Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы «11» қарашадағы шешімінің негізінде, Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылының әкімі болып сайланған Бекқажы Абылай Боранбайұлын тіркеді.
Бекқажы Абылай Боранбайұлы, 1997 жылы туған, «Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ-нің бас маманы. Ақтау қаласында тұрады.