Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда

    Ақмола облысы Есіл ауданының әкімдігі

    Мемлекеттік корпорация ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда

    2026 жылдың басынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің ауылдық елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу және цифрлық сервистерді пайдалану бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді. Бір жарым ай ішінде еліміздің түрлі өңірлерінен 18 мыңнан астам азамат оқудан өтті.

    Қазақстан Республикасында жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге және оларды онлайн форматта өз бетінше алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Өңірлер арасында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында оқытылған азаматтар саны басым.

    Оқу сабақтарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары еліміздің әр өңіріндегі ауылдық округтер мен елді мекендерде өткізді.

    Сонымен қатар, жыл басынан бері «Таным» корпоративтік оқу орталығының қатысуымен облыс орталықтарында 5 мыңға жуық азамат оқытудан өтті. Сабақ барысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық инфрақұрылымның негізгі құралдары мен мүмкіндіктерін меңгерді.

    Еске сала кетейік, электрондық мемлекеттік қызметтерді және заманауи онлайн-сервистерді пайдалануды тегін үйренгісі келетін азаматтар үшін еліміздің әр облыс орталығында оқу сыныптары жұмыс істейді. Сабақтар сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

    Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұядағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын айқындайтын Отбасы күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Азаматтарға а...

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Конкурстар

    "Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бас маманы лауазымына Конкурс

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5495036815

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Конкурстар

    "Ақмола облысы Есіл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бас маманы лауазымына Конкурс

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5494915262

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № 8 отырысы

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының 2026 жылғы 6 тамыздағы № 7 отырысы

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

    Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігінің делегациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін цифрландыру мен модернизациялаудағы қазақстандық тәжірибені үйрену мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік ко...

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Конкурстар

    "Есіл ауданы әкімінің аппараты" ММ бөлім басшысы лауазымына Конкурс

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5488043335

    Есіл ауданының әкімдігіЖарияланды: