Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Құжаттың әсеріне скрининг жүргізуге бастамашылық жасау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға — Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне келесі құжаттар (бұдан әрі — СЭӘ материалдары) жіберілді.
- Іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын Құжаттың жобасы - «Жамбыл облысы Меркі ауданының Қызылсай ауылының даму және құрылыс салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының жеңілдетілген нұсқасы). Түзету.» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба;
- Құжатты іске асыру жоспарланып отырған аумақтың сипаттамасы;
- «Ақтөбе облысы Мерке ауданы Қызылсай ауылының бас жоспары. Түзету» жобасын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы.
СЭӘ материалдарын әзірлеуші: «Қолдау» ЖШС.
СЭӘ материалдарының тапсырыс берушісі: «Жамбыл облысы Мерке ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ.
СЭӘ әзірлеуге жауапты: Жамбыл облысының әкімдігі.
СЭӘ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 14 тамыздан 27 тамызына дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 11 тамыз).
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
Жобаларды іске асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер мүмкін болса, бұл қандай әсерлер және неліктен оларды айтарлықтай деп есептейсіз?
Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тиетін қандай әсерлерді зерттеу қажет және неліктен?
Сіз СЭӘ жүргізуді қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неліктен?
Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты басқа да ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2040 жыл.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті.
Тел: 8 (7172) 74-02-83, 74-13-83.
e-mail: [email protected], [email protected].
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Кеңсесінің электрондық поштасына электронды түрде жіберуге болады: [email protected]
Құжаттарыңыздың Кеңсеге түскенін +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭӘ бойынша материалдар келесі сілтемелерде орналастырылған:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі - «Негізгі құжаттар» бөлімі - «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
Жамбыл облысы Мерке ауданы әкімдігінің сайтында.