«Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 537 бұйрығы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

    «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы№ 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 537 бұйрығы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16549 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидалары, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимінде:

    2-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Кедендік бақылаудың тұрақты аймақтарынан тыс жерлерде тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды, жүк және өзге де операциялар жасауды жүзеге асыру мақсатында аумақтық органның лауазымды тұлғасының қызметтік жазбасы, оның ішінде еркін түрде жасалған мүдделі тұлғаның өтініші негізінде астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – аумақтық орган) басшылары немесе оның орынбасарлары уақытша кедендік бақылау аймағын құру туралы шешім қабылдайды.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, ашық және жабық типті кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарда:

    4-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7) Қоймада тұрған тауарлар туралы есептілікте қамтылған мәліметтерді астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрде беру және Қоймадағы тауарларды шығару туралы мәліметтерді аумақтық органдардан электрондық түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, олардың құрылу мен жұмыс істеу қағидаларында:

    1-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. БСД қызметін тоқтатқан кезде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетел тауарларына қолданылатын кедендік рәсіммен орналастыруға, ал Еуразиялық экономикалық одақтың
    тауарлары – экспорттың кедендік рәсімімен орналастыруға немесе астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі – аумақтық орган) басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық органның басшысы орынбасарының тиісті шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннің ішінде БСД-нен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкетілуге жатады.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларында:

    4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. БСД-дағы тауарлар Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 110 және 111-баптарына сәйкес міндетті түрде
    бақылау-касса машиналарын қолдана отырып, сондай-ақ Салық кодексінің 207, 208 және 209-баптарына сәйкес шот-фактураны жазып беруге қойылатын талаптарды сақтай отырып өткізіледі.»;

    6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Тауарлар БСД қоймасында астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының қатысуымен немесе келісімімен орналастырылады.».

    1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
    2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде12.08.2026ж.№39571 болыптіркелді.

    Жүктеу
    Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 августа 2026 года № 537 «О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 280 «О некоторых вопросах временных зон таможенного контроля, мест временного хранения и магазинов беспошлинной торговли»
    Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 августа 2026 года № 537 «О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 280 «О некоторых вопросах временных зон таможенного контроля, мест временного хранения и магазинов беспошлинной торговли»
    DOCX · 95 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    2026 жылғы 1 қыркүйекке арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы 1 қыркүйекке арналған жергiлiктi бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы 1 қыркүйекке арналған мемлекеттiк бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы 1 қыркүйекке арналған жағдай бойынша басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы 1 қыркүйекке арналған жағдай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің, нысаналы даму трансферттерінің іске асырылуы туралы талдамалы есеп

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Бюджет

    ҚР ҚМ Азаматтық бюджеті 2027-2029 жылдарға (қалыптастыру)

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Бұйрық

    "Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 20 тамыздағы № 556 бұйрығы

    «Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН: «Бюджеттік есепті...

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды:
    Есеп

    Статистикалық бюллетень 2026 жылғы 1 тамыздағы

    ҚР Қаржы министрлігіЖарияланды: