Қостанай қалалық мәслихаты кезектен тыс сессиясының
ХАТТАМАСЫ
(сегізінші шақырылым)
Қостанай қаласы 2026 жылғы 28 шілде
Төрағалық еткен: О.К. Байгабулов – Қостанай қалалық мәслихаты төрағасы.
Күн тәртібі:
- Қостанай қалалық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін шығып кеткендердің орынына сайлау туралы.
Ақпарат: Айжана Эрбулановна Тлеугалеева – «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімінің басшысы.
- «Қостанай қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 208 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Ақпарат: Наталья Николаевна Турлубекова – «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Дауыс берудің келесі регламенті белгіленді:
Сессияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беруді ұйымдастыру мен дауыстарды есептеуді мәслихат төрағасы жүргізеді. Бірауыздан қабылданды.
«Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды. Дауыс беру сессия күн тәртібінің әр сұрағы бойынша жеке жүргізілді. (Шешімі қоса беріліп отыр).
- А.Э. Тлеугалеева тыңдалды:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес сайлау комиссияларын құрайтын органдар сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.
Қостанай облысы аумақтық сайлау комиссиясының және Қостанай қаласы аумақтық сайлау комиссиясының қаулыларымен 25 мүше, оның ішінде 2 мүше Қостанай қалалық комиссиясының және 23 мүше учаскелік сайлау комиссиясының міндеттерінен босатылды.
Қостанай қалалық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ақпарат 7 шілдеде Қостанай қалалық мәслихатының ресми интернет-ресурсында Қостанай қалалық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі ақпарат 7 шілдеде Қостанай қалалық мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастырылды және Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерге Қостанай қалалық, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар беру туралы жүгінді.
Белгіленген мерзімде Қостанай қалалық, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидатуралар партия филиалдары мен 4 қоғамдық бірлестік ұсынылды.
Барлық ұсынылған кандидатуралар қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан қаралды.
«Қостанай қалалық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін шығып кеткендердің орынына сайлау туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды.(Шешімі қоса беріліп отыр).
- Н.Н. Турлубекова тыңдалды:
Тұрақты комиссиялардың отырысында біз енгізілетін өзгерістер жобасын егжей-тегжейлі қарастырдық, атап айтқанда, шешімге қосымшаны жаңа редакцияда жазуды сұраймыз. Енгізілетін өзгерістер іске асыру жоспарланып отырған бес жаңа инвестициялық жобаның қосылуына байланысты.
«Қостанай қаласының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 208 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды.(Шешімі қоса беріліп отыр).
Қостанай қалалық
мәслихатының төрағасы О. Байгабулов
Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы
(сегізінші шақырылымы)
Қостанай қ. 2026 жылғы 28 шілде
Депутаттар тізімі
- Байгабулов Омаргали Кабиевич
- Айтмагамбетова Тоты Абдибековна
- Алпысов Арман Амиржанович
- Есмагамбетов Арман Бекмуратович
- Жумабаева Гульшат Тогузбаевна
- Исмаилов Арман Оразалиевич
- Кудайкулова Гульвира Жазитовна
- Сандыбеков Багитбек Назарбекович
- Султангабиев Кайрат Айтпаевич
- Тулетаев Ерлан Серикович
- Федяшин Михаил Павлович
- Шипилкина Светлана Валерьевна
- Юсупова Асия Жумабековна
Қатыспағандар:
- Аймуканов Аралбай Муратович
- Дандыбаева Гульфия Тулегеновна
- Жабаева Меруерт Елшибековна
- Костенюк Надежда Владимировна
- Усенов Ержан Бауржанович