БҰЙЫРАМЫН:
- Жеке тұлғалардың мүлкі мен көлік құралдарына салық жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 500 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36879 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке тұлғалардың мүлкі мен көлік құралдарына салынатын салықтарды, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақыны жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»;
1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері осы бұйырыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |