О состоянии лицензирования субъектов, предоставляющих специальные социальные услуги на 1 августа 2026 года

    «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІ

    Арнайы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілді.

    2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Астана қаласында АӘҚ көрсететін 18 ұйым бар. Оның ішінде 18 ұйым лицензия алды, оларда барлығы ( 6 771 қызмет алушы қамтылған)

    Олардың ішінде:

    7 коммуналдық мемлекеттік ұйым (КМҰ);

    11 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ).

    АӘҚ көрсету жағдайлары бойынша:

    -стационар жағдайында – 4 ұйым, 1 732 қызмет алушы;

    -жартылай стационар жағдайында – 6 ұйым, 2 940 қызмет алушы;

    -уақытша арнайы әлеуметтік қызмет алу жағдайында – 3 ұйым, 504 қызмет алушы;

    үйде қызмет көрсету жағдайында – 5 ұйым, 1 595 қызмет алушы.

    Аралас жағдайларда АӘҚ көрсететін ұйымдар – 9 («Жансая», «Самет клиник», «Береке-Астана», «Нұрлы жүрек», ОДИ, «Балама-ай», «Шарапат», «Қорғау», «Аманжол және К»).

    «Мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі «AMANAT» партиясының Жол картасын іске асыру» бағыты бойынша аумақтық департаменттердің қызмет көрсеткіштері

    «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі бекітілген Жол картаға сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 2026 жылға арналған бейімдеу жоспары «INVA.gov.kz» қолжетімділік порталында интерактивті картаға енгізілген объектілердің жалпы санының 80 пайызын құрайды.

    Бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша «INVA.gov.kz» порталындағы деректерге сәйкес, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 2 143 әлеуметтік инфрақұрылым объектісін енгізген. Оның ішінде 1 522 объект (71%) бейімделген.

    Аталған жұмыс жалғасуда. 2026 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар объектілердің бейімделу деңгейін 80 пайызға, яғни 2 143 объектінің 1 714-ін бейімдеу қажет.

    Сонымен қатар, жергілікті жерлерде объектілер мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін толық бейімделмеген жағдайлар кездеседі. Кейбір объектілер тек кресло-арбаны пайдаланатын адамдар үшін ғана бейімделген. Бұл ретте объектілерді толық бейімдеу есту және көру қабілеті бұзылған адамдардың қажеттіліктерін де ескере отырып жүргізілуі тиіс.

    Тексерулер барысында объектілерге мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша анықталатын негізгі бұзушылықтар:

    -пандустың болмауы немесе оның дұрыс орнатылмауы;

    -пандустың бойлық көлбеуінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

    -ішкі пандустардың болмауы;

    -сыртқы баспалдақтар мен пандустарда тұтқалардың болмауы, оның ішінде бір жағында тұтқалардың және бөлгіш тұтқалардың болмауы;

    -кіреберіс алаңының, кіреберіс және ішкі есіктердің енінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі (90 см болуы тиіс);

    -есік табалдырығының (1,4 см) және баспалдақтың (12 см) биіктігінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

    -көру қабілеті бұзылған адамдар үшін мнемосхемалар мен ақпараттық көрсеткіштердің болмауы;

    -санитариялық бөлмелерде шұғыл шақыру түймесінің болмауы;

    -тактильді ақпарат құралдарының, арнайы белгілер мен символдардың болмауы;

    -лифтілерде дабыл сигналдары мен хабарлағыштардың болмауы және басқа да бұзушылықтар.

    «Профилактикалық бақылау шеңберінде тексеру іс-шараларын уақтылы ұйымдастыру» бағыты бойынша аумақтық департаменттердің қызмет көрсеткіштері

    Тексерулердің жалпы саны – 71, оның ішінде:

    профилактикалық бақылау – 13;

    жоспардан тыс тексерулер – 46;

    прокуратура органдарының талаптары бойынша – 12.

    Анықталған бұзушылықтардың жалпы саны – 143, оның ішінде:

    120 бұзушылық – мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени-ойын-сауық ұйымдары мен спорт құрылыстарына қолжетімділігін қамтамасыз етпеу бойынша;

    5 бұзушылық – әлеуметтік қызметтер порталындағы жұмыс бойынша;

    8 бұзушылық – техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету бойынша;

    10 бұзушылық – арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету кезінде заңнама талаптарын бұзу бойынша.

    Анықталған бұзушылықтарды жою туралы 35 нұсқама берілді.

    34 әкімшілік айыппұл салынды, олардың жалпы сомасы 8 148 300 теңгені құрады. Оның ішінде:

    33 айыппұл – заңды тұлғаларға;

    1 айыппұл – лауазымды тұлғаға салынды.

    Салынған айыппұлдардың 6 120 240 теңгесі төленді.

    Жүктеу
    64d46987e7f5f81ea459fb8d7e57e747_original.30351.docx
    DOCX · 30 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылдың 10 айында көрсетілген қызметтер бойынша ақпарат

    2026 жылдың 10 айында Департамент зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау бойынша (15 қызмет түрі) 116 296 мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық(2025 жылы – 109455 қыз...

    Ақпарат

    2026 жылдың 9 айында көрсетілген қызметтер бойынша ақпарат

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті 2026 жылдың 9 айында 15 мемлекеттік қызмет...

    Ақпарат

    Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылаудың нәтижелері туралы

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қызметінің бағыттарының бірі Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылауды...