Аудандық мәслихаттың
қырық сегізінші, кезектен тыс,
сессиясының күн тәртібін бекіту
туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың қырық сегізінші, кезектен тыс, сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Бұқар жырау ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 45 сессиясының 2026 жылғы 05 мамырдағы №45/05 «Бұқар жырау ауданының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №39/04 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №39/06 «2026-2028 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутаты А.Б. Бозаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы Бұқар жырау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысын қарау туралы.
Мәслихат төрағасы А. Әли