Жаднама 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларация

    "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" ММ

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны:

    1. ҚРазаматтары, жеке тұлғалар – резиденттер есепті салық кезеңі ішінде мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда ұсынады:

    - мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

    - банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;

    - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталындағы (акционерлік қоғамдар акцияларының) үлесі 10%-дан астам болатын заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары;

    - жекеше практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);

    - өз бетінше салық салуға жататын кірістер алған адамдар (мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; шетелдік банктік шоттар бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен операциялардан түсетін кірістер; төлем көзінде салық ұсталмаған өзге де кірістер), ЖК қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда;

    - егер олардың шетелдік банктердегі шоттарындағы ақша қаражатының жиынтық сомасы 1000 АЕК-тен асатын болса, шетелдік банктердегі шоттарында ақша қаражаты бар адамдар;

    - шетелде активтері бар адамдар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ТҚҚ, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлес, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі);

    - меншігінде цифрлық активтері бар адамдар;

    - есепті салық кезеңі ішінде құны 20 000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын мүлікті, оның ішінде ҚР-дан тыс жерлерде мүлік сатып алған адамдар (мысалы: 2025 ж. – 78 640 000 тг.);

    - салық агентіне өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініш берген адамдар.

    1. Азаматтығы жоқ шетелдіктер немесе резидент еместер болып табылатын адамдар мынадай талаптардың бірі болған жағдайда кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынады:

    - есепті салық кезеңінде ҚР-дағы көздерден жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістер алған;

    - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті жүктелген адамдар болған.

    Есепті салық кезеңінде жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістерден жеке табыс салығын төлеу міндеттемесі туындаған жағдайда, мұндай тұлғаның жеке табыс салығын төлеуі осы Кодекстің 641-бабының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

    Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімі: есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей, тұрғылықты жері бойынша.

    Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:

    Электрондық түрде: салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.kgd.gov.kz, knp.kgd.gov.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы.

    Қағаз жеткізгіште: мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен; ХҚКО арқылы;

    пошта арқылы тапсырыс хатпен.

    Кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер:

    - жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер ( мүлікті жалға беруден, жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, бағалы қағаздарды, цифрлық активтерді сатудан түсетін кірістер, шетелден түсетін кірістер және т.б.), ЖК кәсіпкерлік қызметтен түсетін, декларациялауға жататын кірістерін қоспағанда;

    - салықтық шегерімдер;

    - ҚР-дан тыс жерлерде мүлікті, оның ішінде өтеусіз негізде сатып алу/иеліктен шығару (жылжымайтын мүлік, көлік, жер және жер учаскелері, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, ТҚҚ, алтын, тұрғын үйдегі үлес және т.б.);

    - ЖТС бойынша артық төленген соманы есепке жатқызу және қайтару;

    - шетелдік банктердегі шоттардағы жиынтық сомасы 1000 АЕК-тен асатын ақша қаражаты (ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес шектеуді қабылдаған жеке тұлғалар банктік салым сомасына қарамастан шетелдік банктерде ақша қаражатының бар екендігі туралы ақпаратты көрсетеді);

    - есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шетелдегі мүлік (жылжымайтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі);

    - басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы дебиторлық/кредиторлық берешегі және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (растайтын құжаттарды қоса бере отырып):

    - жеке тұлғалар арасында – 15 қыркүйекке дейін нотариат куәландырған шарт (мәміле, келісім) болған жағдайда;

    - жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) жеке кәсіпкер, оның ішінде резидент емес болып табылатын жеке кәсіпкер арасында – салыстыру актісі және АҚС шарт болған жағдайда;

    - заңды күшіне енген сот шешімімен расталған берешек.

    Қоса берілген құжаттармен расталмаған берешек нөлге тең деп есептеледі.

    - есепті салық кезеңі ішінде мүлікті сатып алу/иеліктен шығару, сондай-ақ сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері, оның ішінде ҚР-дан тыс жерлерде (жылжымайтын мүлік, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, туынды қаржы құралдары, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі) мынадай тұлғалармен көрсетіледі:

    мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;

    банктің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;

    квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталындағы үлесі 10%-дан астам болатын заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;

    есепті салық кезеңі ішінде құны 20 000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын мүлікті сатып алған адамдар.

    Жүктеу
    Памятка Декларация о доходах и имуществе формы 270.00
    Памятка Декларация о доходах и имуществе формы 270.00
    DOCX · 24 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,09 трлн теңгеге жетті

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 шілдесіне 28,09 трлн теңгеболды. 12 айдағы өсім – 4,08 трлн теңгенемесе 17,0%. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейн...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне[1] енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельд...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

    Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елдерде әлдеқашан қалыптасқан тәжірибе. Зейнетақы жинақтарын өзінің қартайған кездегі әл-ауқа...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қарабалық ауданының жергілікті атқарушы органдарындағы бос лауазымдар 05.08.2026 ж.

    № Лауазымның толық атауы Бос орындар саны 1 Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары 1 бос орын 2 Қарабалық ауданы әкімінің көмекшісі 1 бос орын 3 «Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай кадр қызметі қызметкерлерінің тізімі

    № Аты-жөні (толық) Лауазымы Жұмыс телефон нөмірі Қызметтік электрондық поштасы 1 Елена Альбаевна Абденова Бірыңғай кадрлық қызметтің басшысы 8-71441-79000 [email protected] 2 Ольга Николаевна Свиркович Бірыңғай...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Қарабалық аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 237 «Қарабалық ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін» шешім жобасына баспасөз-релизі

    Қарабалық аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 237 «Қарабалық ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін» шешім жобасы Қазақстан Республикасы...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    2026 жылғы III тоқсанға арналған «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі

    А.Ж.Т. Лауазым Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты қызметтік телефон нөмірі Мекен жайы Арна Лауазұлы Уалиев Бөлім басшысы Әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 10-нан 13-ге дейін 7-90-25 Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі,...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайы

    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфел...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды: