыру мен оның тәртібі квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі актісінде айқындалады.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді.

    Квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер құруға құқылы екенін атап өтті.

    Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережесінде:

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының және қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі лауазымдық нұсқаулықтармен немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы ереженің негізінде әзірленетін қызметкердің қызметтік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын құжаттармен айқындалады және оларды квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы бекітеді деп көрсетілген.

    Квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы тарапынан ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туындаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызмет Заңының 24 – бабы 1 – тармағына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінетіндігі туралы атап өтті.

    Жоғарыдағы аталғандардың негізінде қорытындылай келе, «Сауран-Су» МКК жұмыс атқарып жатқан жұмысшылардың тікелей жауапкершілігімен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» № 410-V Заңын басшылыққа ала отырып, басқарып отырған мекеменің жалпы жүйесінде өз құзыреті шегінде талаптарын орындап, онда көзделген тәртәпттік шара қолдана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне көмектесуге міндетті.

    ҚР қолданыстағы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ қабылданған шектеулерді мүлтіксіз сақтау және бұзу фактілеріне жол бермеу туралы нұсқау берілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодексте және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексте көзделгендігі туралы қызметкерлерге таныстырылды.

    Баяндамашыға сұрақтар беріліп, оның барлығына жауап берілді.

    Жүктеу
    Сауран ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Сауран–Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ХАТТАМАСЫ №3/2026
    DOCX · 160 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Анықтама

    Талдамалық анықтама

    Сауран ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Жоспар

    Анықталған тәуекелдердің жою жоспары.

    Сауран ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Құжат

    САУРАН АУДАНЫНЫҢ 2026-2030 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ

    САУРАН АУДАНЫНЫҢ 2026-2030 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ

    Сауран ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Құжат

    Сауран ауданы бойынша 2026 жылға III тоқсанына сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнерк...

    Сауран ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ететін учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан орындары мен шекарасы.

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ететін учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан орындары мен шекарасы. №67 сайлау учаскесі...

    Сауран ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ететін учаскелік сайлау комиссияларының құрамы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ететін учаскелік сайлау комиссияларының құрамы. №67 сайлау учаскесі, орталығы:Сауран ауданы, Ш...

    Сауран ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысы Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама

    Түркістан облысы Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағ...

    Сауран ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

    Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы23тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Сіздерді еліміздің одан әрі дамуындағы жаңа кезеңді белгілей...

    Сауран ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: