Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

    Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    №

    Меморган

    Жиі қойылатын сұрақ

    Қысқаша жауап

    Толық жауап

    НҚА-ға сілтеме

    Кілт сөздер және хештегтер

    1

    "Түркістан облысыныңтабиғи ресурстар жәнетабиғат пайдаланудыреттеу басқармасы"ММ

    Экологиялық жобаларға қатысты қоғамдық тыңдаулар қандай нысанда өткізіледі

    Экологиялық жобаға қатысты қоғамдық тыңдаулар ашық жиналыстар нысанында және жария талқылаулар нысанында өткізіледі.

    Қоғамдық тыңдаулар өткізу тәртібі Қоғамдық тыңдаулар қағидасында (әрі қарай – Қағида) (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы №286 бұйрығы) айқындалған. Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидасының 2 және 4 тарауларына сәйкес, қоғамдық тындаулар ашық жиналыстар нысанында және жария талқылаулар нысанында өткізіледі.

    «Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы»

    Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығы.

    Қоғамдық тыңдаулар

    2

    Акваөсіруді дамыту үшін субсидия қалай беріледі?

    Балық өнімін алдыңғы жылдың төртінші тоқсанында және/немесе ағымдағы жылы өндіру көлемінің расталуы арқылы

    субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдайтын және өңдейтін ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде тауар өндірушінің (көрсетілетін қызметті алушының) балық өнімін алдыңғы жылдың төртінші тоқсанында және/немесе ағымдағы жылы өндіру көлемінің расталуы негізінде.

    Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына сәйкес.

    Субсидия

    3

    Түркістан облысының елді-мекендерінде ағаштардың кесілуі қандай тәртіппен жүзеге асырылады?

    Түркістан облысының мәслихатының 2023 жылғы 10 шілдедегі №4/50-VIII шешімімен бекітілген «Түркістан облысы елді-мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидасымен» жүзеге асырылады.

    Түркістан облысының елді-мекендерінде ағаштардың кесілуі Түркістан облысының мәслихатының 2023 жылғы 10 шілдедегі №4/50-VIII шешімімен бекітілген «Түркістан облысы елді-мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидасының» 38. Ағаштарды кесу:

    2) инженерлік абаттандыру объектілеріне қызмет көрсету, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларды;

    3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;

    42. Ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу фактісі авариялық-құтқару қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, кейін уәкілетті органға мәжбүрлі түрде кескен сәттен бастап үш жұмыс күн ішінде хабарланады;

    44. Ағаштарды кесу Рұқсат беру туралы заңға сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша, Жасыл екпелер тізіліміне сәйкес ағаштардың сандық, тұқымдық құрамын, жай-күйі мен орналасқан жерін дәл анықтау үшін уәкілетті орган маманының алдын ала ағашты кескен жерге баруы және Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісін толтыруы арқылы жүзеге асырылады;

    50. Жеке және заңды тұлғалар өз қаражатына жасыл екпелерді отырғызуды жүзеге асырғаннан кейін орындалған іс-шаралар туралы деректерді береді, ал уәкілетті орган жасыл екпелерді қабылдайды және оларды Жасыл екпелерді есепке алу жөніндегі тізілімге енгізеді;

    55. Ағаштарды кесуге рұқсат алған кезде қалпына келтірілетін ағаштарды олардың мүддесі үшін кесу жүргізілген азаматтардың және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен он есе мөлшерде өтемдік отырғызу жүргізіледі.

    Өсімдіктер дүниесі туралы

    (Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ)

    Өсімдіктер дүниесін қорғау

    4

    Мемлекеттік орман қоры жерінде мал жаюға уақытша пайдалануға жер алу

    Орман билеттерін алуға тиісті құжаттарды тапсыру және салық төлемдерін жасау арқылы 1 жыл көлемінде мал жаюға орман билетін алады

    Мемлекеттік орман қоры жерлерінен шектеулі шаруашылық үшін бөлінген жер телімдері жеке немесе заңды тұлғаларға олар тиісті құжаттарды тапсырғанда және салық төлемдерін жасағанда 1 жыл көлемінде мал жаюға (шөп оруға немесе бал арасын өсіруге) орман билеті беріледі

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы 18-02/909 бұйрығына сәйкес

    Мемлекеттік орман қоры жерлерін қысқа және ұзақ мерзімге пайдалану, Орман билеттері

    5

    Мемлекеттік орман қоры жерлерінен пайдалы қазбалар өндіру; мемлекеттік орман қоры жерлерін туристік-рекреациялық мақсатта пайдалану

    Мемлекеттік орман қоры жерлерін басқа санатқа ауыстырмай пайдалануға беру; Мемлекеттік орман қоры жерлерінде туристік-рекреациялық мақсатта пайдалануға алу арқылы демалыс орындарын салу және жергілікті жерде туризмді дамыту

    Орман кодексінің 54 бабы 1 тармағына сәйкес, Мемлекеттiк орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргiзу, кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау, егер бұл үшiн мемлекеттiк орман қорының жерiн басқа жер санаттарына ауыстыру және (немесе) оларды алып қою қажет болмаса, тиісті экологиялық рұқсат не мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi органмен келiсу бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

    МОҚ жерлерінде туристік-рекреациялық мақсатта пайдалануға өтінімдер беріп, жарияланған лоттар бойынша конкурстық негізде жерді қысқа және ұзақ мерзімді пайдалануға алып, келісімшарттар негізінде демалыс орындарын құруға болады.

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477 Кодексі

    Жер қойнауын пайдалану; Туризмді дамыту

    Жүктеу
    Материалы
    Материалы
    PDF · 669 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    «ХАМРО-АТА» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі қоғамдық тыңдаулар өткізеді

    Орналасқан күні Хабарландыру 07.08.2026 ж. «ХАМРО-АТА» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мақтаарал ауылдық округі, Игілік ауылы, 197 орам, 523 жер телімі мекенжайы бойынша май ө...

    Хабарландыру

    «Integra Construction KZ» ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді

    Орналасқан күні Хабарландыру 07.08.2026 ж. 09.2026 ж., сағат 11:00-де, Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе а.о., Ғ.Мұратбаев е.м., Мамыр к-сі ,82А мекен-жайындағы №64 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында «Дарбаза –...

    Хабарландыру

    «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Созақ сәулет» МКК

    Орналасқан күні Хабарландыру 07.08.2026 ж. Әсер ету туралы есеп

    Хабарландыру

    «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Созақ сәулет» МКК

    Орналасқан күні Хабарландыру 07.08.2026 ж. Әсер ету туралы есеп

    Хабарландыру

    «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Созақ сәулет» МКК

    Орналасқан күні Хабарландыру 07.08.2026 ж. Әсер ету туралы есеп

    Хабарландыру

    «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» ММ

    Орналасқан күні Хабарландыру 07.08.2026 ж. Әсер ету туралы есеп

    Хабарландыру

    «Sulvara Prospera» ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді

    Орналасқан күні Хабарландыру 05.08.2026 ж. «Sulvara Prospera» ЖШС «ҚР Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, 011 орам, №1378 жер учаскесі, индустриялық аймақ аумағында жылына 20 00...

    Хабарландыру

    Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қоғамдық тыңдаулар өткізеді

    Орналасқан күні Хабарландыру 05.08.2026 ж. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ «Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдер ауылын...