АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Құрметті респонденттер!
Статистикалық ақпараттың толықтығы мен уақтылы қалыптастырылуын қамтамасыз ету мақсатында статистикалық есептілікті белгіленген нысандар мен мерзімдерге сәйкес уақтылы ұсыну қажеттігін ескертеміз.
Автомобиль көлігі саласында қызметін жүзеге асыратын субъектілерден қажетті статистикалық есептерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде статистика органдарына ұсынуды сұраймыз.
Статистикалық есептілікті уақтылы ұсыну өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы дұрыс әрі сапалы статистикалық ақпарат қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Статистикалық есептерді ұсыну мерзімдеріне назар аударып, есептілікті уақытылы тапсыруларыңызды сұраймыз.
Сарқан ауданының әкімдігі