Қостанай қалалық мәслихаты кезектен тыс сессиясының
ХАТТАМАСЫ
(сегізінші шақырылым)
Қостанай қаласы 2026 жылғы 23 маусым
Төрағалық еткен: О.К. Байгабулов – Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы.
Қатысқандар: Қостанай қалалық мәслихатының депутаттары (тізімі қоса беріліп отыр).
Күн тәртібі:
- «Қылмыстық жаза мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу бойынша, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеп шыққан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмегін ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 15 наурыздағы № 95 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат: Меруерт Абаевна Танатарова – «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары.
- «Қостанай қаласы әкімді жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 14 маусымдағы № 38 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат: Асем Айткалиевна Туребекова – «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заң қызметінің басшысы.
Дауыс берудің келесі регламенті белгіленді:
Сессияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беруді ұйымдастыру мен дауыстарды есептеуді мәслихат төрағасы жүргізеді. Бірауыздан қабылданды.
«Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды. Дауыс беру сессия күн тәртібінің әр сұрағы бойынша жеке жүргізілді. (Шешімі қоса беріліп отыр).
- Мәслихаттың «Қылмыстық жаза мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу бойынша, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеп шыққан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмегін ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 15 наурыздағы № 95 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды.(Шешімі қоса беріліп отыр).
- Мәслихаттың «Қостанай қаласы әкімді жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 14 маусымдағы № 38 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды.(Шешімі қоса беріліп отыр).
Қостанай қалалық
мәслихатының төрағасы О. Байгабулов
Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы
(сегізінші шақырылымы)
Қостанай қ. 2026 жылғы 23 маусым
Депутаттар тізімі
- Байгабулов Омаргали Кабиевич
- Айтмагамбетова Тоты Абдибековна
- Алпысов Арман Амиржанович
- Дандыбаева Гульфия Тулегеновна
- Жумабаева Гульшат Тогузбаевна
- Исмаилов Арман Оразалиевич
- Костенюк Надежда Владимировна
- Кудайкулова Гульвира Жазитовна
- Султангабиев Кайрат Айтпаевич
- Усенов Ержан Бауржанович
- Федяшин Михаил Павлович
- Юсупова Асия Жумабековна
Қатыспағандар:
- Аймуканов Аралбай Муратович
- Есмагамбетов Арман Бекмуратович
- Жабаева Меруерт Елшибековна
- Сандыбеков Багитбек Назарбекович
- Тулетаев Ерлан Серикович
- Шипилкина Светлана Валерьевна