Оралдан Мәскеуге: жаңа бағыт, жаңа әуе тасымалдаушы

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

    2026 жылғы 27 қазаннан бастап Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайынан Мәскеуге тікелей әуе рейстері орындала бастайды. Жаңа бағытта Орал әуежайы үшін жаңа әуе тасымалдаушы — Nordwind әуе компаниясы қызмет көрсетеді.

    Жаңа бағыттың ашылуы әуежайдың жолаушылар үшін әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейту және маршруттық желіні дамыту бағытындағы жұмысының бір бөлігі. Өңір тұрғындары Мәскеумен тікелей әуе қатынасын ашу қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. Енді жолаушылар Ресей астанасына тікелей ұшудың ыңғайлы мүмкіндігіне ие болады.

    Рейстер күзгі-қысқы навигация кезеңі бойы аптасына екі рет — сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар 189 жолаушыға арналған Boeing 737-800 әуе кемелерімен жүзеге асырылады. Әуе билеттері сатылымға шығарылды.

    Жаңа бағыт жолаушыларға жол жүру уақытын үнемдеуге, сапар үшін қолайлы күндерді таңдауға және саяхатты икемді жоспарлауға мүмкіндік береді. Мәскеу — ірі авиациялық тораптардың бірі. Бұл жолаушыларға Ресейдің басқа қалаларына және өзге де бағыттарға әрі қарай ұшу үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

    Орал халықаралық әуежайы жолаушылардың қажеттіліктері мен ұсыныстарын ескере отырып, өңірдегі әуе қатынасын барынша қолжетімді әрі ыңғайлы ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Жаңа бағыттың ашылуы және жаңа әуе тасымалдаушының келуі — осы жұмыстың тағы бір нәтижесі.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ҚҰРМЕТТІ ЖОЛАУШЫЛАР!

    2026 жылғы 26 қыркүйектен бастап теміржол көпіріндегі жөндеу жұмыстарының басталуына байланыстыОрал-Шыңғырлау бағытындағы№ 6874/6873 қала маңындағы пойызының қозғалыс кестесі өзгеретінін хабарлаймыз. Жұп күндеріпойыз Ора...

    Ақпарат

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

    «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) 21.10.2026 жылғы сағат 15:00-де Орал қ., Х.Чурин көшесі, 116, 218-бөлме мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды...

    Ақпарат

    Тайпақ, Жаңақала, Қаратөбе ауылы тұрғындарының және қонақтарының назарына!

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Орал-Тайпақ», «Орал-Жаңақала», «Орал-Қаратөбе» бағыты бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын «Қазақстан Елім» ЖШС-ның 2026 жылғы 1 қыр...

    Ақпарат

    2026 жылғы 14-16 қазан аралығында Астана қаласында, EXPO Халықаралық көрме орталығында «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі – TransLogistica Kazakhstan 2026 өтеді

    📢 2026 жылғы 14-16 қазан аралығында Астана қаласында, EXPO Халықаралық көрме орталығында «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі – TransLogistica Kazakhstan 2026 өтеді. Көрме салалық шешімдердің толық кешенін ұсынады...

    Ақпарат

    Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Ақпарат

    "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама

    Қағида

    Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

    Ақпарат

    Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және олардың агломерацияларын қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы