Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

    ·

    Орталық сайлау комиссиясының

    ҮНДЕУІ

    ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!

    2026 жылғы23тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.

    Сіздерді еліміздің одан әрі дамуындағы жаңа кезеңді белгілейтін тарихи оқиғаның қатысушысы бола отырып, азаматтық жауапкершілік танытуға және конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз.

    Сіздің сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асыруыңыздың кепілі - Сіздің Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқылы сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз.

    Сайлаушылардың тізімдерін жергілікті атқарушы органдар Сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізімдеріне жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен шығарыла отырып, енгізіледі.

    Сайлау учаскелерінің шекаралары және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы мәліметтерді тиісті әкімдер 2026 жылғы 16 шілдеге дейін жариялайтын болады.

    Сіз өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға жүгініп, өзіңіздің сайлау учаскеңізді және тізімге енгізілгеніңізді тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.

    Сізге ыңғайлы болу үшін, жазғы демалыс факторын ескере отырып, Сіздің есептен шығару куәлігін алу және өз елді мекеніңізден тыс жерде дауыс беру мүмкіндігіңіз бар.

    2026 жылғы 7 тамыздан бастап өзіңіздің сайлау учаскеңізде Сізге Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар сайлаушылардың тізіміндегі өзіңіз туралы мәліметтерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Өзгерістер енгізу немесе нақтылау қажет болған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясына өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

    Жүктеу
    29e155ecf710bbde95c35610b0eb481b_original.16597.docx
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Құжат

    САУРАН АУДАНЫНЫҢ 2026-2030 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ

    САУРАН АУДАНЫНЫҢ 2026-2030 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ

    Жарияланды:
    Құжат

    Сауран ауданы бойынша 2026 жылға III тоқсанына сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнерк...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ететін учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан орындары мен шекарасы.

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ететін учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан орындары мен шекарасы. №67 сайлау учаскесі...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ететін учаскелік сайлау комиссияларының құрамы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ететін учаскелік сайлау комиссияларының құрамы. №67 сайлау учаскесі, орталығы:Сауран ауданы, Ш...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысы Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама

    Түркістан облысы Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағ...

    Жарияланды:
    Құжат

    Қазақстанның 30 жылдығы елді мекенінің бас жоспары

    Жарияланды:
    Хаттама

    Сауран ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Сауран–Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ХАТТАМАСЫ №2/2026

    Жарияланды:
    Хаттама

    Сауран ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Сауран–Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ХАТТАМАСЫ №2/2026

    Сауран ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығыжәне тұрғын үй инспекциясы бөлімінің«Сауран–Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорныХАТТАМАСЫ №2/2026

    Жарияланды: