Мемлекеттік қызметтер

    Абай облысы Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты

    Мемлекеттік қызметтер

    Көкпекті ауданында мемлекеттік қызметтер 6 дербес бөлім және 9 ауылдық округтердің әкімдері аппараттары арқылы көрсетіледі.
    2026 жылдың I жартыжылдық бойынша барлығы 1455 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 1348-сы немесе 92,6 %-ы электрондық форматта ұсынылды.
    Мемлекеттік қызметтердің жалпы санының ішінде:
    – 0 қызмет немесе 0 % қағаз түрінде, қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы;
    – 107 қызмет немесе 7,3% «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
    – 1348 қызмет немесе 92,6 % электрондық форматта, оның ішінде:
    • «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 237 қызмет немесе 16,2%;
    • «Е-лицензиялау» МДБ арқылы – 871 қызмет немесе 57,1 %;
    • қызмет алушымен тікелей байланыссыз қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 211 қызмет немесе 14,5 %;
    • қызмет алушымен тікелей байланыс арқылы және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілген электрондық қызметтер – 29 қызмет немесе 1,9%.

    2026 жылдың I жартыжылдық бойынша 139 қызмет көрсетуден бас тарту тіркелді:

    • 9 қызмет немесе 6,4% – «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы;
    • 99қызмет немесе71,2% – ПЭП және Е-лицензиялау арқылы;
    • 30қызмет немесе21,5% – қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы, тікелей байланыссыз;
    • 1қызмет немесе0,7% – қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы, тікелей байланыс және қолмен енгізу арқылы.

    Көрсетілген қызметтерді талдау нәтижесінде, 2026 жылдың I жартыжылдық бойынша Көкпекті ауданында ең көп сұранысқа ие болған қызмет: «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу » – 443 қызмет.

    Ағымдағы жылы ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингілеу бөлімімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша 1 бақылау іс-шарасы өткізілді (оның ішінде 1 – жергілікті атқарушы органда).

    Бақылау іс-шаралары нәтижесінде Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 8 бұзушылық анықталды, оның ішінде:

    • Есептік деректердің сәйкессіздігі фактілері – 8;
    • Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесін бұзу фактісі (өтінім түскен күні тіркелмеген) – 1.

    Бақылау іс-шаралары нәтижесі бойынша тәртіптік жаза қолданылған қызметкерлер саны – 0.
    Бақылау қорытындылары бойынша ұсынымдар саны – 3, оның ішінде:

    Орындалған – 2;
    Орындалмаған – 1.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты 2026 жылдыңI жартыжылдық бойынша шағымдар жоқ.

    2026 жылы барлығы 5 түсіндіру жұмыстары өткізілді, қаралым 3874 құрады. Оның ішінде:

    • әлеуметтік желіде тікелей эфир - 3;
    • аудандық әлеуметтік желілерде жариялым – 2.

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    Положение

    Көкпекті ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген 2022 жылғы «16» қыркүйектегі № 295ОрынМемлекеттік мекеменің«Абай облысы Үлгілімалшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі1-тарау. Жалпы ережелер1, «Абай...

    Ақпарат

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты үндеуі

    Құрметті отандастар!Құрметті Парламент депутаттары және Үкімет мүшелері!Әлем жаңа тарихи дәуірге аяқ басты, бұл бүкіл адамзат үшін оңай болмайтыны анық. Әлемдік державалар мен мемлекетаралық бірлестіктер арасындағы өзара...

    Ақпарат

    Үлгілімалшы ауылдық округінің 2026 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

    Үлгілімалшы ауылдық округінің 2026 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Ауылдық округте 2026 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткішінің оң динамикасы байқалады. Бүгінгі таңда Үлгілімалшы ауылд...

    Құжат

    ПРОХОЖДЕНИЕ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ Мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату мәселелері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырдағы №...