Атырау облысында 2026–2027 оқу жылына арналған жергілікті білім беру гранттарының иегерлері анықталды

    Атырау облысының Білім беру басқармасы

    Атырау облысы әкімдігі өңірдің кадр қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 2026–2027 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінген жоғары білім беруге арналған білім беру гранттарының иегерлерін анықтады.

    Биыл жергілікті білім беру гранттары өңір үшін басым және кадр тапшылығы байқалатын мамандықтарға бөлінді. Жалпы 180 талапкер грант иегері атанды.

    Грант иегерлері Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарында білім алатын болады.

    Атап айтқанда:

    • Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – 12 грант: «Исламтану» – 11, «Теология» – 1;
    • Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – 32 грант: «Дінтану» – 3, «Арнайы педагогика» – 5, «Дене шынықтыру және спорт» – 5, «Қалдықтарды басқару» – 15, «Математика» – 1, «Тарих және қоғамтану» – 2, «Биология» – 1;
    • Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – 7 грант: «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» – 4, «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» – 3;
    • Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті – 2 грант: «Су ресурстары және суды пайдалану» – 2;
    • Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті – 14 грант: «Өндірісті автоматтандыру және басқару» – 3, «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» – 11;
    • Қазақ ұлттық спорт университеті – 23 грант: «Жаттықтырушылық қызмет (спорт түрлері бойынша)» – 15, «Бейімделетін дене шынықтыру мұғалімі» – 5, «Спорттық оңалту» – 3;
    • Халықаралық білім беру корпорациясы – 27 грант: «Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау» – 17, «Сәулет және құрылыс» – 10;
    • Astana IT University – 1 грант: «Ақпараттық технологиялар» – 1;
    • Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті – 30 грант: «Медициналық-профилактикалық іс, гигиена және эпидемиология» – 3, «Медицина» – 27;
    • Қазақ-Ресей медицина университеті – 8 грант: «Медицина» – 8;
    • Семей медицина университеті – 4 грант: «Медицина» – 4;
    • Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы – 2 грант: «Медицина» – 2;
    • Қарағанды медицина университеті – 7 грант: «Медицина» – 7;
    • С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 11 грант: «Медицина» – 11.

    Осылайша, жергілікті бюджет есебінен бөлінген гранттар білім беру, медицина, ауыл шаруашылығы, экология, су шаруашылығы, энергетика және автоматтандыру, сәулет-құрылыс, ақпараттық технологиялар, спорт және діни білім беру бағыттарын қамтыды.

    Жергілікті гранттарды бөлу өңір экономикасы мен әлеуметтік саласына қажетті мамандарды даярлауға, сондай-ақ Атырау облысындағы кадр тапшылығын азайтуға бағытталды.

    Грант иегерлеріне жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!

    Жүктеу
    0aa2340010458da89c5434d8058f5b25_original.55139.docx
    DOCX · 54 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Құжат

    Қазақстанда этносаралық өшпенділік тілін жеңуге арналған этика кодексі

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған бюджетті түзету

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған бюджетті түзету

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған бюджетті түзету

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған бюджетті түзету

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған бюджетті түзету

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    Бюджетті түзету 2026-2028 жылдар

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    Бюджетті түзету 2026-2028 жылдарға

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды: