Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: шұғыл хабарлама№22026ж. 20.07. диагнозы «Көмірқышқыл газымен орташа дәрежеде улану).
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Ақтоғай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Павлодар облысы бойынша РМК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ филиалының санитариялық-гигиеналық зертханасының 2 зертханашысы тартылды.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 21 шілде айынан 2026 жылғы 7 тамыз дейін.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің : «AktogaiMilk» ЖШС фирмасы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: ҚР ДСМ-нің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, өнеркәсіптік ұйымдардың аумақтарындағы атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы» бұйрығының талаптарын бұзу анықталды («AktogaiMilk» ЖШС фирмасы жұмыс аймағында күкіртсутек көрсеткіштерінің ШРК 10 мг/м³ кезінде 12,7 мг/м³ және 13,9 мг/м³-ге дейін жоғарылауы.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «AktogaiMilk» ЖШС фирмасы.
- Қабылданған шаралар: 2026 жылғы 21 шілдедегі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулы, қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерінің бар-жоғын анықтау мақсатында тергеп-тексеру материалдары ҚР ІІМ Павлодар облысы Полиция департаментінің Ақтоғай ауданының полиция бөліміне жолданды.