2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларының КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    ·

    Қазақстан Республикасы

    Батыс Қазақстан облысы

    Ақжайық ауданының

    аумақтық сайлау комиссиясының

    2026жылғы 27мамырдағы

    №11 қаулысымен бекітілді

    2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған

    Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларының

    КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    1. Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    2026 жылғы 27 мамыр

    (113-1-б. 2, 3-т.)

    2. Сайлау округтерінің тізімі мен шекараларын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

    2026 жылғы 6 маусымнан кешіктірмей

    (22-б.)

    3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 6 маусымнан кешіктірмей

    (13-б. 4-т.)

    4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 11 маусымнанкешіктірмей

    (17-б. 2-т.)

    5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Аудан әкімі

    Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей - 2026 жылғы 11 маусымнанкешіктірмей

    (23-б. 5-т.)

    6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну.

    Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

    Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

    2026 жылғы 28 мамырда басталады және 2026 жылғы 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

    (113-3-б. 5-т.)

    7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    (4-б, 113-5-б. 11-т. 2)-т.т.)

    8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және тиісті куәліктерді беру.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

    (14б. 8-1)т.т, 31-б.)

    9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Кандидаттың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңында көзделген

    (113-4-б.)

    10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың шынайлығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

    Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

    (113-4-б. 7-т.)

    11. Әкімдікке кандидаттардың жергілікті атқарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2026 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.

    Әкімдікке кандидаттар,

    саяси партиялар (әр ұсынылған кандидатқа)

    Кандидат тіркелгенге дейін

    (113-5б. 2-т.)

    12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну кезеңі басталғаннан айдың бірінші күніне ұсынылады (2026 жылғы 1 мамырдағы)

    Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

    Кандидат тіркелгенге дейін

    (113-5-б. 3-т.)

    13.Әкімдікке кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

    Мемлекеттік кіріс органдары

    Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

    (113-5-б. 4-т.)

    14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

    Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2026 жылғы 14 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

    (113-5-б.)

    15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

    (113-5-б. 9-т.)

    16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

    Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Үгіт басталғанға дейін

    (28-б. 6-т.)

    17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

    Әкімдікке кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

    2026 жылғы 14 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 4 шілдеде жергілікті уақыт бойынша нөлсағатта аяқталады .

    (27-б. 2-т.)

    18. Әкімдікке кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, кандидаттардың және сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

    (28-б. 4-т.)

    19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну.

    Аудан әкімі

    Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

    2026 жылғы 15 маусымға дейін

    (24 б. 5-т.)

    20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

    №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

    2026 жылғы 20 маусымнан бастап

    (26-б. 1-т.)

    21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету.

    №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 25 маусымнан кешіктірмей

    (18-б. 5)-т.т, 38-б. 2-т.)

    22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 2 шілдеден ерте емес және 2026 жылғы 4 шілдеденкешіктірмей

    (37-б. 3-т.)

    23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

    №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары

    Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

    Жергілікті уақыт бойынша 2026 жылғы 5 шілде сағат 06.00-де

    (40-б. 1-т.)

    24. Дауыс беруді өткізу.

    №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары

    Жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

    (38-б. 1-т.)

    25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.

    №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары

    Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

    (18-б. 8)-т.т, 43-б.)

    26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.

    №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

    ( 43-б. 8-т.)

    27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну.

    №24, №25, №26, №27, №160 учаскелік сайлау комиссиялары

    Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

    (113-8-б. 1-т.)

    28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткеннен кейін үш күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 8 шілдеден кешіктірмей

    (113-10-б. 1-т)

    29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

    2026 жылғы 11 шілдеденкешіктірмей

    (44-б.)

    30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру.

    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

    Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

    Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және әкім мәртебесі бар сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес сыйыспайтын міндеттерді өздерінен қосу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

    2026 жылғы 11 шілдеденкешіктірмей

    (45-б., 46-б. 3-т., 113-11б. 1-т.)

    Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

    Жүктеу
    ed5949260237538c543da8989329e158_original.98816.doc
    DOC · 97 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Құрметті аудан тұрғындары!

    Құрметті аудан тұрғындары! 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары сайлауы қарсаңында Ақжайық ауданы әкімдігінде «call-орталық» құрылғанын хабарлаймыз. Call-орталыққа өзіңізді...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

    Ерікті зейнетақы жарналары:қалай аударып, қашан алуға болады? «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» Ерікті зейнетақы жарналары туралы толығырақ айтып беріңізші. Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жарналардың келесі...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға б...

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    Ақжайық аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 38-1 «2026-2028 жылдарға арналған Ақжайық ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Чапаев ауылы село Чапаево Ақжайық аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 38-1 «2026-2028 жылдарға арналған Ақжайық ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ақжайық...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы ХАБАРЛАМА

    Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы ХАБАРЛАМА «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ 2026 жылғы 5 шілдеде Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайла...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Астана күніне орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

    Астана күнінде, яғни6 шілдедехалыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Ал 4 шілде, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсетіледі. Кезекші халыққа қызме...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақжайық ауданы әкімі аппараты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазым

    Алмалы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Е-G-4 санаты – 1 бірлік

    Жарияланды: