«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ
Конкурс туралы мәліметтер
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.08.2026 – 26.08.2026
Қабылдау 1 этап: 25.08.2026 – 26.08.2026
Қабылдау 2 этап: 27.08.2026
Практикалық бағалау: 28.08.2026
Анықтама телефоны: 87163521202
E- G -3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Жақсын ауданы Қызылсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңмаман-бухгалтері «E-G-3» санаты, 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттері: Ауылдық округте (ауылда) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуі бойынша, ауылдық округтің (ауылдың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізеді, ауылдық округтің (ауылдың) салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын және үш жылдық кезеңге арналған ауылдық округ (ауыл) бюджетінің жобасын, бюджетті нақтылау жөніндегі құжаттардың жобаларын әзірлейді, ауылдың ауылдық округінің бюджетін түзетуді және нақтылауды қамтамасыз етеді. Аудандық қазынашылық бөлімі арқылы жүргізілетін операциялардың есебін жүргізеді. Бюджет қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді. Белгіленген мерзімде қаржылық құжаттаманы, айлық, тоқсандық есептерді ресімдейді, бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйін, құндылықтардың сақталуын бақылайды. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізеді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады. В блогы, 3 деңгей.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім, бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағымдану тәртібі
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5479452316