«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.08-14.08.2026
1 кезеңге жіберу: 13.08-14.08.2026
2 кезеңге жіберу: 17.08.2026
Практикалық баға: 18.08.2026
Анықтама телефоны: 87164221855
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)Блок В, грейд 2
Лауазым атауы:
Егіндікөл ауданы әкімі аппараты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу
бөлімінің бас маманы
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы есептеуді жүзеге асыру, еңбекақы қорының қаражатына бақылау жасау. Еңбекақы қорының баласын бақылау, барлық салық, алымдар бойынша төлемдерге есептеулер жүргізу. Бухгалтерлік операцияларды тіркеу және оларды есептіліктің тиісті нысандарына енгізу. Мекеме активтері, еңбек құралдары және өндіріс процесінде қолданылатын, түпкілікті өнім құнының өзгеруіне тікелей ықпал ететін өзге де материалдық құндылықтар айналымына есеп жүргізу, есептен шығару және есептілік жүргізуді бақылау. Мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік сатып алу үдерісін ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу бойынша жылдық жоспарларды орналастыру. Ұйымда электрондық сатып алуды бір көзден тікелей жасау жолымен конкурстар өткізу, баға ұсынымдарын сұрау. Мемлекеттік сатып алу көлемін құрастыру және нақтылау. Мемлекеттік сатып алу бойынша шарттар жасау. Мемлекеттік сатып алу өткізу кезінде бюджет қаражатын тиімді жұмсау. Мемлекеттік мекемелерде қаржыландыруды жоспарлау және жоспарларды орындауды жүзеге асыру. Бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалар, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын құрастыру және оларға өзгерістер енгізу. Жергілікті бюджеттің бақылау шоты мен жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшасының түсімі мен жұмсалуын бақылау. Мемлекеттік мекемелерде бастапқы қаржылық құжаттамаларды рәсімдеу және таратып жазу. Бас журнал кітабын құрастыру. Аудандық Қазынашылық басқармасы арқылы жүргізілетін операцияларға есеп жүргізу. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі..
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5470372242