«Жылыту орталығы» ЖШС
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерінің лауазымдық нұсқаулығы
Үштөбе 2023 ж.
Комплаенс-офицерінің лауазымдық нұсқаулығы
1.1. Комплаенс-офицер директордың бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
1.2. Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде комплаенс-қызмет басшысына бағынады.
1.3. Комплаенс-офицер білуі тиіс:
1.3.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, оның ішінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер.
1.3.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қолданыстағы азаматтық, қаржылық, әкімшілік, Еңбек, қылмыстық құқықты, сондай-ақ заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасы.
1.3.3. Ішкі еңбек тәртібінің ережелері.
1.3.4. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары.
1.4. Комплаенс-офицер офистік компьютерлік бағдарламаларды және ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдыларына ие болуы тиіс.
1.5. Іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу этикасы мен психологиясы.
1.6. Комплаенс-офицердің біліктілігіне қойылатын талаптар: Жоғары және арнаулы орта білім, жұмыс өтілі кемінде бір жыл.
ІІ. Лауазымдық міндеттері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке мынадай функцияларды жүктеу ұсынылады:
2.1. квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу;
2.2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттар мен саясатты әзірлеу және жаңарту;
2.3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
2.4. мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингтеу және реттеу бойынша шаралар қабылдау;
2.5. квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді Заңға сәйкес сақтауы тұрғысынан мониторинг жүргізу;
2.6. корпоративтік әдеп құндылықтарын дамыту;
2.7. квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік Әдеп кодексін (болған кезде) сақтауын бақылау;
2.8. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес азаматтық және бизнес-қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
2.9. сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы ақпаратты жария ашуды қамтамасыз ету;
2.10. сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу және/немесе оларға қатысу;
2.11. квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
2.12. квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жәрдем көрсету;
2.13. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерді мониторингтеу және талдау;
2.14. квазимемлекеттік сектор субъектісі жасасатын азаматтық-құқықтық шарттарға, оның ішінде сатып алу туралы шарттарға шарт тараптарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, іскерлік әдеп пен парасаттылықтың нормаларын, адал бәсекелестік қағидаттарын міндетті түрде сақтауын көздейтін ережелерді қосуды қамтамасыз ету.
ІІІ. Құқық
3.1. Комплаенс-офицердің құқығы бар:
3.1.1. Оның құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындау сапасын бағалау өлшемшарттарын айқындайтын құжаттармен танысуға құқығы бар.
3.1.2. Қызметкерлерден өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті анықтамаларды, есептерді, қорытындыларды, түсініктемелерді және басқа материалдарды уақтылы ұсынуды сұрау және бақылау.
3.1.3. ЖШС-дегі құрылымдық бөлімшелерінде қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және жергілікті нормативтік актілердің сақталуын тексеру.
3.1.4. Ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерді талқылау кезінде компания басшылығы өткізетін отырыстарға, жиналыстарға қатысу.
3.1.5. Өз бастамасы бойынша немесе ЖШС қызметкерлері мен клиенттерінің өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеулер жүргізу.
3.1.6. Басшылықтан өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындау үшін өзіне қажетті ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларды қамтамасыз етуді талап ету.
3.1.7. Басшылықтың қарауына өзіне осы Нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді орындауға байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
ІV. Жауапкершілік
4.1. Комплаенс-офицер тәртіптік және материалдық жауаптылықта болады:
4.1.1. Кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібі ережелерін, өзінің лауазымдық міндеттерін, басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін орындамау немесе тиісінше орындамау.
4.1.2. Оның кінәсінен келтірілген материалдық залал.
4.1.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және компанияның жергілікті нормативтік актілеріне сәйкес басқа да бұзушылықтар мен теріс қылықтар.
- V. Қорытынды бөлім
5.1. Лауазымдық нұсқаулық ҚР Еңбек кодексінің өзгеруіне, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары тізбесінің өзгеруіне және кәсіпорынның құрылымы мен штат кестесінің өзгеруіне байланысты өзгертілуге және толықтырылуға жатады.
Осы лауазымдық
нұсқаулықпен таныстым: