Көксу ауданының елді мекендегісалық салу объектісінің орналасқан жерінескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 600-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына және 2025 жылғы 17 қазандағы аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы № 517/НҚ бұйрығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентi (К айм.)осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- 2.Көксу ауданы әкімдігінің Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» 2025 жылғы 03 шілдедегі №252 қаулысының ( ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 09.07.2025) күші жойылды деп танылсын;
- 3. «Көксу ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялансын;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Көксу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекші ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- 5. Осы қаулы 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Д.Халелов |