
2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткерлер ауыл тұрғындарымен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесуде Меркі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Абылкасымов сайлауды өткізу және ұйымдастыру жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісті.