Приозерск қаласының бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Приозерск қаласының әкімдігі

    Приозерск қаласының бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
    АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Приозерск қаласы әкімдігінің жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде, ұйымдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында 2026 жылғы 18 мамырдан 27 маусымға дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

    2025 жылдың 5 айы және 2026 жылдың 8 айы қорытындысы бойынша.

    Осы талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

    Әкімнің өкімімен мемлекеттік органдар мен қала әкімдігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілді.

    1. Ануарбеков Жанибек Досболұлы – қала әкімінің аппарат басшысы (штат басшысы);
    2. Жаймаева Лейла Нагенбайқызы – қала әкімі аппаратының құқықтық бөлімінің басшысы;
    3. Шамшатов Әсет Сайранбекұлы – экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
    4. Шәрбекова Гүлжахан Қайроллақызы – ішкі саясат бөлімінің басшысы;
    5. Артыгалиева Лариса Мирамқызы – қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы;
    6. Аринов Айбын Төлеуқызы – Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы;
    7. Болжурова Диана Кәсенқызы – қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы;
    8. Алтаева Қарлығаш Игілікқызы – Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер палатасының Қарағанды облысы бойынша қалалық филиалының басшысы;
    9. Жүсіпов Ахан Жармаханұлы – мемлекеттік активтер және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жатқызылған объектілердің атаулары:

    1. «Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
    2. «Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
    3. «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
    4. «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
    5. «Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
    6. «Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
    7. «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
    8. «Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
    9. «Приозерск қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
    10. «Приозерск қаласының мемлекеттік активтер және мемлекеттік сатып алулар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
    11. «Сарышаған Су Жылу – 2014» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

    «ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ» ММ

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы:
    «Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім).

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

    Бөлімнің қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    1. Бөлімнің қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Бөлім қала аумағындағы жер қатынастары саласында қызметті жүзеге асыратын дербес мемлекеттік орган болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасына, бөлім туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

    Талдау барысында Бөлім туралы ереже және ішкі нормативтік құжаттар зерделенді. Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен ережелер анықталған жоқ.

    1. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мынадай мәселелер зерделенді:

    1) Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесін айқындау:

    Штат кестесіне сәйкес Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілердің саны – 3 бірлік, шарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің саны – 4 бірлік.

    Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үш жылда бір рет жүргізіледі. Лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылу фактілері анықталған жоқ.

    2) Мүдделер қақтығысын реттеу:

    Жақын туыстардың тікелей бағыныстылығында болуына байланысты аффилиирлену фактілері анықталған жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету:

    Оңтайландыру мақсатында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлық негізгі түрлері мемлекеттік органдардың халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

    Бөлім көрсететін 18 мемлекеттік қызметтің:

    - 14 - электрондық түрде;

    - 3 - электрондық және қағаз түрінде;

    - 1 - тек қағаз түрінде көрсетіледі.

    Бөлім қызметкерлерінің қызмет алушылармен тікелей байланысын барынша азайту мақсатында өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру мынадай ақпараттық жүйелер мен электрондық сервистер арқылы жүзеге асырылады:

    - «eGov» порталы;

    - «e-лицензиялау» геопорталы;

    - ХҚКО-ның ақпараттық жүйесі (ИИС ЦОН);

    - «e-Өтініш»;

    - Мекенжай тіркелімі;

    - ЕГКН АЖО;

    - МЖК ААЖ.

    4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру

    Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

    5) Бақылау функцияларын іске асыру

    Бөлімде бақылау функциялары жоқ.

    Ақпараттық стендте азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған плакаттар орналастырылған.

    Сонымен қатар ақпараттық стендте және ресми интернет-ресурстарда Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтерді ұсыну қағидалары, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін алуға кезекте тұрған азаматтардың тізімі орналастырылған.

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:

    Бір құрылымдық бөлімшеде жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларындағы функциялар біріктірілген. Жер учаскелерін беру кезінде бір лауазымды тұлға құжаттардың қала құрылысы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асырады, сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ), қорытындыларды және өзге де қала құрылысы құжаттарын беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ жер учаскесін беру туралы шешім қабылдауға қатысады.

    Мәселе дискрециялық өкілеттіктердің бір құрылымдық бөлімшеде шоғырлануында. Нәтижесінде шешімдерді басқа құрылымдық бөлімшенің тәуелсіз тексеруі жүзеге асырылмайды, ал бір лауазымды тұлға қала құрылысы құжаттамасын келісуден бастап жер учаскесін беруге дейінгі бүкіл процеске дәйекті түрде ықпал етуі мүмкін.

    Өкілеттіктердің мұндай шоғырлануы мүдделер қақтығысының туындауына, объективті емес шешімдер қабылдауға, жекелеген өтініш берушілерге негізсіз артықшылықтар беруге, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жағдай жасайды.

    Жою жөніндегі ұсыным:

    Сәулет және жер қатынастары мәселелері бойынша өкілеттіктерді функционалдық тұрғыдан ажырату мүмкіндігін қарастыру не қосымша ішкі бақылау тетіктерін енгізу (шешімдерді бірнеше лауазымды тұлғамен міндетті түрде келісу, материалдарды алқалы түрде қарау, басшылық тарапынан бақылауды күшейту).

    2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:

    Жекелеген қызмет алушылардың, оның ішінде егде жастағы адамдардың электрондық сервистермен жұмыс істеу дағдыларының болмауына байланысты мемлекеттік органның мамандары өтініштерді беру кезінде қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, көмек көрсетеді.

    Мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларының қызмет алушылардың ЭЦҚ-сын пайдалануы өтініш берушінің атынан рұқсатсыз заңдық маңызы бар әрекеттер жасауға, өтініштің мазмұнына оның тікелей қатысуынсыз өзгерістер енгізуге, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалануға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына жағдай жасайды.

    Жою жөніндегі ұсыным:

    Қызмет алушылармен тікелей байланысты болдырмау мақсатында көрсетілген көмектен бас тарту және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

    Бұл ретте Бөлім мамандарына азаматтың ЭЦҚ-сын пайдаланбай консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру қажет (мысалы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы немесе кезең-кезеңімен сүйемелдеу тәсілімен, бұл ретте ЭЦҚ-мен барлық әрекеттерді өтініш берушінің өзі жүзеге асырады).

    1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер

    Бөлімде Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шеңберінде:

    • қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістермен тұрақты түрде таныстыру;

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарын, сондай-ақ Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

    Азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін уақтылы әрі сапалы қарау тұрақты бақылауда болады.

    Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша әкімдік қабылдаған шешімдердің заңдылығына бақылау жүзеге асырылады, ақпаратты стендтерде және интернет-ресурстарда орналастыру арқылы жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға кезектіліктің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданған.

    Ай сайын Бөлім Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасына жеке тұрғын үй құрылысына арналған бөлінген жер учаскелерінің саны туралы есеп береді, онда берілген өтініштердің саны, бөлінген жер учаскелерінің саны және кезектілік көрсетіледі.

    2025 жылдың қорытындысы және ағымдағы жылдың 5 айы бойынша мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік немесе өзге де теріс сипаттағы шаралар қолдану фактілері анықталған жоқ.

    «ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ» ММ

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы:

    «Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім).

    1. Нормативтік және ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Бөлім туралы ереже мен қызметінің ішкі регламенттерін талдау барысында дискрециялық өкілеттіктерге, шешімдер қабылдау кезінде субъективті көзқарас таныту мүмкіндігіне жол беретін ережелерге бағалау жүргізілді.

    Бөлімнің қызметі қызметкерлердің әрекеттерінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ететін нақты әкімшілік рәсімдермен реттеледі.

    1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті талдау

    2.1. Персоналды басқару

    Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің штат саны – 2 қызметкер (бөлім басшысы, 1 бас маман), шарт негізінде – 2 қызметкер.

    Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде заңда көзделген шектеулерді сақтау бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

    Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс режимі еңбек тәртібін, жұмыс уақытын және жұмысты орындау тәртібін белгілейтін регламентпен бекітілген.

    Қызметкерлерді жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндері жұмысқа тарту кезінде, оның ішінде өтемақы төлеу тәртібіне қатысты бұзушылықтар анықталған жоқ.

    Қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ (оның ішінде коммерциялық ұйымдардың мүлкін сенімгерлік басқаруға беру және т.б.).

    Кадрлардың тұрақтамауы байқалмайды, бұл тұрақты жұмыс ахуалын сақтауға және әдеп нормаларын бұзу тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді.

    Лауазымдық нұсқаулықтар мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен бекітілген.

    2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу

    Қызметкерлер мен олардың тікелей бағыныстылығында болатын жақын туыстары арасында аффилиирлену фактілері анықталған жоқ.

    Мүдделер қақтығысы фактілері туралы мәліметтер жоқ.

    2.3. Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

    2.4. Рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыру

    Бөлім рұқсат беру және бақылау функцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметті атқармайды.

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:

    Құрылысы аяқталған объектілерді формалды қабылдау тәуекелі.

    Құрылыс аяқталғаннан кейін Бөлім объектілерді қабылдау рәсімдеріне қатысады.

    Тиісті бақылау жеткіліксіз болған жағдайда, жойылмаған кемшіліктер немесе орындалған жұмыстардың жобалық құжаттамаға сәйкес келмеуі болған кезде объектілерді қабылдау туралы құжаттарға қол қою тәуекелі туындайды.

    Бұл объектіде кейіннен ақаулардың пайда болуына және бюджет қаражатының қосымша шығындалуына әкеп соғуы мүмкін.

    Сыбайлас жемқорлық факторлары:

    - бақылау іс-шараларының жеткіліксіздігі;

    - ескертулердің жойылуын тексерудің ішкі рәсімінің болмауы;

    - объектілерді қабылдауға формалды көзқарас.

    Ұсынымдар:

    - анықталған кемшіліктердің жойылғанын міндетті түрде фотофиксациялауды қамтамасыз ету;

    - объектілерді қабылдау кезінде анықталған ескертулердің тізілімін жүргізу;

    - ақаулардың толық жойылуына ішкі бақылауды көздеу.

    1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен

    туындайтын өзге де мәселелер:

    Бөлімде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін түсіндіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.

    «ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ» ММ

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы:
    «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім).

    1. Бөлімнің қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Бөлім қала аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында қызметті жүзеге асыратын дербес мемлекеттік орган болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

    Талдау барысында Бөлімнің Ережесі және нормативтік құжаттары зерделенді. Жүргізілген талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен ережелер анықталған жоқ.

    2.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    1) Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесін айқындау

    Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Бөлім туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі:

    Бөлім басшысы;

    Сектор басшысы;

    Бас маман.

    Штаттық кестеге сәйкес барлығы 9 бірлік көзделген: оның ішінде 3 мемлекеттік қызметші және еңбек шарты бойынша 6 әлеуметтік қызметкер.

    Кадрлардың ауысуы объективті себептерге байланысты. Теріс себептер бойынша жұмыстан босату фактілері болған жоқ. Барлық қызметкерлер біліктілік талаптарына сәйкес келеді және біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

    Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау және басшының жақын туыстарын жұмысқа орналастыру фактілері анықталған жоқ.

    2) Мүдделер қақтығысын реттеу

    Жақын туыстары, асырап алушылары, туған және туған емес аға-інілері мен апа-сіңлілері немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарға орналасу кезінде аффилиирлену фактілері анықталған жоқ.

    Мүдделер қақтығысының фактілері анықталған жоқ.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлық негізгі түрлері мемлекеттік органдардың халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер бойынша стандарттар қабылданған. Бұл ретте әлеуметтік бағдарламалар саласында 16 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, «электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz) немесе migration.enbek.kz арқылы көрсетіледі.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру, көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тікелей байланыстың болмауы, сондай-ақ рәсімдердің регламенттелуі адами фактордың ықпалын барынша азайтып, шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау ықтималдығын едәуір төмендетеді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сипаттамасы

    Ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуына әсер ететін факторлар

    Халыққа электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мекеме ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған.

    Мемлекеттік қызметтерді алушылардың негізгі санатын әлеуметтік осал топтарға жататын адамдар (мүгедектігі бар адамдар, қарт азаматтар, көпбалалы аналар, жұмыссыздар және т.б.) құрайды.

    Мемлекеттік қызмет алушылардың компьютерді пайдалану дағдыларының болмауына байланысты мемлекеттік органның мамандары оларға электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсету кезінде азаматтардың ЭЦҚ-сын пайдалануға мәжбүр болады.

    Жою жөніндегі ұсыным:

    Мемлекеттік қызмет алушылармен тікелей байланысты болдырмау мақсатында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтардың ЭЦҚ-сын пайдалануға жол бермеу қажет.

    Бұл ретте Бөлім мамандарына азаматтардың ЭЦҚ-сын пайдаланбай консультациялық көмек көрсету ұсынылады (мысалы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы немесе ЭЦҚ-ны пайдалана отырып әрекеттерді өтініш берушінің өзі жүзеге асыратын қадамдық сүйемелдеу арқылы).

    Жалпы ұсынымдар:

    Бөлімге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту, профилактикалық жұмысты жалғастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асырудың тиімділігін арттыру ұсыныладыНачало формы

    «ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ» ММ

    1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесін айқындау

    Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Бөлім туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Штат саны мен құрылымы белгіленген тәртіппен бекітілген.

    2025 жылы Бөлімнің штат саны 9 бірлікті құрады, оның ішінде 3 бас маман, 1 басшы және еңбек шарты бойынша 4 қызметкер.

    Ағымдағы жылы штат саны 8,5 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 бас маман, 1 басшы және еңбек шарты бойынша 5,5 қызметкер.

    Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі. Кадрларды басқару саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Мемлекеттік сатып алулар

    Талдау мемлекеттік сатып алулардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатынын көрсетті. Мемлекеттік сатып алулар жоспары бекітіледі және уақтылы түзетіледі, сатып алу рәсімдері белгіленген мерзімдерде жүргізіледі, шарттар заңнама талаптарына сәйкес жасалады және тіркеледі.

    Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Келесі бағыттар бойынша іс-шараларды іске асыру:

    - Приозерск қаласында алаяқтыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

    - гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

    - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу;

    - діни төзбеушілік пен экстремизм көріністеріне қарсы іс-қимыл, конфессияаралық келісімді нығайту, террористік актілер туралы жалған хабарламалардың алдын алу, сондай-ақ радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қызметтерді мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

    Ішкі процестерді талдау Бөлімнің қызмет алушыларды дербес айқындауды, материалдық игіліктерді бөлуді, рұқсаттар беруді не сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жағдай жасайтын өзге де жеке-дара әкімшілік шешімдер қабылдауды жүзеге асырмайтынын көрсетті.

    Өнім берушіні таңдау мемлекеттік сатып алу рәсімдері шеңберінде жүзеге асырылады, ал шарттық міндеттемелердің орындалуы тиісті құжаттармен расталып, белгіленген тәртіппен бақыланады.

    Талдау нәтижелері бойынша қызметтің аталған бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Қаржылық-экономикалық қызмет

    Бюджетті жоспарлау және орындау бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мүлікті түгендеу тұрақты негізде жүргізіледі, материалдық құндылықтарды негізсіз есептен шығару фактілері және қаржылық тәртіпті бұзу жағдайлары анықталған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

    1. Мүдделер қақтығысын реттеу

    Мүдделер қақтығысының фактілері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар мен кадрлық рәсімдерді жүзеге асыру кезінде аффилиирленген тұлғалардың қатысу жағдайлары анықталған жоқ.

    1. Рұқсат беру (бақылау) функцияларын іске асыру

    Бөлім рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау жөніндегі өкілеттіктер заңнамада көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

    Талданатын кезеңде әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Нормативтік құқықтық актілерді талдау

    Бөлімнің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізілді.

    Шамадан тыс дискрециялық өкілеттіктерді, құқықтық олқылықтарды немесе сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасайтын ережелерді қамтитын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар анықталған жоқ.

    1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

    Өтініштермен жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.

    Талданатын кезеңде Бөлімге мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне қатысты өтініштер мен шағымдар келіп түскен жоқ.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Ұйымдастырушылық-басқару қызметінің өзге де мәселелері

    Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Ұсынымдар:

    - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауды жалғастыру;

    қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әкімшілік рәсімдер мәселелері бойынша жүйелі құқықтық оқытуды қамтамасыз ету;

    - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім салаларда ішкі бақылауды жалғастыру;

    - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін әкімдіктің ресми интернет-ресурсында орналастыру.

    «ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ» ММ

    1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесін айқындау

    Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Бөлім туралы ережеге, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі:

    Бөлім басшысы;

    Сектор меңгерушісі.

    Штат саны: 2025 жылы – 14,5 бірлік, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер – 2, еңбек шарты бойынша қызметкерлер – 12,5.

    Ағымдағы жылы – 11 бірлік, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер – 2, еңбек шарты бойынша қызметкерлер – 9.

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Мемлекеттік қызмет түрі: спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын (спортшы, жаттықтырушы, әдіскер, төреші) беру.

    Талдау барысында мемлекеттік қызметтің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілетіні анықталды. Аталған мемлекеттік қызмет халыққа қызмет көрсету орталығының электрондық порталы арқылы көрсетіледі.

    Спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру ұсынылған құжаттар негізінде және белгіленген біліктілік талаптары сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Шешім қабылдау негіздері, қажетті құжаттар тізбесі, қызмет көрсету мерзімдері, сондай-ақ қызмет көрсетуден бас тарту негіздері нормативтік құқықтық актілермен нақты регламенттелген.

    Мемлекеттік қызмет көрсету процесін талдау лауазымды тұлғалардың шамадан тыс дискрециялық өкілеттіктерін, субъективті қалау бойынша шешім қабылдау мүмкіндігін немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін өзге де жағдайларды анықтаған жоқ.

    Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі заңнамамен егжей-тегжейлі регламенттелген, шешім қабылдау өлшемдері объективті және тексерілетін болып табылады, лауазымды тұлғалардың әкімшілік қалауы барынша шектелген, бұл шешімдерді субъективті негіздер бойынша қабылдау мүмкіндігін болдырмайды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жағдай жасамайды.

    Талдау нәтижелері бойынша осы қызмет бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру

    Бөлім рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

    1. Бақылау және тексеру функцияларын жүзеге асыру

    Бөлім бақылау және тексеру функцияларын жүзеге асырмайды.

    1. Бюджеттік және қаржылық қаражаттарды игеру және бөлу

    - бөлінген бюджет қаражаты толық көлемде игерілді;

    - мемлекеттік сатып алулар жоспары басшының бұйрығымен бекітіледі, қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізіледі;

    - бекітілген сатып алулар жоспарын порталға орналастыру мерзімдері сақталған.

    Профилактика мақсатында превентивтік шараларды күшейту және мониторингті жалғастыру ұсынылады.

    Жалпы ұсынымдар:

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын одан әрі күшейту және олардың тиімділігін арттыру мақсатында:

    - жоғары тұрған органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралары мен тапсырмаларын орындау;

    - қолданыстағы заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша құқықтық жалпыға бірдей оқытуды тұрақты негізде өткізу;

    - ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

    Бөлімнің мемлекеттік қызметшісі құқықтық жалпыға бірдей оқыту шеңберінде Бөлім қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары мен талаптарын зерделеу бойынша семинар өткізуі, өтініш берушілерге қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіру қажеттілігіне ерекше назар аударуы және аталған талапты өтініштерге берілетін жауаптарда жазбаша түрде көрсетуі ұсынылады.

    Конец формы

    «ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫБӨЛІМІ» ММ

    1. Бөлімнің қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Бөлім қалалық деңгейде мемлекеттік экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын ескере отырып, тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін және қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал ететін экономикалық және бюджеттік жоспарлауды іске асыратын дербес мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Талдау барысында Бөлімнің Ережесі және ішкі нормативтік құжаттары зерделенді. Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен ережелер анықталған жоқ.

    Қала тұрғындарын қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін білдіруге тарту, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін кемсітетін немесе шектейтін ережелерді анықтау мақсатында қала бюджеті туралы мәслихат шешімдерінің жобалары ұсынымдар мен тиісті ұсыныстар алу үшін алдын ала Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесіне жолданады.

    Бюджеттің ашықтығын, ақпаратқа қолжетімділікті және азаматтардың бюджетті талқылауға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында қала бюджетін бекіту/нақтылау туралы шешімдер, қала бюджетін орындау туралы есептер бұқаралық ақпарат құралдарында және атқарушы органның интернет-ресурсында міндетті түрде жарияланады.

    Сонымен қатар, «Ашық бюджеттер» интернет-порталында қала бюджетін бекіту/нақтылау бойынша азаматтық бюджет, қала бюджетін орындау бойынша азаматтық бюджет, өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептер, сондай-ақ мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нәтижелері қоғамдық талқылау үшін орналастырылады.

    1. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мынадай мәселелер зерделенді:

    1) Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесін айқындау

    Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Бөлім туралы ережеге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі:

    Бөлім басшысы;

    Сектор меңгерушісі;

    Бас маман.

    2025 жылы Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3 бірлікті, еңбек шарты бойынша қызметкерлер саны 5 бірлікті құрады.

    Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3 бірлікті, еңбек шарты бойынша қызметкерлер саны 6,5 бірлікті құрайды.

    Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үш жылда бір рет жүргізіледі.

    Лауазымды тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері тіркелген жоқ.

    2) Мүдделер қақтығысын реттеу

    Жақын туыстары, асырап алушылары, туған және туған емес аға-інілері мен апа-сіңлілері немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарға орналасу кезінде аффилиирлену фактілері анықталған жоқ.

    Мүдделер қақтығысының фактілері анықталған жоқ.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

    4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру

    Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

    5) Бақылау функцияларын іске асыру

    Бөлімде бақылау функциялары жоқ.

    6) Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу саласында

    Мемлекеттік сатып алулардың жоспарлары басшының бұйрығымен бекітіледі, қажет болған жағдайда өзгерістер де бұйрық негізінде енгізіледі.

    Бекітілген сатып алу жоспарларын порталға орналастыру мерзімдері сақталады. Барлық шарт жобалары өнім берушілерге алдын ала жолданады, белгіленген мерзімдер сақталады. Сатып алуды өткізу мерзімдері белгіленген нормаларға сәйкес келеді.

    7) Қаржылық-экономикалық қызмет

    Жекелеген жоспар бойынша қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 желтоқсандағы №540 бұйрығына және бюджетті атқару мен кассалық қызмет көрсету қағидаларына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар есептерінің негізінде қалыптастырылады.

    Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы №511 бұйрығына сәйкес жасалады және уәкілетті орган бекіткен қаржыландыру жоспарына сәйкес келеді.

    Бюджетті жоспарлау және орындау процесін талдау қаржылық-экономикалық қызметтің берілген өкілеттіктер шегінде, бекітілген бюджеттік бағдарламалар мен қаржылық құжаттардың негізінде жүзеге асырылатынын көрсетті.

    Бюджет заңнамасын бұзу, бюджет қаражатын негізсіз бөлу немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін өзге де факторлар анықталған жоқ.

    Талдау нәтижелері бойынша қаржылық-экономикалық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Қорытынды

    «Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға әкеп соғуы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар енгізуге негіздер анықталған жоқ.

    «ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ» ММ

    1. Бөлім туралы жалпы мәліметтер

    Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Бөлім туралы ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

    Бөлім туралы ережеге сәйкес Бөлім:

    - Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

    - мемлекеттік сатып алулар саласында жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі шарттардың орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;

    - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, аумақтарды абаттандыру, жолаушылар көлігінің қызметін мемлекеттік реттеу, сондай-ақ автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, пайдалану және қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесу және қатысу бағыттарын қоса алғанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында функцияларды жүзеге асырады.

    1. Нормативтік және ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Бөлім туралы ережеге және ішкі қызмет регламенттеріне талдау жүргізу барысында шешім қабылдау кезінде субъективті көзқарасқа жағдай жасауы мүмкін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар бағаланды.

    Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар анықталған жоқ.

    Бөлімнің қызметі қызметкерлердің іс-әрекеттерінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ететін нақты әкімшілік рәсімдермен регламенттелген.

    1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті талдау

    1) Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесін айқындау

    Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Бөлім туралы ережеге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

    2025-2026 жылдары Бөлімнің штат саны 3 мемлекеттік қызметші және еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін 15,5 қызметкерді құрады.

    Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.

    2) Мүдделер қақтығысын реттеу

    Тікелей бағыныстылық қатынастарында болатын қызметкерлер мен олардың жақын туыстары арасында аффилиирлену фактілері анықталған жоқ.

    Мүдделер қақтығысы фактілері туралы мәліметтер жоқ.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Бөлім жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру салаларында мемлекеттік қызметтер көрсетеді, оның ішінде ағаштарды кесуге рұқсат беру, тұрақты жолаушылар тасымалының маршруттары мен қозғалыс кестелерін бекіту, жылыту маусымына дайындық паспорттарын беру, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындық паспорттарын беру, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда тасымалдаушыларды субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

    Мемлекеттік қызметтер уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетілді. Барлық қызметтер Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына қатаң сәйкес және тек электрондық форматта www.elicense.kz порталы арқылы көрсетілді.

    Мемлекеттік қызметтерді elicense.kz порталы арқылы көрсету барлық өтініш берушілер үшін ашықтықты, қолжетімділікті және тең жағдайларды қамтамасыз етеді.

    Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Бөлім қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі. Ақпараттық стендтердегі және ресми ресурстардағы ақпарат уақтылы жаңартылып отырды, сондай-ақ elicense.kz ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге жауапты мамандарға нұсқамалар өткізілді.

    4) Рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыру

    Бөлімде рұқсат беру және бақылау функциялары жоқ.

    5) Мемлекеттік сатып алулар

    Мемлекеттік сатып алулардың жоспарлары басшының бұйрығымен бекітіледі, өзгерістер қажет болған жағдайда бұйрықпен енгізіледі.

    Бекітілген мемлекеттік сатып алулар жоспарын порталға орналастыру мерзімдері сақталады. Барлық шарт жобалары алдын ала өнім берушіге жолданады, мерзімдер сақталады. Мемлекеттік сатып алуларды өткізу мерзімдері белгіленген нормаларға сәйкес келеді.

    Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар белгіленген мерзімде жасалады, бұл мемлекеттік сатып алулар порталында көрсетіледі.

    Қазынашылық органдарында тіркеуді талап ететін барлық шарттар белгіленген мерзімдерден аспайды, бұл «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде (қазынашылық порталы) және мемлекеттік сатып алулар порталында расталады.

    6) Қаржылық-экономикалық қызмет

    Жеке қаржыландыру жоспары мен бюджеттік өтінімдер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және бекітілген бюджеттік бағдарламаларға сәйкес қалыптастырылады.

    Бюджет қаражатын жұмсау бекітілген қаржыландыру лимиттері шегінде жүзеге асырылады. Іссапар шығындарын өтеу заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.

    Мемлекеттік мүлікті түгендеу белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

    Бюджет заңнамасын бұзу, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататын өзге де жағдайлар анықталған жоқ.

    7) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

    Бөлімде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауға бақылауды жүзеге асыруға жауапты қызметкер бекітілген.

    Келіп түскен барлық өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралады.

    Қорытынды

    «Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға әкеп соғуы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, ішкі рәсімдер регламенттелген, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктері бөлінген, ал бақылау тетіктері заңдылық, ашықтық және есептілік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

    «ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ» ММ

    1. Бөлім туралы жалпы мәліметтер

    Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына, Бөлім туралы ережеге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметін жүзеге асыратын, заңды тұлға мәртебесіне ие мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Бөлім туралы ережеге сәйкес Бөлім:

    Приозерск қаласында тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

    мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша жұмыстар мен қызметтердің орындалуына мониторинг жүргізуге және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

    1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті талдау

    1) Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесін айқындау

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі бекітілген және оған:

    Бөлім басшысы;

    Бас маман кіреді.

    2025-2026 жылдары Бөлімнің жалпы штат саны 7 бірлікті құрайды, оның ішінде 2 мемлекеттік қызметші және еңбек шарты бойынша 5 қызметкер.

    2) Мүдделер қақтығысын реттеу

    Тікелей бағыныстылық қатынастарында болатын қызметкерлер мен олардың жақын туыстары арасында аффилиирлену фактілері анықталған жоқ.

    Мүдделер қақтығысы фактілері туралы мәліметтер жоқ.

    3) Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Бөлім мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

    Қызметтерді elicense.kz порталы арқылы көрсету барлық өтініш берушілер үшін ашықтықты, қолжетімділікті және тең жағдайларды қамтамасыз етеді.

    Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Бөлім қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізді. Ақпараттық стендтер мен ресми ресурстардағы ақпаратты уақтылы жаңарту қамтамасыз етілді, сондай-ақ elicense.kz ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге жауапты мамандарға нұсқамалар өткізілді.

    Сонымен бірге мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жекелеген процестер ақпараттық жүйелерді ведомствоаралық интеграциялау және жекелеген рәсімдерді автоматтандыру бөлігінде одан әрі жетілдіруді қажет ететіні анықталды. Бұл адами фактордың ықпалын барынша азайтуға және шешім қабылдаудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

    4) Бақылау және рұқсат беру функциялары

    Бөлім өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес мемлекеттік бақылау, қадағалау және рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

    5) Мемлекеттік сатып алулар және қаржылық-экономикалық қызмет

    Мемлекеттік сатып алулардың жоспарлары Бөлім басшысының бұйрығымен бекітіледі, өзгерістер белгіленген тәртіппен енгізіледі.

    Мемлекеттік сатып алулар жоспарларын орналастыру, сатып алу рәсімдерін жүргізу, шарттарды жасасу және орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

    Бюджет қаражаты бекітілген қаржыландыру шегінде пайдаланылады, бюджет заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.

    Талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алулар және қаржылық-экономикалық қызмет салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    6) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

    Өтініштерді қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

    Талданатын кезеңде өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.

    Талдау нәтижелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Қорытынды:

    «Приозерск қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Бөлім туралы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ұйымдастырушылық, құқықтық және профилактикалық шаралар тиісті деңгейдегі ашықтықты қамтамасыз етеді, шешім қабылдау кезінде субъективті көзқарас мүмкіндігін болдырмайды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға ықпал етеді.

    «ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР БӨЛІМІ» ММ

    1. Бөлім туралы жалпы мәліметтер

    Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына, Бөлім туралы ережеге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметін жүзеге асыратын, заңды тұлға мәртебесіне ие мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Бөлім туралы ережеге сәйкес Бөлім:

    - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және үйлестіреді;

    коммуналдық мүлікті жалға, сенімгерлік басқаруға және пайдаланудың өзге де түрлеріне береді;

    • коммуналдық мүлікті бекітіп береді және қайта бөледі;
    • мүлікті есептен шығаруды келіседі;
    • коммуналдық мүлікті жекешелендіреді;
    • мүлікті бағалауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асырады;

    мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылайды;

    • сенімгерлік басқару және сатып алу-сату шарттарының орындалуын бақылайды;
    • мүлікті коммуналдық меншікке қабылдайды;

    иесіз мүлікті есепке қояды.

    1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті талдау

    1) Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесін айқындау

    2025-2026 жылдары Бөлімнің штат саны 6 бірлікті құрайды, оның ішінде 2 мемлекеттік қызметші және еңбек шарты бойынша 4 қызметкер.

    Мемлекеттік қызметшілер біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтеді.

    Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ.

    2) Мемлекеттік сатып алулар

    Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Сатып алулар жоспарлары бекітіліп, мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында уақтылы орналастырылады, шарттар белгіленген мерзімдерде жасалады және тіркеледі.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:

    Сонымен бірге конкурстар, аукциондар және баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен өткізілген сатып алулар өтпеді деп танылған жағдайда, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жүйелі тәуекел анықталды.

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес қайталама конкурс (аукцион) өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші дербес айқындайды және ол біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуге тиіс. Шарттың бағасы сатып алуға бөлінген сомадан аспауға тиіс.

    Бұл ретте заңнамада бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақырылатын әлеуетті өнім берушіні таңдаудың нақты өлшемдері мен ашық тетігі белгіленбеген. Бұл шешімдерді субъективті қабылдауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғышарттар жасайды.

    Қорытындылар мен ұсынымдар

    Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Бөлімнің мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері негізінен жүйелі сипатқа ие және өтпеді деп танылған сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде өнім берушіні таңдаудың ашық заңнамалық тетігінің болмауымен байланысты.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында:

    - өтпеді деп танылған сатып алулар бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде өнім берушіні таңдаудың ашық тетігін белгілеу бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде уәкілетті органға ұсыныс енгізу;

    - мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау және лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылады.

    1. Қаржылық-шаруашылық қызмет

    Қаржыландыру бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

    Іссапар шығыстары белгіленген нормалар шегінде жүргізіледі. Мүлікті түгендеу заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.

    1. Мемлекеттік қызметтер

    Бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

    1. Мүдделер қақтығысы

    Мүдделер қақтығысының, сондай-ақ жақын туыстар арасында тікелей бағыныстылықтың болу фактілері анықталған жоқ.

    1. Өтініштермен жұмыс

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралады.

    Талданатын кезеңде 2 өтініш келіп түскен, оларды қарау мерзімдерін бұзу фактілеріне жол берілген жоқ

    «ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ» ММ

    1. Бөлім туралы жалпы мәліметтер

    Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына, Бөлім туралы ережеге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметін жүзеге асыратын, заңды тұлға мәртебесіне ие мемлекеттік мекеме болып табылады.

    1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті талдау

    1) Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесін айқындау

    2025 жылы Бөлімнің жалпы штат саны 8 бірлікті құрады, оның ішінде 3 мемлекеттік қызметші және еңбек шарты бойынша 5 қызметкер.

    2026 жылы штат саны 6 бірлікті құрайды: 3 мемлекеттік қызметші және еңбек шарты бойынша 3 қызметкер.

    Бөлімде қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша, сондай-ақ 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия шеңберінде тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар құқықтық оқыту, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін түсіндіру бойынша сабақтар өткізіледі.

    Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен (қызметтік әдеп қағидаларымен) таныстырылған.

    Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылығы бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. Сенім телефоны 8 (71039) 54299 жұмыс істейді.

    3) Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Мемлекеттік қызметке қойылатын талаптардың ішкі құжаттарда сақталуына тұрақты мониторинг жүргізіледі.

    Талдау нәтижесінде ішкі құжаттарға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    4) Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Талданатын кезеңде қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері тіркелген жоқ.

    5) Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл ұжымға анонимді сауалнама жүргізді.

    Мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

    6) Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Бөлім 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

    - тракторлар мен өздігінен жүретін шассилерді және олардың базасындағы механизмдерді, ауыл шаруашылығы, мелиорациялық, жол-құрылыс техникасын және жоғары өтімді арнайы техниканы басқару құқығына куәліктер беру;

    - тракторларды, өздігінен жүретін шассилерді және механизмдерді, тіркемелерді (оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді), ауыл шаруашылығы, мелиорациялық, жол-құрылыс техникасын және жоғары өтімді арнайы техниканы мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеуден шығару, тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлік белгілер беру;

    - жоғарыда көрсетілген техникаға кепілді тіркеу, тіркеуден шығару, өзгерістер мен толықтырулар енгізу (оның ішінде меншік құқығын, талап ету құқығын, кейінгі кепілді беру), кепіл тіркеуін тоқтату және куәліктердің телнұсқаларын беру;

    - жоғарыда көрсетілген техникаға жыл сайынғы техникалық қарап-тексеру жүргізу.

    Бөлімнің ақпараттық стендінде мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтердің ақпараттық парақшалары, шағымдар мен ұсыныстар жәшігі және азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    7) Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Бөлім рұқсат беру-бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

    8) Бақылау функцияларын жүзеге асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Бөлім бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырмайды.

    9) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Өтініштерді қараудың белгіленген тәртібін бұзу фактілері бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.

    2025-2026 жылдар ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін жағымсыз әрекеттер жасау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын бұзу фактілері тіркелген жоқ.

    Ұсынымдар

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту және олардың тиімділігін арттыру мақсатында:

    - жоғары тұрған органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралары мен тапсырмаларын орындау;

    - қолданыстағы заңнама және оған енгізілген өзгерістер бойынша құқықтық оқытуды тұрақты түрде өткізу;

    - ұжым арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

    Бөлім қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары мен талаптарын зерделеу бойынша семинар ұйымдастыру, өтініш берушілерге қабылданған шешімдерге шағым жасау құқығын түсіндіру, сондай-ақ бұл талаптарды өтініштерге берілетін жауаптарда міндетті түрде жазбаша түрде көрсету ұсынылады.

    «САРЫШАҒАН СУЖЫЛУ-2014» ЖШС

    1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесін айқындау

    Кәсіпорынның штат саны 2025 жылы – 153 бірлікті, 2026 жылы – 171 бірлікті құрады. Кәсіпорын қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер санатына жатпайды.

    Кәсіпорынның кадр қызметі бос лауазымдарды толықтыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Мансап орталығына өтінімдер жолданып, интернет-ресурстарда хабарландырулар орналастырылады.

    Лауазымды тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ.

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

    «Сарышаған Сужылу-2014» ЖШС мемлекеттік қызметтер көрсетпейді. Кәсіпорын қала тұтынушыларына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті бекіткен тарифтерге сәйкес сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетеді.

    1. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес кәсіпорын сумен жабдықтау және су бұру желілерінің өткізу қабілеті мен өндірістік қуатының жеткілікті резерві болған жағдайда объектілерді қосуға техникалық шарттар береді.

    Техникалық шарттарды алу үшін тұтынушы қызмет көрсетушіге – кәсіпорынға жазбаша өтініш береді.

    Бұл ретте коммерциялық емес акционерлік қоғам «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкімет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы жүгіну көзделмеген.

    Осылайша, өтінішті қызмет көрсетушіге тікелей беру кезінде екі тараптың тікелей байланысы орын алады, бұл техникалық шарттарды беру кезінде заңсыз артықшылық ұсыну түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелін туындатады.

    Алайда есепті кезеңде техникалық шарттарды беру кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

    Ұсыным:

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және оларға жол бермеу мақсатында техникалық шарттарды беру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету, оларды негізсіз беруге немесе беруден бас тартуға жол бермеу, өтініштерді қараудың барлық кезеңдері мен қабылданған шештерді құжаттауды қамтамасыз ету ұсынылады.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы:

    Абоненттік бөлімнің бақылаушылары ай сайын жеке және заңды тұлғалардың суық су есептеу аспаптарының көрсеткіштерін тексеріп, тіркейді, бұл судың нақты тұтынылу көлемін белгілеуге мүмкіндік береді.

    Бұл ретте тұтынушының бақылаушымен соңғы көрсеткіштерді төмендетіп көрсету туралы сөз байласу және тиісінше көрсетілген көрсеткіштер бойынша есептеу жүргізу тәуекелі бар.

    Бақылаушылар мен абоненттік бөлім қызметкерлеріне есепке алу қағидаларын бұзудың салдары туралы ақпарат жеткізілді.

    Есепті кезеңде бақылау талаптарын бұзу және тиісті дәлелдер алу фактілері анықталған жоқ.

    Лауазымды тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері тіркелген жоқ.

    Ұсыным:

    Көрсеткіштерді тіркеу кезінде ақпараттың бұрмалануына жол бермеу мақсатында бақылаушыларға соңғы көрсеткіштерді фотоға түсіріп, кейіннен кәсіпорынның дерекқорына енгізу үшін қоса тіркеу ұсынылады.

    1. Мүдделер қақтығысын реттеу

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысына ішкі талдау жүргізу барысында жақын туыстардың (аға-інілер, апа-сіңлілер, ерлі-зайыптылар) бірге жұмыс істеу фактілері анықталған жоқ.

    Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

    1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке байланысты өзге де мәселелер

    7.1. Мемлекеттік сатып алулар

    Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңында және оларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен бекітіледі және нақтыланады.

    Бекітілген жоспарға енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді, бұл мемлекеттік сатып алу порталы арқылы реттеледі.

    Сатып алу рәсімдерін портал арқылы өткізу өнім берушілерді таңдауды автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

    Басшылықпен келісу бойынша сатып алулар «бір көзден тікелей шарт жасасу» тәсілімен жүзеге асырылуы мүмкін, алайда сатып алулардың басым бөлігі «баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен өткізіледі, бұл сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттырады.

    «Бір көзден тікелей шарт жасасу» тәсілімен сатып алулар заңнамаға сәйкес ерекше жағдайларда кәсіпорын басшылығымен келісу арқылы жүзеге асырылады.

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу мақсатында мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлеріне мемлекеттік сатып алу шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертулер енгізілгені туралы ақпарат жеткізілді.

    Тапсырыс беруші болып табылатын «Сарышаған Сужылу-2014» ЖШС сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы арқылы сатып алады.

    7.2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері өтініштерді есепке алу журналына тіркеледі. Әрбір өтініш бойынша жазбаша жауап беріледі.

    7.3. Профилактикалық жұмыс

    Кәсіпорын қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңды мүлтіксіз сақтау мәселелері бойынша кезең-кезеңімен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі.

    7.4. Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізу

    «Сарышаған Сужылу-2014» ЖШС кәсіпорынның қызметі туралы әлеуметтік желілердегі теріс жарияланымдарға жедел ден қою мәселесін тұрақты бақылауда ұстайды. Фактілер расталған жағдайда қажетті шаралар қабылданады.

    Қорытынды

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен мүдделер қақтығысының анықталған фактілерінің болмауын ескере отырып, талданатын кезеңдегі кәсіпорын қызметі жалпы алғанда бақылауда деп сипатталады.

    Сонымен бірге техникалық шарттарды беру, тұтыну көлемін есепке алу және сатып алу қызметі салаларында анықталған әлеуетті тәуекелдер одан әрі профилактикалық және ішкі бақылауды талап етеді.

    Жалпы қорытындылар

    Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органның негізгі қызмет бағыттарында, атап айтқанда жер қатынастары, мемлекеттік сатып алулар, әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамту, құрылыс салаларында, сондай-ақ коммуналдық кәсіпорынның қызметінде әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

    Неғұрлым осал бағыттар:

    - жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларындағы өкілеттіктерді жүзеге асыру, бұл ретте аталған бағыттар бойынша функциялар бір құрылымдық бөлімшеде біріктірілген. Өкілеттіктердің бөлінбеуі және әртүрлі құрылымдық бөлімшелер арасында шешімдерді тәуелсіз тексерудің болмауы әкімшілік өкілеттіктердің бір лауазымды тұлғаның қолында шоғырлану қаупін туындатады. Нәтижесінде бір лауазымды тұлға немесе құрылымдық бөлімше қала құрылысы құжаттамасын келісуден бастап жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындауға, оны беру туралы шешімдерді дайындау мен келісуге дейінгі процестің әртүрлі кезеңдеріне дәйекті түрде ықпал ете алады. Бұл объективті емес шешімдер қабылдауға, жекелеген тұлғаларға артықшылықты жағдайлар жасауға және мүдделер қақтығысының туындауына алғышарттар жасайды.

    Жалпы алғанда, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларындағы функциялардың біріктірілуі тиісті ішкі бақылаудың және өкілеттіктерді бөлу қағидатының болмау тәуекелін арттырады. Аталған тәуекелді барынша азайту мақсатында өкілеттіктерді функционалдық тұрғыдан ажырату, жер мәселелері бойынша шешімдерді тәуелсіз тексеру тетігін белгілеу және өзара байланысты барлық рәсімдердің бір лауазымды тұлғаның қолында шоғырлануына жол бермеу орынды;

    -өтпеді деп танылған конкурстар, аукциондар және баға ұсыныстарын сұрату бойынша мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру, бұл өнім берушіні негізсіз таңдау, бәсекелестікті шектеу, жекелеген әлеуетті өнім берушілерге артықшылықты жағдайлар жасау және аталған сатып алу тәсілін қолдануды формалды түрде негіздеу мүмкіндігіне байланысты жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелін туындатады;

    - әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, мұнда жекелеген азаматтардың электрондық ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу дағдыларының болмауына байланысты мемлекеттік орган мамандары электрондық өтініштерді беру кезінде қызмет алушылардың өз ЭЦҚ-сын пайдалана отырып көмек көрсетеді. Бұл жағдай ЭЦҚ-ны құқыққа қайшы пайдалану, азаматтың тікелей қатысуынсыз оның атынан әрекеттер жасау, сондай-ақ лауазымды тұлғаның берілетін өтініштің мазмұны мен нәтижесіне ықпал ету тәуекелін туындатады;

    -құрылыс саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыру, мұнда бақылау жеткіліксіз болған жағдайда орындалған жұмыстардың сапасы мен көлемін объективті бағаламау, жойылмаған кемшіліктер болған кезде объектілерді қабылдау туралы құжаттарға қол қою, сондай-ақ орындалған жұмыстардың бекітілген жобалық құжаттамаға және шарт талаптарына сәйкес келмеу тәуекелі бар;

    - коммуналдық қызметтің тұтынушылармен тікелей өзара іс-қимылына байланысты қызметі, атап айтқанда техникалық шарттарды беру және өзге де рәсімдерді жүзеге асыру кезінде. Тікелей байланыс бейресми уағдаластықтардың туындауына және жекелеген тұтынушыларға артықшылықты жағдайлар ұсынуға алғышарттар жасайды;

    -коммуналдық қызмет бақылаушыларының есептеу аспаптарының көрсеткіштерін алу және тіркеу жөніндегі қызметі, мұнда бақылаушы мен тұтынушының нақты соңғы көрсеткіштерді, оның ішінде оларды қасақана төмендетіп көрсету бойынша сөз байласу тәуекелі бар. Бұл көрсетілген коммуналдық қызметтер көлемі үшін есептелетін төлемдердің негізсіз төмендеуіне әкелуі мүмкін.

    Жалпы алғанда, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері дискрециялық өкілеттіктердің болуымен, сыртқы және ішкі бақылау деңгейінің жеткіліксіздігі жағдайында шешімдер қабылдау мүмкіндігімен, лауазымды тұлғалардың азаматтармен, тұтынушылармен және кәсіпкерлік субъектілерімен тікелей байланысымен, сондай-ақ жекелеген рәсімдерді жеткілікті цифрлық тіркеусіз және кейіннен бақылаусыз жүзеге асыру мүмкіндігімен байланысты.

    Аталған тәуекелдерді барынша азайту мақсатында шешім қабылдаудың барлық кезеңдерінде ішкі бақылауды күшейту, рәсімдерді барынша цифрландыру және автоматтандыру, азаматтардың ЭЦҚ-сын лауазымды тұлғалардың пайдалануына жол бермеу, орындалған жұмыстарды қабылдаудың алқалылығын және құжаттамалық негізділігін қамтамасыз ету, бір көзден алу тәсілімен жүргізілетін сатып алуларға бақылауды күшейту, сондай-ақ есептеу аспаптарының көрсеткіштерін негізсіз өзгерту мүмкіндігін болдырмайтын оларды тіркеу және тексеру тетіктерін енгізу қажет.

    Ұсынымдар:

    - мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері мен рәсімдерінің сақталуына ішкі бақылауды күшейту;

    - мемлекеттік сатып алуларға, жұмыспен қамту бағдарламаларына және әлеуметтік қолдауға қатысушыларды іріктеудің барлық кезеңдерінің ашықтығын қамтамасыз ету;

    - қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мен профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізу;

    - азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, тиімді кері байланысты қамтамасыз ету және өтініштерге жедел ден қою.

    Аталған шараларды іске асыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейін төмендетуге, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға және қойылған міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Қорытынды бөлім

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерін әкімдіктің ресми интернет-ресурсында орналастыру.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары аймақтарға жататын қызмет бағыттарына тұрақты ішкі бақылау мен аудит жүргізу.

    Қала әкімі М. Ахметов

    Жүктеу
    Аналитическая справка по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков в государственных учреждениях, финансируемых из бюджета города Приозерск
    DOCX · 71 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

    ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) функцияларының біріне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, ме...

    Приозерск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Приозерск қаласының Құрметті азаматы» атағын беруге өтінімдерді қабылдау

    ХАБАРЛАНДЫРУ «Приозерскқаласы әкімінің аппараты» ММ 2026 жылдың 28 тамызына дейін «Приозерск қаласының Құрметті азаматы» атағын беруге өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат...

    Приозерск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Заң

    Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2026 жылғы 5 маусымдағы № 297-VIII ҚРЗ

    Приозерск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Есептен шығару куәліктері

    Приозерск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Республика азаматтарын сайлаушылар тізіміне енгізу туралы

    Приозерск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлау туралы

    Приозерск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Приозерск қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы хабарлама

    Приозерск қаласының учаскеліксайлаукомиссияларының құрамытуралы хабарлама №226 учаскелік сайлау комиссиясы Орналасқан жері: «Приозерск қаласының орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, Приозерск қаласы,...

    Приозерск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Приозерск қаласының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы мен олардың орналасқан жері туралы хабарлама

    Приозерск қаласының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы мен олардың орналасқан жері туралы хабарлама Орналасқан жері: "Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ ғимараты, Приозерск қала...

    Приозерск қаласының әкімдігіЖарияланды: