Бұқар жырау ауданы
әкімдігінің дербес құрамын
келісу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Бұқар жырау ауданы әкімдігінің мынадай дербес құрамы келісілсін:
Ерлан Бейсембайұлы Құсайын – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі;
Саят Сайлаубекович Бекенбаев – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары;
Серик Кабылович Амралин – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары;
Алия Елубаевна Шайкенова – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары;
Молдир Байконисовна Кабылганиева – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының басшысы;
Елена Викторовна Жумашева – «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
Манат Салимович Курмангалиев – «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 46 сессиясының 2026 жылғы 21 мамырдағы № 46/04 «Бұқар жырау ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешімі жойылсын.
Мәслихат төрағасы А. Әли