БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты

    БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

    Өткен бес жарым жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге 5,8 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағы пайдаланылды.

    Оның ішінде ең көп қаражат 2021 жылы алынды – шамамен 2,6 трлн теңге. 2022-2023 жылдары үрдіс төмендегенімен, соңғы жылдары жинақтарды алу көлемі қайта артып, 2025 жылы 1 трлн теңгеден асты.

    Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету, «мақсатымыз – бүкіл жинақты қазір үлестіріп, азаматтарды қарттық шағында лайықты зейнетақысыз қалдыру емес» екенін қадап айтқан болатын.

    Жыл

    БЖЗҚ өтінім берушілердің арнайы шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударды:

    Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға
    (сома, млн теңге)

    Емделу ақысын төлеуге
    (сома, млн теңге)

    2021

    2 468 085

    126 542

    2022

    703 232

    192 391

    2023

    170 905

    100 386

    2024

    396 683

    173 875

    2025

    824 360

    391 733

    1.01.2026 ж. бастап 31.05.26 ж. дейін (01.06.2026 жағдай бойынша)

    318 206

    333

    Осы жылдары алынған қаражат көлемі азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты тікелей міндетті шешуге бағытталған сомадан айтарлықтай асып түсті. Тіпті Қордан алынған қаражат көлемі кейбір жылдары түскен жарналардан да асып кетті.

    Сондай-ақ жинақтарды шығару олардан алынбай қалған инвестициялық кірістің өсуіне әкеп соғады. Ұзақ мерзімді перспективада бұл зейнеткерлік жастағы жинақтардың айтарлықтай азаюына себеп болады.

    Еске сала кетейік, Қазақстанда салымшылардың зейнетақы жинақтарындағы жинақталған инвестициялық кірістің үлесі өсіп келеді және қазір шамамен 40%-ды құрайды, ал халықаралық тәжірибеде бұл көрсеткіш әдетте 80%-дан асады.

    Дамыған елдерде зейнетақы активтері инвестиция көзі және экономиканың тұрақты өсімінің негізі болып саналады. Озық елдерде жинақталған зейнетақы активтері ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 100%-ынан асады, ал Қазақстанда қазір зейнетақы активтері әлі де ІЖӨ-нің шамамен 16%-ын ғана құрап отыр.

    Әлемде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басты міндеті – болашақ зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету. Сол себепті азаматтардың болашақ зейнетақысының лайықты болуы үшін зейнетақы жинақтарын сақтау және оларды Қазақстандағы және халықаралық нарықтардағы ұзақ мерзімді инвестициялау есебінен одан ары арттыру маңызды.

    Жүктеу
    6f52b137309fd08740400ea7a68bfb5f_original.69213.docx
    DOCX · 68 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Құжат

    Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйк...

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Құжат

    Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы 2026 жылдың 8 қарашасында Маңғыстау ауданы Ақшымырау ауылы әкімінің сайлауы өтті. Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы...

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Құжат

    Маңғыстау ауданының мәслихаты депутаттығына кандидаттардың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркеу қорытындылары туралы ақпарат

    Маңғыстау ауданының мәслихаты депутаттығына кандидаттардың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркеу қорытындылары туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 1 қарашадағы сағат 18.00-гі жағ...

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Құжат

    Ақшымырау ауылы әкімінің сайлау кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

    Ақшымырау ауылы әкімінің сайлаукезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар Маңғыстау ауданы әкімдігінің "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық не...

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Құжат

    Ақшымырау ауылы әкімінің сайлау кезінде кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

    Ақшымырау ауылы әкімінің сайлаукезінде кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар № Елді мекеннің атауы Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1 Ақшымырау ауылы Маңғыстау...

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Құжат

    Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы ақпарат

    Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туға...

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Құжат

    Маңғыстау ауданының учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері мен сайлау учаскелерінің шекаралары

    Маңғыстау ауданы әкімінің ХАБАРЫ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкесМаңғыстау ауданының учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан...

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Құжат

    Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабары

    МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ Х А Б А Р Ы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес Маңғыстау ауданының учаскелік сайл...

    Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: