Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің 2026 жылғы 7 айдағы жұмысының қорытындысы

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі 6 негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізеді:

    1. Қолжетімділіктің интерактивті картасы;
    2. Оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы;
    3. Мемлекеттік бақылау (тексерулер);
    4. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын лицензиялау;
    5. Әлеуметтік қызметтер көрсету порталы;
    6. Сәйкестік декларациясын келісу.

    2026 жылдың 7 айындағы атқарылған жұмыстардың негізгі қорытындылары төмендегідей.

    Мемлекеттік бақылау

    Әлеуметтік кодекс талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу шеңберінде барлығы 12 тексеру жүргізілді. Оның ішінде:

    - профилактикалық бақылау – 4;
    - жоспардан тыс тексеру – 6;
    - прокуратурамен бірлескен тексеру – 2.

    Жоспардан тыс тексерулер

    2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 6 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

    Тексеру нәтижесінде:

    - 3 нұсқама берілді, қазіргі таңда олардың орындалуы белгіленген мерзімдерге сәйкес бақылауда;
    - 3 тексеру субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 454 125 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

    Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру

    Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру бағытында «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында орналасқан Қолжетімділіктің интерактивті картасын жергілікті атқарушы органдардың толтыру жұмыстарына мониторинг жүргізіледі.

    Сонымен қатар, 2023–2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық нысандардың 2026 жылдың соңына дейін 80%-ын бейімдеу жоспарланған.

    2026 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша нысандардың бейімделу көрсеткіші 69%-ды құрады.

    Әлеуметтік қызметтер көрсету порталы және сәйкестік декларациясын келісу

    Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №253-VIII ҚРЗ Құрылыс кодексін қолданысқа енгізу және оның нормаларын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта талаптарына сәйкестік туралы декларацияны келісу мақсатында объектіні бағалау және қорытынды қалыптастыру алгоритмі әзірленді.

    2026 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша Департаментке осы бағытта 8 өтініш келіп түсті.

    Оның ішінде:

    - 5 өтініш келісілді;
    - 2 өтініш кері қайтарылды;
    - 1 өтініш өтініш берушінің өзі тарапынан қайтарып алынды.

    Осылайша, 2026 жылдың 7 айында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы талаптардың сақталуын бақылау бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізді.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау

    Ақпарат

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФУНКЦИЯЛАР ТІЗБЕСІ

    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауы мүмкін деп айқындалған лауазымдар тізбесі

    Құжат

    Шымкент қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) аумақтық департаментінің қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы.

    Ақпарат

    Медициналық-әлеуметтік сараптама 9 айдың қорытындысы

    Шымкент қаласы бойынша 01.10.2026 жылға мүгедектігі бар адамдар саны 44 036 адамға жетіп, қала бойынша тұрғындардың (01.09.2026 жылға 1 316 888 тұрғын) 3,3 % -ын құрайды. Оның ішінде:- Ересек мүгедектігі бар азаматтар са...

    Ақпарат

    Кәсіпкерлік субъектілерінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылау саласындағы түсіндірме жазба

    2026 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мамандарымен кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының 20...

    Ақпарат

    МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА БӨЛІМДЕРІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ

    Ақпарат

    2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша жаңадан 40 876 зейнетақы және әлеуметтік төлем тағайындалды

    Оның ішінде: - жасына байланысты зейнетақы – 4 353;- базалық зейнетақы төлемі – 4 739;- мүгедектігі бар азаматтарға төлем – 1 750;- асыраушысынан айырылу бойынша – 487;- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 287;- бала тууына...