«№7 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы бос мемлекеттік бірінші басшысы лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

    Атырау облысының Білім беру басқармасы

    «№7 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы бос мемлекеттік бірінші басшысы лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

    Атырау облысы Білім беру басқармасы

    060010, Атырау қаласы Айтеке би 77,

    анықтама үшін телефондары/факс: 354327

    e-mail:[email protected],

    1. Атырау облысы Білім беру басқармасы, Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімі;
    2. Бос мемлекеттік арнайы білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды;

    3) Мақат ауданы аумағында орналасқан. Білім беру ұйымдарының негізгі қызметі: туғаннан 18 жасқа дейінгі психофизикалық дамуында бұзылысы бар балалар мен жасөспірімдерге кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету. «№7 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген бірінші басшы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

    «Арнайы білім» («Дефектология») бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;

    және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;

    аутизмі бар балаларды қолдау орталықтары (autism-орталық) үшін жұмыс өтілі арнайы білім беру ұйымдарында немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталықтарында (аустим (autism) -орталық) кемінде бір жыл немесе арнайы білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизмі бар балаларды қолдау орталығының (аустим (autism) -орталық) басшысы лауазымында кемінде бір жыл немесе аутизм орталықтарының бөлімшелері немесе аутизм орталықтарында лауазым бағыты бойынша педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтар үшін;

    осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

    Лауазымдық міндеттері: арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;

    білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді;

    педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;

    педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;

    білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

    білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды;

    ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады;

    білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді;

    әдістемелік жұмысты басқарады;

    құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді;

    бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;

    педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді;

    ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;

    өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;

    барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді;

    компьютерліксауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялардымеңгерген;

    білімалушылар мен тәрбиеленушілерарасындасыбайласжемқорлыққақарсымәдениетті, академиялықадалдыққағидаттарынбойынасіңіреді;

    педагог кадрлардыжәнеқосалқыперсоналдыіріктеудіжәнеорналастырудыжүзегеасырады;

    педагогикалықкеңестібасқарады;

    жұртшылықпенбайланыстыжүзегеасырады.

    6) Лауазымдық жалақының мөлшері:

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес лауазымдық жалақының мөлшері белгіленеді.

    7) Конкурс Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындау қағидасында көрсетілген мерзімдерден кейін, Атырау облысы Білім беру басқармасы, Атырау қаласы Әйтеке би,77 үй ғимаратында өтеді.

    8) Хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысу үшін құжаттарды Атырау облысы білім беру басқармасының Педагог кадрларды аттестаттау және басқару бөлімі қабылдайды.

    9) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

    Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді:

    1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

    4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

    7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

    10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

    11) түйіндеме;

    12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

    Egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы:

    1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото;

    3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

    4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

    6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса);

    7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST) сертификат;

    8) түйіндеме.

    Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.

    Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

    10) Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    11) ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары: 354327

    Электрондық пошта [email protected]

    Жүктеу
    28a695c0030d9b7753c06547559ae53e_original.47272.docx
    DOCX · 46 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Құжат

    Қазақстанда этносаралық өшпенділік тілін жеңуге арналған этика кодексі

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған бюджетті түзету

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған бюджетті түзету

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған бюджетті түзету

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған бюджетті түзету

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    2026-2028 жылдарға арналған бюджетті түзету

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    Бюджетті түзету 2026-2028 жылдар

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды:
    Бюджет

    Бюджетті түзету 2026-2028 жылдарға

    Атырау облысының Білім беру басқармасыЖарияланды: