ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    Көксу ауданының әкімдігі

    Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді.

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы.

    Жылдар аралығында 558ҮЕҰ сыйлықақы иегерлері атанды (2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63 ҮЕҰ, 2019 жылы – 63 ҮЕҰ, 2020 жылы – 38 ҮЕҰ, 2021 жылы-64 ҮЕҰ, 2022 жылы – 54 ҮЕҰ, 2023 жылы – 79 ҮЕҰ, 2024 жылы – 66 ҮЕҰ, 2025жылы – 72 ҮЕҰ).

    ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы келесі 16 маңызды сала бойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы»Заңның 5-бабына сәйкес)https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_ ):

    1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;

    2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

    3) қоршаған ортаны қорғау;

    4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

    5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

    6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

    7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;

    8) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

    9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

    10) мәдениет пен өнерді дамыту;

    11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;

    12) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;

    13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;

    14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

    15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;

    16) волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау.

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
    2026жылғы1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін(қоса алғанда) ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы конкурсына өтінімдер қабылдауды жүргізеді (сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықтарды беру қағидалары негізінде беріледіhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041 ).

    Конкурсқа қатысуғакелесі ҮЕҰ-ларжіберіледі:

    - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген ҮЕҰ;

    - 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы ұсынған ҮЕҰ;

    - Соңғы үш жылда сыйлық иегерлері болып табылмайтын ҮЕҰ.

    Конкурсқа қатысуға жіберілмейтін ҮЕҰ-лар:

    - үкіметтік емес ұйымның филиалдары немесе өкілдіктері;

    - 2025 жылдың қортытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған ҮЕҰ;

    - соңғы 3 (үш) жыл ішінде сыйлықақы алған ҮЕҰ.

    Конкурсқақатысу үшін құжаттар тізбесі мыналарды қамтиды:

    1) Қағидаларға1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;

    2) осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;

    3) осы Қағидаларға3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);

    4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылғансалабойынша іске асырылған жобаларды жәнебірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);

    5) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

    6) үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);

    7) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;

    8)әлуметтік желілердегі парақшаға сілтеме (болған жағдайда).

    Ескерту: төменде сыйлықақыға өтінім беруге арналған қосымшалардың нысандары қоса беріледі.

    Сыйлықақы алуға ҮЕҰ өтінімдері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне 1 шілдеден1қыркүйекке дейін (Астана қаласы уақытымен сағат 18:30-ға дейін) premiya2026@cisc.kz (PDF форматында) электрондық мекенжай арқылы жолданады немесе қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда DOC, DOCX, PDF форматында) қолма-қол Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжай бойынша жолдауға болады.

    Өтінімді Сізге ыңғайлы тілде тапсыруға болады (қазақ немесе орыс тілдерінде).

    ҮЕҰ-ныңөтінімдеріекі кезеңменқаралады:

    - бірінші кезеңде сараптамалық қоғамдастық, ҮЕҰ өкілдерінен тұратын жұмыс тобы тиісті салалар бойынша сыйлықақы алуға ізденушілердің өтінімдерін зерделейді және бағалайды;

    - өтінімнің екінші кезеңінде Комиссия жұмыс тобының бағалауы негізінде шешім қабылдайды.

    Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.

    Жүктеу
    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО
    DOCX · 27 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы

    Көксу ауданының елді мекендегісалық салу объектісінің орналасқан жерінескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 600-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы же...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтар...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

    БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың зейнетақы жинақтарыменне болмақ? Олардың сақталуына кепілдік беріле ме? Бұл кепілдік немен қамтамасыз етіледі? Әлеу...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2014 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары үшін 11,15 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс алынды

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) бастап жинақталған ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық табыс 11,15 трлн теңгеден асты. Оның салымшылардың (алушылард...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,09 трлн теңгеге жетті

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 шілдесіне 28,09трлн теңгеболды.12 айдағы өсім – 4,08трлн теңгенемесе 17,0%. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнета...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайы

    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфел...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады. Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтар...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру жөніндегі 1-лек қатысушылары бойынша комиссия отырысының 2026 жылғы 21 шілдедегі № 1 хаттамасы

    Құжатта жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға өтеусіз мемлекеттік гранттар беру бойынша 1-лек қатысушыларының өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 21 шілдедегі №1 отырысының хаттамасы қамтылған. Хаттамада конк...

    Көксу ауданының әкімдігіЖарияланды: