Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,09 трлн теңгеге жетті

    "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" ММ

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 шілдесіне 28,09 трлн теңге болды. 12 айдағы өсім – 4,08 трлн теңге немесе 17,0%. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан. Жарнаның бұл түрінің есепті күндегі көлемі – 26,15 трлн теңге, 12 айда 3,30 трлн теңгеге немесе 14,4% өсті.

    Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 10,7%-ға ұлғайып, 756,08 млрд теңгеге жетті. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 шілдеге оның көлемі 10,31 млрд теңге болып, 12 айда 18,1% өсім көрсетті.

    Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 шілдесіне 1 175,22млрд теңге болды.

    Түсімдер

    Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 6 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 811,42млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,0%-ға (немесе 235,96 млрд теңгеге) артық.

    МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 шілдеге дейін 1 390,48 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,4%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 75,43 млрд теңге (өсім – 11,1%), ЕЗЖ – 1,04 млн теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.07.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 344,47 млрд теңгені құрады.

    Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.07.2026ж. жағдай бойынша 1 151,22 млрд теңгені құрады.

    Төлемдер мен аударымдар

    2026 жылғы қаңтар-маусым айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 932,09млрд теңгені құрады.

    Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 146,63 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 979 теңге.

    2026 жылдың басынан бастап 01.07.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 408,11 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 55,48 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 22,59 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,77 млрд теңге, жерлеуге – 4,73 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 292,78 млрд теңге аударылды.

    ЖЗШ саны

    2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,78 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,11 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 шілдесінде 12,80 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,36 млн - МЗЖ бойынша, 786,27 мыңы - МКЗЖ бойынша, 462,40 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,36 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

    БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,97 млн бірлік.

    Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    Пенсионные накопления казахстанцев достигли 28,09 трлн теңге
    Пенсионные накопления казахстанцев достигли 28,09 трлн теңге
    DOCX · 65 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Нұсқаулық

    Жаднама 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларация

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастапкірістер мен мүлік туралы декларацияны: ҚРазаматтары, жеке тұлғалар – резиденттер есепті салық кезеңі ішінде мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда ұсынады: - мемлекеттік қызметшіл...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне[1] енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельд...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

    Қазақстанда азаматтардың лайықты зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты саналы көзқарасы жыл санап дамып келеді. Бұл үрдіс басқа елдерде әлдеқашан қалыптасқан тәжірибе. Зейнетақы жинақтарын өзінің қартайған кездегі әл-ауқа...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қарабалық ауданының жергілікті атқарушы органдарындағы бос лауазымдар 05.08.2026 ж.

    № Лауазымның толық атауы Бос орындар саны 1 Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары 1 бос орын 2 Қарабалық ауданы әкімінің көмекшісі 1 бос орын 3 «Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай кадр қызметі қызметкерлерінің тізімі

    № Аты-жөні (толық) Лауазымы Жұмыс телефон нөмірі Қызметтік электрондық поштасы 1 Елена Альбаевна Абденова Бірыңғай кадрлық қызметтің басшысы 8-71441-79000 [email protected] 2 Ольга Николаевна Свиркович Бірыңғай...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Қарабалық аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 237 «Қарабалық ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін» шешім жобасына баспасөз-релизі

    Қарабалық аудандық мәслихатының «Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 237 «Қарабалық ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін» шешім жобасы Қазақстан Республикасы...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Кесте

    2026 жылғы III тоқсанға арналған «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі

    А.Ж.Т. Лауазым Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты қызметтік телефон нөмірі Мекен жайы Арна Лауазұлы Уалиев Бөлім басшысы Әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 10-нан 13-ге дейін 7-90-25 Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі,...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайы

    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфел...

    Қарабалық ауданының әкімдігіЖарияланды: