2014 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары үшін 11,15 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс алынды

    Келес ауданы әкімінің аппараты

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) бастап жинақталған ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық табыс 11,15 трлн теңгеден асты. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүргізілген төлемдер есебімен бірге 41,4% құрайды, бұл инвестициялық кірістің азаматтардың зейнетақы жинақтарының ұлғаюына елеулі үлесін растайды.

    ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың шілдесінен бастап 2026 жылдың маусымына дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,51 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 10,29% болды.

    Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 122,77 млрд теңгені құрады, кірістілік 16,84%.

    Еске сала кетейік, зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн.

    1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 995,04% инфляция кезінде 1 109,05% құрады.

    Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.

    Бұл ретте салымшылар ИПБ жұмыс істейтін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдай алады:

    • жасына қарамастан барлық салымшыларға сәйкес келетін Ki (12) портфелі. Ол бойынша ең төменгі кірістілік деңгейі соңғы 12 айда бағаланады;
    • Ki (36) портфелі, ол зейнетке шыққанға дейін кемінде 3 жыл қалғандарға арналған. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі 36 айдың қорытындысы бойынша бағаланады;
    • ұзақ мерзімді көкжиегі (зейнеткерлікке шыққанға дейін 13 жылдан астам) бар салымшыларға арналған Ki (60) портфелі. Ең төменгі кірістілік деңгейі 60 ай ішінде анықталады.

    Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

    БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы ( www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    34608c0659955a42c2c5291704a698f6_original.64449.docx
    DOCX · 63 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Келес ауданынан конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі.

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Түркістан облысы Келес ауданы Ошақты ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттарды ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    Түркістан облысы Келес ауданы Ошақты ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттарды ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (2026 жылдың27қыркүйектегі сайлау) 2026 жылғы 04қыркүйектегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша № п/п...

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайды алдын алу және жою мақсатында жер учаскесiн және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті уақытша алып қою туралы

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес № 400-VI ЗРК, жеке және заңды тұлғалардың өндірістік және басқа да объектілерді салуға және одан әрі пайдалануға байланысты, қоршаған ортаға араласудың басқа түрлерімен, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялармен байланысты жоспарланған қызметі, сондай-ақ осындай өзгерістерге қызметі қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады. Кодекстің 68-бабының 5-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, егер бастамашы жоспарланған қызмет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын өтініш берсе, уәкілетті орган оның көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді. Мүдделі мемлекеттік органдар - бұл қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, құзыретіне жоспарланған қызметтің құрамына кіретін бір немесе бірнеше қызмет түрлерін реттеуді қамтитын мемлекеттік органдар. Осындай қызмет түрлері үшін рұқсат беру немесе хабарлама алу, сондай-ақ зардап шеккен аумақтың ішінде толық немесе ішінара орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары. Сонымен қатар, Кодекстің 68-бабының 6-тармағына сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштің көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны интернет - ресурстарына орналастырады және қоғамның ескертулер мен ұсыныстар үшін [email protected] электрондық мекен-жайына сілтеме жасайды. Осыған байланысты, Кодекстің 68-бабының 5-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы бойынша экология департаменті "Ақ жол құрылыс" ЖШС-нің 25.08.2026 жылғы №KZ22RYS01882260 санды белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішін (бұдан әрі - Өтініш) ұсыныстар мен ескертулер үшін жарияланады.

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес № 400-VI ЗРК, жеке және заңды тұлғалардың өндірістік және басқа да объектілерді салуға және одан әрі пайдалануға байланысты, қоршаған ортаға араласудың басқа түрлерімен, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялармен байланысты жоспарланған қызметі, сондай-ақ осындай өзгерістерге қызметі қоршаған ортаға әсерін бағалауға жатады. Кодекстің 68-бабының 5-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, егер бастамашы жоспарланған қызмет туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын өтініш берсе, уәкілетті орган оның көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді. Мүдделі мемлекеттік органдар - бұл қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволары, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, құзыретіне жоспарланған қызметтің құрамына кіретін бір немесе бірнеше қызмет түрлерін реттеуді қамтитын мемлекеттік органдар. Осындай қызмет түрлері үшін рұқсат беру немесе хабарлама алу, сондай-ақ зардап шеккен аумақтың ішінде толық немесе ішінара орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары. Сонымен қатар, Кодекстің 68-бабының 6-тармағына сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштің көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны интернет - ресурстарына орналастырады және қоғамның ескертулер мен ұсыныстар үшін [email protected]электрондық мекен-жайына сілтеме жасайды. Осыған байланысты, Кодекстің 68-бабының 5-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы бойынша экология департаменті"Integra Construction KZ"ЖШС-нің18.06.2026 жылғы №KZ36RYS01786560санды белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішін (бұдан әрі - Өтініш) ұсыныстар мен ескертулер үшін жарияланады.

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61, 62-1, 63, 65, 69 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару...

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

    Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елдерде әлдеқашан қалыптасқан тәжірибе. Зейнетақы жинақтарын өзінің қартайған кездегі әл-ауқа...

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне[1] енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельд...

    Келес ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: