Алматы облысында пайдаланылмай тұрған, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде мемлекеттік мүлікке жүйелі түгендеу жүргізілуде. Аталған жұмыстардың қорытындысы бойынша мақсатқа сай пайдаланылмай отырған объектілер анықталып, оларды шаруашылық айналымға тарту бойынша, оның ішінде ашық конкурстық рәсімдер арқылы сенімгерлік басқаруға беру жөнінде шешімдер қабылдануда.
Тендер активтерді басқарудың цифрлық платформасы – https://e-qazyna.kz/ арқылы өткізіледі.
Объект: бұрынғы кинотеатр ғимараты.
Сауда-саттық нөмірі: 457236.
Орналасқан жері: Алматы облысы, Іле ауданы, Құрты ауылдық округі, Ақши ауылы, Белағаш Ақұлы көшесі, 42Д.
Тендерге белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 26 тамыз сағат 10:00-ге дейін.
Лотқа сілтеме: https://sauda-seller.e-gazyna.kz/ru/list/334823508392000000
Тендерге белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық мүдделі тұлғалар шақырылады. Сауда-саттық рәсімі ашық түрде және ашықтық қағидаттарына сәйкес өткізіледі, бұл барлық әлеуетті қатысушылар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.