Ұйғырауданының аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 08қаңтардағы №1«Ұйғырауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 24 сәуірдегі көшпелі кеңесі хаттамасының 1.6-тармағын орындау мақсатында Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 08 қаңтардағы № 1 «Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің функционалдық міндеттерін бекіту туралы» қаулының қосымшасына сайлау комиссия төрағасы орынбасарының функционалдық міндеттеріне мынадай толықтыру енгізілсін:
«-Электоралдық науқандар кезеңінде сайлаушыларға дербес шақыруларды тиісті түрде табыстауды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет үшін дербес жауапты болады».
- Осы қаулы Ұйғыр ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
ТөрағаЕ.Манапов
ХатшыР.Максатов
Шонжы ауылы,
2026 жылғы 03 тамыз
№ 14