Меркі ауданы әкімінің аппараты сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайларды беру туралы хабарламасы
Меркі аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 05 тамыздағы №8 «Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына және Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының 19 тармағына сәйкес, Меркі ауданы әкімінің аппараты сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайларды беру жөнінде хабарлайды:
№ |
Ауылдық округ атауы |
Сайлаушылармен кездесу өткізетін орын |
1 |
"Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Ойтал ауылы, Алатау көшесі № 26, № 20 орта мектебінің ғимараты. |
Ойтал ауылы, Ұлытау көшесі № 24А, Ойтал ауылдық клубының ғимараты. | ||
Ойтал ауылы, Достық көшесі № 19, № 48 орта мектебінің ғимараты. |