Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі - 2026 жылғы 7 шілдедегі № 101 шұғыл хабарлама,диагноз: А37 коды.
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Тереңкөл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) - қатыстырылған жоқ
4.Тергеу жүргізу мерзімі - 2026 жылғы 9 шілдеден бастап 2026 жылғы 6 тамызға дейін.
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар - «Тереңкөл аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, дәрігерлік амбулатория, Береговое ауылы, Намазбаев көшесі, 7-үй.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - баланың екі айлық жасында медицина қызметкерлері тарапынан міндетті профилактикалық егуге уақтылы шақырылғаны туралы мәлімет жоқ, бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, сондай-ақ осындай егулер жүргізілетін қағидаларды, мерзімдерді және халық топтарын бекіту туралы» қосымшасының 3-тармағын бұзу болып табылады.
7.Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар - жеке тұлға.
8.Қабылданған шаралар - жеке тұлғаға айыппұл салынды.