Рудный қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы
Қатысқандар: 11 депутат, шақырылған адамдар (тізім қоса берілді).
ОТЫРЫСТЫ АШТЫ: Искаков Азамат Куандыкович.
Құрметті депутаттар! Сессиямыздың ашылуына дейін отырысты өткізу тілін анықтауды ұсынамын. Сессияны орыс тілінде жүргізу туралы ұсыныс бар.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Құрметті әріптестер!
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмысына кіріспес бұрын қалалық мәслихатқа келіп түскен Рудный қалалық сайлау комиссиясының Рудный қалалық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ақпаратын жеткізуге рұқсат етіңіздер.
Рудный қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 20 шілдедегі № 17 қаулысымен Александр Геннадьевич Макаренконың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес депутат ретінде сайланған саяси партиядан шығуына байланысты Рудный қалалық мәслихаты депутатының өкілеттігін жоғалту фактісі анықталды.
Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясында 13 депутаттан 6-уы және 5-уі ZOOM бейнеконференциясы тәртібінде қатысып отыр, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Рудный қаласы әкімінің орынбасары, Қашар кентінің әкімі, Горняцк кентінің әкімі, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың басшылары қатысып отыр.
Рудный қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын ашық деп жариялаймын. Сессия отырысының онлайн көрсетілімі жүргізіліп жатқанын естеріңізге саламын.
Бізге қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмыс регламентін анықтау қажет.
Келесі жұмыс регламентін ұсынамын:
сессия үзіліссіз, бір отырыспен өткізілсін;
күн тәртібінің сұрақтары үшін – 3 минутке дейін;
басқа сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктемелер, өтініштер мен хабарламалар үшін – 2 минутке дейін берілсін;
шешім ашық дауыспен қабылдансын;
дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санауды, сессияда төрағалық етуші қалалық мәслихат төрағасына жүргізуді ұсынамын.
Дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
А. Искаков Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Рудный қаласы әкімінің ұсынысы және Рудный қалалық мәслихаты депутаттарының бастамасы бойынша күн тәртібіне мына мәселелерді енгізуді ұсынамын:
- Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4 «Рудный қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы № 5 «Рудный қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 10 «Amanat» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 31 тамыздағы № 67 «Рудный қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттіктерін уақытша жүзеге асыруды жүктеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 8 «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
- Рудный қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
- Рудный қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
- Мәслихаттың 2026 жылғы 30 маусымдағы № 292 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
- Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 262 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Бірінші мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4 «Рудный қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
Аталған мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында алдын ала қарады және қалалық мәслихат депутаты А.Г. Макаренконың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты қаралады. Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы № 4 «Рудный қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне тиісті өзгеріс енгізуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы № 5 «Рудный қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
Комиссия төрағасы А.Г. Макаренконың қалалық мәслихат депутаты өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қалалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелерінің қатарынан комиссия төрағасын сайлау қажет.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында Рудный қалалық мәслихатының депутаттары Светлана Александровна Кондрашинаның кандидатурасын ұсынды және қолдады.
Рудный қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қалалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына Светлана Александровна Кондрашинаны сайлауды ұсынамын.
Депутаттарды басқа ұсыныстары бар ма?
Егер басқа ұсыныстар болмаса, тұрақты комиссияның төрағасына Светлана Александровна Кондрашинаны сайлауды және мәслихаттың 2023 жылғы 30 наурыздағы № 5 «Рудный қалалық мәслихаты сегізінші шақырылымының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы» шешіміне тиісті өзгеріс енгізуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 10 «Amanat» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
Аталған мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында алдын ала қарады және қалалық мәслихат депутаты А.Г. Макаренконың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты қаралады.
Мәслихаттың 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 10 «Amanat» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы» шешіміне тиісті өзгеріс енгізуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 31 тамыздағы № 67 «Рудный қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттіктерін уақытша жүзеге асыруды жүктеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
Қалалық мәслихат депутаты А.Г. Макаренконың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты мәслихаттың 2023 жылғы 31 тамыздағы № 67 «Рудный қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттіктерін уақытша жүзеге асыруды жүктеу туралы» шешіміне де тиісті өзгеріс енгізу қажет.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 8 «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
Рудный қалалық мәслихатының аппараты Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгеріс енгізу туралы шешім жобасын әзірледі.
Жоба Ережені қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру, мәслихат төрағасы мен аппарат басшысының өкілеттіктерін нақтылау және саралау, сондай-ақ аппарат қызметін ұйымдастыру тәртібін жетілдіру мақсатында әзірленді.
Шешімнің жобасын депутаттар алдын ала қарады. Жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, мәслихаттың 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 8 «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне тиісті өзгеріс енгізуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Рудный қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы».
Баяндамашы: Скаредина Елена Вадимовна, «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.
Е. Скаредина Баяндайды (баяндама қоса берілді).
А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Аталған мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қарады. Рудный қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тануды ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Рудный қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Баяндамашы: Скаредина Елена Вадимовна, «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.
Е. Скаредина Баяндайды (баяндама қоса берілді).
А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Аталған мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қарады. Рудный қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Мәслихаттың 2026 жылғы 30 маусымдағы № 292 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».
Баяндамашы: Скаредина Елена Вадимовна, «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.
Е. Скаредина Баяндайды (баяндама қоса берілді).
А. Искаков Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Аталған мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қарады. Мәслихаттың 2026 жылғы 30 маусымдағы №292 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне тиісті өзгеріс енгізуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Келесі мәселе «Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №262 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».
Баяндамашы: Жигунова Зоя Витальевна, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық экономика және бюджеттік жсопарлау бөлімі» ММ басшысы.
Қосымша баяндамашылар: Раймбекова Мадина Қажымұқанқызы, Қашар кентінің әкімі, Абилов Зейнелғабиден Амангелдіұлы, Горняцк кентінің әкімі.
З. Жигунова Баяндайды (баяндама қоса берілді).
А. Искаков Депутаттардың Зоя Витальевнаға немесе қатысып отырған кенттердің әкімдеріне қояр сұрақтары бар ма?
Сұрақтар қойылған жоқ.
А. Искаков Аталған мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қарады. Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 262 «Горняцк және Қашар кенттерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамын.
Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын.
Бірауыздан «қолдап» дауыс берді.
Шешім қоса берілді.
А. Искаков Осымен Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі тәмамдалды.
Депутаттардың ұсыныстары, толықтырулары бар ма?
Ұсыныстар түскен жоқ.
А. Искаков Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясын жабық деп жариялаймын.
Қалалық мәслихаты төрағасы А. Искаков
Жазбаны жүргізген Н. Додрова