Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2026 жылғы 5 шілдеде Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5746 азамат енгізілді, оның ішінде – 1 766 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 85, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар –114.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алмешова С.К – 198
Карл Б.А – 1 221
Сельбаев К.Ж – 148
Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі болып Бахтияр Асқарұлы Карл сайланды, 1988 жылы туған, жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы