Абайлаңыз, алаяқтар! БЖЗҚ салымшыларды алдаудың жаңа тәсілдері туралы ескертеді

    Ойыл ауданы әкімдігі

    Абайлаңыз, алаяқтар! БЖЗҚ салымшыларды алдаудың жаңа тәсілдері туралы ескертеді

    Соңғы уақытта БЖЗҚ бөлімшелеріне міндетті зейнетақы жарналары аударылмағаны туралы хабар алған азаматтар жиі жүгінетін болды. Алаяқтар өздерін Қор қызметкері ретінде таныстырып, бірнеше жыл еңбек өтілі зейнетақы есептеу кезінде ескерілмей қалғанын айтып, соның негізінде зейнетақыны қайта есептеп, мөлшерін арттыруға болатынын айтатын көрінеді.

    Алаяқтар қалай әрекет етеді?

    Алаяқтар сенімге кіру мақсатында Қордың нақты жұмыс істейтін бөлімшелерінің мекенжайын айтып, азаматтарды сол жерге келуге шақырады. Филиалға жүгінушілердің айтуынша, қызметті «жылдам әрі ыңғайлы алу үшін» алдын ала электрондық кезекке қоямыз деп, SMS арқылы келген растау кодын айтуды сұрайды. Өкінішке қарай, мұндай кодтарды алаяқтарға хабарлап қойған азаматтар да бар.

    Маңызды ескерту!

    БЖЗҚ қызметкерлері қоңырау соқпайды, телефон арқылы, электрондық пошта немесе мессенджерлерде SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де құпия ақпаратты ешқашан сұрамайды. БЖЗҚ барлық қызметтерді тегін көрсетеді. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң тәртіппен жүзеге асырылады.

    Қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, ЖСН-іңізді, мекенжайыңызды немесе жұмыс орныңызды білгенімен, бұл оның ресми қызметкер екенін білдірмейді. Мұндай мәліметтер алаяқтардың қолына ашық дереккөздерден түсуі мүмкін.

    Өзіңізді қалай қорғауға болады?

    ∙ SMS арқылы келген кодтарды және жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз.

    ∙ Әңгіме SMS-код туралы басталған сәтте күмәнді қоңырауды бірден тоқтатыңыз.

    ∙ Ақпараттың дұрыстығын тек ресми арналар арқылы тексеріңіз (байланыс орталығы, ресми сайт немесе мобильді қосымша)

    ∙ Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

    Қырағы болып, жақындарыңызды, әсіресе егде жастағы туыстарыңызды алаяқтардың әрекетінен қорғаңыз!

    Жүктеу
    98df3b0a2683bd3d77b24c8e264885a4_original.13764.docx
    DOCX · 13 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    2026 жылдың тамыз айына арналған «Ақтөбе облысы Ойыл аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджет шығыстарының атқарылуы туралы есебі.

    2026жылдың тамыз айына арналған «Ақтөбе облысы Ойыл аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджет шығыстарының атқарылуы туралы есебі. «Ойыл аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме...

    Ойыл ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.

    Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы,қабаты,пәтерлер мен тұрғын емес үй—жайлар саны,үйдің жай-күйі,лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады.Жұмыс«Тұрғын үй қатынастары туралы»Заңды орын...

    Ойыл ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), мін...

    Ойыл ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты қалыптастырып жүрген қазақстандықтардың саны артып келеді.

    Қазақстанда азаматтардың болашақ зейнетақысына деген жауапкершілігі жылдан-жылға артып келеді. Көпшілік зейнетақы жинағын қартайған шақтағы тұрмыс деңгейіне ықпал ететін ұзақ мерзімді жеке қаржысы ретінде қабылдай бастад...

    Ойыл ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПБ-ға БЕРУ

    БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАР Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын 100% инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру мүмкіндігіне қатысты...

    Ойыл ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың шілде айына арналған «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджет шығыстарының атқарылуы туралы есебі.

    2026 жылдың шілде айына арналған «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджет шығыстарының атқарылуы туралы есебі. «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығана...

    Ойыл ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың шілде айына арналған «Ақтөбе облысы Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджет шығыстарының атқарылуы туралы есебі.

    2026 жылдың шілде айына арналған «Ақтөбе облысы Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджет шығыстарының атқарылуы туралы есебі. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әл...

    Ойыл ауданы әкімдігіЖарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың шілде айына арналған «Ақтөбе облысы Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджет шығыстарының атқарылуы туралы есебі.

    2026 жылдың шілде айына арналған «Ақтөбе облысы Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджет шығыстарының атқарылуы туралы есебі. «Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы...

    Ойыл ауданы әкімдігіЖарияланды: